Ақтөбе облысы
Әйтеке би ауданы
Белқопа орта мектебінің
Балбөбек шағын орталығының тәрбиешісі
Елеуова Жайнагүл Қаупбайқызы
Күзгі орманға саяхат 20.11.2015 ж.
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Қарапайым математика.
Тақырыбы: «Күзгі орманға саяхат».
Мақсаты: Балаларға үлкен, орташа, кіші ұғымдарын үйрету. Заттардың түстер мен пішіндерін ажырата білу. Саусақ маторикасы мен ақыл-ойын дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу. Көңіл-күйлерін көтеру.
Іс-әрекет кезеңі:
Тәрбиешінің іс-әрекеті.
Балалардың іс-әрекеті.
Ынталандыру, сезімді ояту. Балалар топқа кіріп қонақтармен амандасып, бір-бірлеріне мейрімді сөздер айтады.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылулық тілек айтады.
Шаттық шеңбері.
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты бүгін күн!
Көңіл-күйлерін көтеру.
Ізденістер ұйымдастыру.
Тәрбиеші: Балалар, орманға саяхат жасаймыз ба?
-Иә, барамыз.
Ендеше бізге не жетіспейді, кімді шақырамыз?
Балалар: күзгі ханшайымды. Онда ортаға күзгі ханшайымды шақырайық.
Күз ханшайымы: Саламатсыздар ма балалар!
Балалар: Салематсыз бе ханшайым.
Орман шашылып жатады, жапырақтарды жинап жүріп сыиқырлы жапырақты тауып алады. Орманда мына күзгі ханшайым тапсырмалар көп дейді. Сол тапсырмаларды орындай алмапты, біз көмектесеміз бе?
Балалар көмектесетіндерін айтады.
Ханшайым: Балалар орманда қандай жануарлар өмір сүреді?
-Қоян, қасқыр, түлкі, арыстан...
-Өте жақсы, қоян қалай секіретінін білесіңдер ме?
Балалар қоян сияқты секіріп көрсетеді.
-Сендер бәрін білесіңдер ғой, ал енді мына көкөністер мен жемістерді ажыратып бересіңдер ме?
Қимылды ойын: Көкөністер мен жемістер.
Балалар шашылып жатқан көкөністер мен жемістерді екіге бөліп жинаулары тиіс.
Ханшайым: ой жарайсыңдар балалар.
Тәрбиеші: Балалар біз ханшайымға жемістер мен көкөністерді ажыратып бердік, енді дәмін ажыратып берейік.
Қимылды ойын: Жемістер мен көкөністердің дәмін ажырату.
Ханшайым: Өте тамаша балалар.
-Ал енді аюдың қалай жүретінін білесіңдер ме?
Балалар аю сияқты жүріп көрсетеді.
Балалар енді мына аюларға қараңдаршы, көлемдері қандай?
Балалар тақтаға аюларды іліп, көлемдерін айтады.
Үлкен аю, орташа аю, кіші аю.
Енді осы аюларға қасықтары мен бал салып жейтін ыдыстарын тауып берейікші?
Балалар үлкен аюға үлкен қасық, орташа аюға орташа қасық, кіші аюға кіші қасығын тауып, тақтаға іледі.
Ханшайым: Өте тамаша балалар сендер бұл ұғымды біледі екенсіңдер, ал сендер жаңбырдың жауатыны білесіңдер ме?
Балалар жерді тырыс-тырыс етіп ұрады.
Тәрбиеші: жақсы балалар күз ханшайымының кететін уақыты болды. Күз ханшайымымен қоштасайық.
Ханшайым: Иә балалар менің қайтатын уақытым болды, Сау болыңдар балалар.
Тәрбиеші:
Балалар біз қайда саяхат жасадық?
Біз орманда саяхаттадық.
Орманда қандай мезгіл екен?
Орманда күз мезгілі екен.
Тәрбиеші: Балалар мына суретте не бейнеленген? Балалар тал, талға не жетіспей тұр? Балалар жапырақ дейді.
Балалар суретте не көріп тұрғандарын айтып тақтаға іледі.
Мысалы: Жапырақтар сарғайып түсіп жатыр. Күн суытты, жаңбыр жиі жауады. т.б.
Қортындылау, өзін-өзі бағалау.
Тәрбиеші балаларды мақтап, мадақтайды.
Күтілген нәтиже:
Біледі: Балалар жапырақтың түсін тануды.
Түсінеді: Күз мезгіліндегі табиғаттағы өзгерістерді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі