Өлең, жыр, ақындар

Ұлыбритания. Мемлекеттің құрамы мен құрылымы.

Тақырыбы: Ұлыбритания. Мемлекеттің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайылары мен ресурстары. Халқы

Мақсаты:

Білімділік: Ұлыбритания мемлекетінің құрамы мен құрылымы, табиғатжағдайылары  мен ресурстары және халқы туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: таным белсенділіктерін дамыту, өз бетімен жұмыс жасау қабілеттерін, логикалық ойларын кеңейту және өз беттерімен қосымша әдебиеттермен ізденіп жұмыс жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: дамыған елдер жайлы тереңірек білуге, ұлтжандылыққа баулу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық жұмыс, ой толғаныс, ой қорыту.

Көрнекілік: дүниежүзінің саяси картасы, атлас

Пәнаралық байланыс: Дж. тарихы

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу.Оқу-құрал жабдықтарын қадағалай отырып, түгендеу, психологиялық дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап

ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:

  1. Аумағының құрамы және экономикалық – географиялық жағдайы. Мемлекеттік құрылымы.
  2. Табиғаты және табиғат ресурстары.
  3. Халқы.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Ұлыбритания (Great Brіtaіn), Британия, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (Unіted Kіngdom of Great Brіtaіn and Northern Ireland) — Еуропаның солтүстік-батысында, Британ аралдарында (ең ірісі — Ұлыбритания), Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігі мен ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Құрлықтан Ла-Манш (Ағылшын каналы) және Па-де-Кале (Дувр) бұғаздары арқылы бөлінген. Аумағы 244, 11 мың км². Халқы 60,3 млн. (2004), астанасы — Лондон (7 млн.)Ұлттық мерекесі — патшайымның туған күні (маусым айының екінші сенбісі).

Топтық жұмыс.

А)Берілген тақырып бойынша тірек сызба сызып қорғау.

1-топ. Аумағының құрамы және экономикалық – географиялық жағдайы. Мемлекеттік құрылымы.

2-топ. Табиғаты және табиғат ресурстары. (Ұлыбританияның ең ірі өзендері: Темза, Северн және Хамбер (59 км) Мерси (109 км) )

3-топ. Халқы.

Ә)Әр топ өздерінің тақырыбы бойынша бір ауыз сөз қорытынды айту.

ІҮ. Сабақты бекіту. Үш топ өздерінің тақырыптары бойынша сұрақ қою.

Ү. Қорытынды. Соңғы қола және ерте темір дәуірінде (б.з.б. 800 — 700 ж.) Ұлыбританияға құрлықтан кельттердің қоныс аударуы басталды. Британиядағы кельттер мен кельттердің ықпалына ұшыраған халық шартты түрде бриттер деп аталады. Король Эгберт 9 ғ-да елдің үлкен бөлігін бір мемлекетке біріктіріп, ол Англия деп аталды. 1066 ж. Британияның ұсақ корольдіктерін нормандық қолбасшы Вильгельм басып алып, біртұтас мемлекетке біріктірді. 1707 ж. Ұлыбританияна корольдігіне бірігу жөніндегі актіге қол қойылғаннан кейін Лондон біртұтас мемлекеттің астанасына айналды.18 ғасырдада Британдық отарлық жүйе қалыптасты. Отарларының барлығынан айрылғанына қарамастан Ұлыбритания әлемдегі жетекші елдердің бірі болып саналады.

Ү. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма беру. Ұлыбритания. Мемлекеттіңқұрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайылары  мен ресурстары. Халқы тақырыбын оқу. Әр оқушы осы тақырып бойынша бір-біріне тапсырма дайындап келу.

 

 

Ұраны: «Dieu et mon droit» (Құдайым және құқығым)

 


Пікірлер (2)

Марат

Ұлы Британияның ресурстары қандай?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз