Өлең, жыр, ақындар

«Ризамын бүгінге» 1-наурыз ризашылық күніне арналған шара

Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай  ауылы

«Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі: Доскалиева Айнагуль Мураткалиевна

 

Тақырыбы: «Ризамын бүгінге» 1-наурыз ризашылық күніне арналған шара

Жүргізуші:

- Қайырлы күн, қымбатты бүлдіршіндер мен құрметті қонақтар. Біз бүгін сіздердің тамаша отбасылық мереке-Ризашылық күніне келгендеріңізге қуаныштымыз! Бұл күні адмадар бір – біріне ризашылығын білдіріп, ықылас пен мейірімділік сыйлайды. Біз де туған елімізге, Президентімізге балалардың игілігі мен жан–жақты дамуы үшін жасап жатқан істеріне ризашылық білдіріп, зор алғысымызды жеткіземіз.

Бұл мереке елімізде біздің басты Қазақстандық Анамыз-Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасы бойынша өткізіліп келеді. Енді Ризашылық күні жылда өткізілетін болады.

Слайд-шоу.

Жүргізуші.

Бүгінгі осы тамаша мереке күнінде Сара Алпысқызы  Ризашылық күнімен құттықтай отырып, әрқайсымызға өзінің жылы лебізіне білдіреді!

(Сара Алпысқызының құттықтау сөзін оқиды).

-Сәлеметсің бе, менің жан досым! Сені, Ризашылық күнімен құттықтаймын! Бұл мерекенің өмірімізге еніп, бізді Махаббат пен Қуаныштың жылы Нұрына бөлеп отырғандығына өте қуаныштымын! Сенің жүрегінде әрқашан да жоғарғы махаббат ұяласын, ал өмірлерің мейірімді ойлар мен істерге толы болсын. Алла жар болсын!

Саған деген сүйіспеншілікпен және құрметпен Сара Алпысқызы.

Хор: Ризашылық әні.

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге!

Қайырмасы : Ризамын, ризамын ризымын бүгінге,|2 рет

Ризамын, ризамын, ризамын, қазірге.

Спасибо за сегодня

Спасибо за сегодня

Спасибо за сегодня

Спасибо за сейчас

Пр-в: Спасибо Спасибо Спасибо Спасибо за сегодня 2-рет

Спасибо Спасибо Спасибо Спасибо за сейчас

Бейнеролик: ризашылық күніне арналған;

Сергіту сәті.

«Ризамын» әніне тақтадан «Айна әдісі» арқылы билету.

Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Не деу керек?» өлеңін оқып беру.

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін жақсысын

Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек?

«Рахмет» деу керек.

 

-Балалар жүр көшеде

Естіледі айқай-шу.

Сен де шықтың көршіңді

Қағып кеттің байқамай.

Мұндайда не деу керек?

«Кешіріңіз» деу керек.

 

-Әжең сенің түскі асқа

Қант-кәмпит салды мол.

Жұрттан бұрын ыдысқа

Өз бетіңмен салдың қол.

Жөн еді не айтқаның?

«Рұқсат па» деу керек.

 

-Добын апар Назардың

Деді ағаң бармадың.

Тапжылмадың, сазардың,

Аға  тілін алмадың.

Сен қай сөзді айтпадың?

«жарайды» деукерек.

 

Қорыту.

Балаларға өте жақсы белсенді қатысқаны үшін ризалық сезімін білдіру.


Пікірлер (3)

Айбар

Не мынау бір сөзді қайталап. Осы да ән ба қайда ата баба өлең жырлары

Айбар

Үйінде телевизор көріп шәй ішіп отырып шығара салған ау шамасы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз