| 
			 Қазақ тілі  | 
			
			 Уақыты:  | 
			
			 Кабинет: №34  | 
			
			 Мұғалім: А.Н.Толеубекова  | 
		|||||||||||||||||||||
| 
			 Сабақтың атауы  | 
			
			 Антонимдер. Антонимдердің ойды анық,әсерлі жеткізудегі мәні  | 
		|||||||||||||||||||||||
| 
			 Сілтеме  | 
			
			 Қазақ тілі оқулығының әдістемесі  | 
		|||||||||||||||||||||||
| 
			 Сабақтың жабдығы  | 
			
			 Тақта,суреттер,кеспе қағаздар  | 
		|||||||||||||||||||||||
| 
			 Жалпы мақсаттар  | 
			
			 Сабақтың мақсаты: Білімділік - антоним сөздерді бір-біріне салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру, Дамытушылық – оқушының білім мен танымын кеңейту және тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін толық жеткізе алуына баулу, ойлау қабілетін арттыру; Тәрбиелік – оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге жетелей отырып, сөз өнерін қадірлей білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, тілдік талдау, топтастыру. Көрнекілігі: оқушылардың таным қабілеттерінің даму деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар, интерактивті тақтада слайдтар. Пәнаралық байланыс: әдебиет.  | 
		|||||||||||||||||||||||
| 
			 Оқыту нәтижесі  | 
		||||||||||||||||||||||||
| 
			 Топқа бөлу  | 
			
			 Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.  | 
		|||||||||||||||||||||||
| 
			 Ынтымақтастық атмосферасы  | 
			
			 «Миға шабуыл». Әр топқа арнайы сұрақтар қоя отырып өткен сабақты еске түсіру: 1. Лексика дегеніміз не? 2.Омонимдердің анықтамасын айт. Мысал келтір. 3.Сіздер күнделікті өмірде омоним және синоним болатын сөздерді қаншалықты жиі қолданасыздар? Омоним мен синоним сөздерге жазып келген өлеңдері мен мақал-мәтелдерін оқыту.  | 
		|||||||||||||||||||||||
| 
			 Үй тапсырмасын сұрау 
  | 
		||||||||||||||||||||||||
| 
			 Мағынаны тану Өзіндік ізденіс – білім негізі. Интерактивті тақтадан биік тау мен аласа таудың суреті, кактус гүлі мен адыраспан шөбін салыстыру арқылы оқушыларға не түсінгендерін және ереже шығару керектігін ескертемін. -Балалар, антоним грек тілінде anti –қарсы, onota - атау дегенді білдіреді. Ендеше сіздер мысалдарға сүйене отырып қандай қорытындыға келдіңдер? - Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздерді антонимдер деп атаймыз. -Балалар, антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды, болымсыздық мағыналар бірдей емес. Оларды былайша салыстырып көруге болады. Тақтаға жазылған мақал-мәтелдерді оқып, антонимдер мен болымды, болымсыздық мәндегі сөздерді табамыз. 
 Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады. 1- топ тапсырмасы: Мағыналық жағынан бір-біріне қарама-қарсы болып келетін тұрақты тіркестерді ойлап жазу. Ит арқасы қиянда – таяқ тастам жер. т.б. 2-топ тапсырмасы: Құрамында антоним сөздер кездесетін мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар ойлап жаз және мағынасына, жасалу жолына назар аударыңдар. Мақалдар. · Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы. · Дұшпан күлдіріп айтады, Дос жылатып айтады. · Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Жаңылтпаштар. · Ақ тайлақ ақ па? Қара тайлақ ақ па? · Күн бе, түн бе, Пілге мінбе. · Екеуінің жасы шамалас, Бірінің шашы – қара шаш, Екіншісінің шашы ақ шаш аралас. Жұмбақтар. · Түнде бармын, Күндіз жоқпын. /жұлдыз/ 3- топ тапсырмасы: 
 Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.  | 
		||||||||||||||||||||||||
| 
			 Сергіту сәті  | 
			
			 Қаңқалар 
  | 
			
			 Оқушылар денелерін жатықтырады  | 
		||||||||||||||||||||||
| 
			 Ой толғаныс  | 
			
			 Ойды жинақтау мақсатында оқушыларға антонимдердің негізгі белгілерін анықтау тапсырылады. 
 
 
 
 
  | 
		|||||||||||||||||||||||
| 
			 Үй тапсырмасы  | 
			
			 Оқулықтағы тапсырмаларды орындау  | 
			
			 Күнделіктеріне жазады  | 
		||||||||||||||||||||||
| 
			 Бағалау  | 
			
			 Бағалау парақшаларын тарату  | 
			
			 Парақшаларды толтырады  | 
		||||||||||||||||||||||
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі