Өлең, жыр, ақындар

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Текелі қаласы «8 орта мектеп» МДШО КММ-нің

Мұғалімі: Рыскулова Толкын Айтбековна

 

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер:  қайырымдылық, мейірімділік, ізгілік

 

 

Сабақтың мақсаты: Балаларды жақсы мен жаманды ажырата және өмірде қолдана білуге үйрету.

Міндеттері:

  • жақсы, жаман туралы түсінік беру.
  • жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту.
  •  жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.

 

Ресурстар (дерек сөздер)

1

 Тыныштық сәтi. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтағы жағымды күйге келу.

Тыныштық сәті: Нұрға бөлену.

Нұрға бөлену(тыныштық сәті) әдістемелік құрал

Хрустальная грусть

2

Үй тапсырмасын тексеру: «Әйнек адам»  оқып келу.

Өзін-өзі тану оқулығы 66 бет

3

Жағымды ой пікір

Жақсы болу-өз қолыңда.

  • «Жақсы болу – өз қолыңда» деген халық даналығында үлкен мән бар. Жақсы болуды басқа біреуден іздеудің қажеттігі жоқ. Адамның жақсы істерге, жақсы әрекеттерге ұмтылуы, айналасындағылармен сыйлы қарым – қатынастар жасауы, өтірік айтпауы, жаман әрекеттерден де қашық болуы – өзінің қолыңда.
  1. Жақсыадам болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
  2. Адамдар неліктен «жамандықтан» қашады? 
  3. Жақсы көретін адамдарың туралы айтып беріңдер?

Халық даналығының дәйек сөзі

4

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр» мультфильмінен үзінді көрсету.

  1. Ана қарлығашқа қандай қамқорлық көрсетті?
  2. Қарлығаш адам баласына қандай қайырымдылық жасады?

Интернет желісі

5

Шығармашылық жұмыс

I-топ    Суретке қарап  әңгіме құрастыру.

II-топ   Балалар  берілген суреттерден іс-әрекеттің  қайсысы дұрыс және қай іс-әрекет дұрыс еместігін ажырату керек.

III-топ  Ертегіні аяқтау,өз ойларын айту.

Журналдардан қиындылар, ватман, түрлі түсті фломастер

 

6

Ойын –жаттығу

«Жұмбақ өлең» ойын жаттығуында балалардың жақсы мен жаманады ажырата алуларына мүмкіндік беріледі.

-Балалар, мен сендерге С.Оспановтың «не жақсы, не жаман?» өлеңін шумақтарға бөліп айтамын. Сендер әр шумақта не жақсы, не жаман туралы айтылғанын тауып, жақсы туралы айтылған болса «жақсы» деп, жаман туралы айтылған болса «жаман» деп жауап беріп отырасыңдар.

 

Биязы мінез тіл алғыш,                     Беті – қолың кір-кір боп,

Бал – бұл жанып жүретін                 Берекесіз ыржақтап

Бауырмалдық сол - ?                          Бейбастық өссең сол - ?

(Жақсы)                                            (Жаман)

 

Үйдің ішін тазалап,                            Ұщып – қонып жүретін,

Үстіңе де қарайлап                            Шегірткедей жеңілтек

Үлгере алсаң сол - ?                          Ұщқалақ болсаң сол - ?

(Жақсы)                                               (Жаман)

 

Ашу деген бәледен,                           Ата – ананың ақылын,

Алшақ жүріп жанаспай,                   Ала білмей кезінде

Ақылды болсаң сол - ?                      Ақымақ болсаң сол - ?

(Жақсы)                                              (Жаман)

 

7

Топпен ән айту

«Қарлығаш» үн таспа

8

Үйге тапсырма 

Оқулық 69 бет

«Жақсы болу өзіңнен» өлеңін жаттап келу.

9

 

 

 

10

Сабақтың  қорытынды сәті

Әрбір тамшыға оқушылар  жақсы сөздер жазады.

1.Бүгінгі сабақта сендер не үйрендіңдер?

2. Қандай ой түйдіңдер?

Тыныштық сәті

 

«жақсы»

сөзін топтастыру

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз