Өлең, жыр, ақындар

Дене импульсі. Материялық нүктеде импульстiң өзгеруі. Денелер жүйесі. Импульстің сақталу заңы

Шолақсор орта мектебінің

Физика пәні мұғалімі: Сматаева Арман Муталлаповна

Пән: Физика                                9-сынып                                               Күні ____________

Сабақ тақырыбы: Дене импульсі. Материялық нүктеде импульстiң өзгеруі. Денелер жүйесі. Импульстің сақталу заңы.

Сабақ мақсаты:

1. Дене импульсі, күш импульсі, импульстің сақталу заңы туралы түсінік алуға жағдай жасау. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

2. Алған білімдерін тиянақтай отырып, тапқырлыққа, ізденіп шешім қабылдауға, ауызбіршілікке, ойын жинақтай білуге, біріне–бірі көмектесуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

3. Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қолданып, өз ойын айта білуге, жүйелі түрде ойлауға, ізденуге бағыттау, білімге деген құштарлығын арттыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ –жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың өткен тарауды қалай меңгергендері туралы сұрақтар:

Үй жұмысын тексеру:  Сәйкестендіру тесті

1. Ньютонның І заңын тұжырымда. 10     

2. Ньютоннның ІІ заңын тұжырымда, формуласы.2,8

            3. Ньютонның ІІІ заңын тұжырымда. 2          

4. Дененің массасы дегеніміз не?  24  

5. Күш дегеніміз не? Олардың түрлері қандай? 13, 3, 9, 12, 16            

6. Теңәрекетті күш дегеніміз не?   11

7. Галилейдің салыстырмалы принципі. 21        

8. Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымда.23 Формуласын жаз. 17

9. Гравитациялық тұрақтының сан мәні, өлшем бірлігі. 18, 22 

10. Жер бетінен h биіктіктегі  еркін түсу үдеуінің формуласы. 15 

11. І ғарыштық жылдамдық дегеніміз не? 5 Формуласы. 19

12. ІІ ғарыштық жылдамдық дегеніміз не? 20 Формуласы. 4

13. Дененің салмағы дегеніміз не? 7

14. Асқын салмақ дегеніміз не? 6

            15. Салмақсыздық дегеніміз не? 1

ІІІ. Жаңа сабақ. Сатылай  кешенді бағыт арқылы меңгеру

Грек. Impulsus- “соққы” немесе қозғалыс мөлшері

Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шаманы дене импульсі деп аталады.

Дене импульсінің  формуласы

Физикалық шамалар  қалай аталады   р-_______  m-_______   -_______ 

 Өлшем бірлігі   кг•м/с

 Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі күш импульсі деп аталады.

F∆t 

өлшем бірлігі Н•с

Тұйық жүйе деп сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір-бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады.

 Импульстің сақталу заңы: Тұйық жүйедегі өзара әректтесетін денелер импульстерінің қосындысы өзгермейді. 

  ІV. Есептер шығару.

1. Массасы 20 кг, тыныш тұрған арбаның үстінде массасы 60 кг адам тұр. Егер адам арбаның үстінде, арбамен салыстырғанда 1 м/с жылдамдықпен қозғалса, арба жермен салыстырғанда қандай жылдамдықпен қозғалады?

2. Массасы 160 г шайбаның импульсі массасы 0,008 кг, 600 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан оқтың импульсіне тең болу үшін, шайба қандай жылдамдықпен ұшуы тиіс?

3. Массасы 70 кг адам суда тыныш тұрған қайыққа 6 м/с жылдамдықпен жағадан секіріп мінеді. Егер қайық массасы 35 кг болса, қайықтың адам мен бірге жылдамдығы қандай?

 Физикалық диктант

1) Дененің массасы мен қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісі________

2) Күш импульсі____________

3) Сыртқы күштердің әсері болмаған кезде ішкі күштердің әсері болатын жүйе_________деп аталады.

4) Тұйық жүйедегі өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің қосындысы ___________

       V. Қорытындылау.

       VІ. Бағалау.

       VІІ. Үйге тапсырма: §§19. 20. 17-жаттығу. №1,2,3.

4. Массасы 200 г доп 5 м/с жылдамдықпен ұшады. доптың импульсі қандай?

5. Футболшы массасы 700г  допты теуіп, оған 15 м/с жылдамдық берді. Соққының  ұзақтығын 0,020 с деп есептеп, соққы күшінің  орташа мәнін анықытаңдар.

Үй жұмысын тексеру:  Сәйкестендіру тесті

1. Ньютонның І заңын тұжырымда.   10     

2. Ньютоннның ІІ заңын тұжырымда, формуласы.2,8

            3. Ньютонның ІІІ заңын тұжырымда. 2          

4. Дененің массасы дегеніміз не?  24  

5. Күш дегеніміз не? Олардың түрлері қандай?13,3,9,12, 16            

6. Теңәрекетті күш дегеніміз не?   11

7. Галилейдің салыстырмалы принципі. 21        

8. Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымда.23 Формуласын жаз. 17

9. Гравитациялық тұрақтының сан мәні, өлшем бірлігі. 18, 22 

10. Жер бетінен h биіктіктегі  еркін түсу үдеуінің формуласы. 15 

11. І ғарыштық жылдамдық дегеніміз не? 5 Формуласы.  19

12. ІІ ғарыштық жылдамдық дегеніміз не? 20 Формуласы. 4

13. Дененің салмағы дегеніміз не? 7

14. Асқын салмақ дегеніміз не? 6

            15. Салмақсыздық дегеніміз не?1

1. Дененің салмағы нөлге тең болатын дененің  күйі........

2. Денеде туындайтын үдеу оған оған әрекет  етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал.

3. үйкеліс

4.

5. Бүкіләлемдік тартылыс күші әрекетінен дененің дөңгелек орбита бойымен қозғалысы жүзеге асатын жылдамдық ......

6. Тіректің немесе аспаның үдемелі қозғалысынан туындайтын дене салмағының  артуын .....

7. Дененің Жерге тартылуы салдарынан оның тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші  дененің....

8. F=ma

9. серпімділік

10. Егер денеге басқа  денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті  теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзусызықты және бірқалыпты  қозғалысын сақтайды.

11. ...... деп денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күшті айтады.

12. тіректің реакция

13. .... деп дененің басқа денелер тарапынан болатын  әрекеттің  нәтижесінде  үдеу алатынын сипаттайтын және осы әрекеттің өлшемі  болып табылатын физикалық шаманы айтады.

14. Денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама-қарсы.

15. gh=G*Мж/(R+h)2

16. ауырлық

17. F=G*m1m2/R2

18. G=6,67·10-11  

19.

20. Параболалық траекторияға  сәйкес келетін жылдамдық .......

21. барлық инерциялық  санақ жүйелеріндегі механикалық құбылыстар бірдей жүреді.

22. H·м2/кг2

23. екі дене  бір-біріне массаларының  көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен  тартылады.

24. оның инерттілігінің, яғни күштің  әрекетінен белгілі  бір үдеу алу қабілетінің сандық сипаттамасы болып табылады.

Пікірлер (2)

Мейрамкул

өте жақсы. Рахмет

Пікір қалдырыңыз

Қарап көріңіз