Өлең, жыр, ақындар

Жаса мәңгі ана - тілім

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Кәукей ауылы

№225 орта мектеп жанындағы

«Қыр бөбегі» шағын орталығының

тәрбиешісі Сұлтанова Кәмшат

 

 

Күні  22.09.2015

Тақырыбы: "Жаса мәңгі ана- тілім"

Мақсаты: Балаларға ана тілі туралы түсінік  беру, білімін жетілдіру. Өзінің ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру,ой-өрісін, сөздік қорын дамыту. Туған  халқының тілін қастерлейтін саналы да, парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті Тіл мерекесіне жиналған қауым. Ана тілі – адамның жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.

Қазақ тілім өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім,-дей отырып, Тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған  «Жаса мәңгі ана-тілім»  атты мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Жүргізуші:      Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Қазақұлтының ана тілі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. «Ана тілі — халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі болуы керек. Тіл — ұлттың жаны.Ол халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі — оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.

Ендеше  ертеңгілігімізді бастамас бұрын мен сендердің білімдеріңді тексеріп алайын.

  • Біздің ұлтымыз кім?
  • Біз қай тілде сөйлейміз?
  • Біздің елімізді кім басқарады?
  • ҚазақстанРеспубликасының бас қаласықайқала?
  • Балаларбіздіңұлтымызқазақ,өзімізқайтілдесөйлейміз?
  • Біздербүгінқаймерекенітойлапжатырмыз?
  • Мерекегебайланыстытақпақбілесіңдерме?
  • Жарайсыңдар, балалар, енді кешімізді одан әрі жалғастырайық.Осы тіл туралы кім тақпақ біледі?

Нұрай: Ана тілім- елдігім,

Ана тілім –ерлігім.

Тілді биік құрметтеп,

Тойлап жатыр ел бүгін.

Жұлдыз: Тілім барда мақтанам,

Тілім менің апппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі,

Ана тілім сақтаған.

Аяна: Ақыл-ойындананың,

Анатілденаламын.

Анатілімардақты,

Ақсүтіндейананың.

Кәусар: Анатілім-тірегім,

Анатілім-жүрегім

Қасиеттіелімнің,

Тек өзіңдепбілемін.

Би:«Аққу» биі.

Төле би-Сұлтанай: - Атың жақсы болса, ер жігіттің пырағы. Балаң жақсы болса, жан мен тәннің шырағы.

         Жалғанда ойлап тұрсаң,бірлік керек. Бірліктіойлаған соң тірлік керек.

Ағайынға ала көз бола қалсаң, аузыңнан несібеңді біреу жемек.

Қазыбек би-Әділ: - Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізде құт береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басынан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм тұзды ақтай білген елміз.

Әйтеке би-Айсұлтан:-Ашу деген ағын су, алдын ашсаң арқырар. Ақыл деген дария, Алдын тоссаң тоқырар. Аяулы ұрпақтарымыз, елді,жерді қорғаңдар. Досқа мейірімді болыңдар.

Жүргізуші:

Бауыржан Момышұлы «Қазақ тілі әр түрлі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақтар шешен әрі әдемі сөйлеудің шебері» дегендей қашанда тіліміздің мәртебесін көтеріп, қадір-қасиетін қастерлей білейік. Осымен құрметті ұстаздар,сүйікті бүлдіршіндер, «Жаса - мәнгі ана тілім» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз