Өлең, жыр, ақындар

Менің сыйлықтарым

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

№10 жалпы орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Мубаракова Самал Құбайдоллақызы

 

Тақырыбы: Менің сыйлықтарым

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша оқылым,тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып,тілдесім әрекетіне жетелеп, сапалы білім беру. Оқу техникасын жандандыру.

2. Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын байыту. Өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау.

Әдіс-тәсілдер: жаздыру, оқыту, әңгімелеу, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату, аударма, сұрақ-жауап, өзара сөйлестіру әдістері;

Көрнекі құралдар: Сыйлықтар суреттері, сызба, жеке тапсырмалар, жаңа сөздер.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіздерме, оқушылар?

- Кім кезекші?

- Бүгін нешесі?

- Сыныпта кім жоқ?

- Оқу құралдарын түгелме?

II Үй тапсырмасын

- Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді?

-III Жаңа сабақ:

- «Сөзжұмбақ» шешу, сол бойынша сабақтың тақырыбын айту

Тақырып «Менің сыйлықтарым»

Мақсатымыз: Тәуелдік жалғауларға байланысты жаттығу жұмыстарын орындау, жаңа сөздермен танысу, фонетикалық талдау, сөз тіркесін жазу, мәтінді аудару т.б. тапсырмалар орындау;

ІV.Сөздік жұмысы

1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.

3. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін және 1 сөйлем құру.

сыйлады - подарил

берді - дал

маған - мне

V. Тапсырмалармен жұмыс:

1-тапсырма. Өтіліп жатқан тақырып негізінде сұрақ-жауап жұмысын сыныптағы барлық оқушылармен жүргізу. Тапсырманы жеке жұмыс ретінде де өткізіп, әңгіме жазумен  аяқтауға болады. Деңгейлік тапсырма ұйымдастыруға ыңғайлы.

Бүгін Айдардың туған күні. Отбасы мүшелері Айдарға жеке-жеке сыйлық дайындады. Әкесі Айдарға велосипед сыйлады. Анасы торт, әпкесі кітап, ал кішкентай інісі ашық хат сыйлады. Айдар барлығына алғыс айтты. Айдардың туған күні қызықты өтті.

  1. 1,2 сөйлемдерге сұрақ қою.
  2. Мәтіннен барыс, ілік септікте тұрған сөздерді тауып, сызу.
  3. сөзіне фонетикалық талдау жасау.

2-тапсырма. Сөйлеп үйрен айдарымен берілген тапсырманы барлық оқушылармен жеке жұмыс түрінде бастау. Сыныптағы оқушылардың барлығын тақырып бойынша сөйлету. Тапсырманы жазылым әрекетімен ұштастыру. І және ІІ , III жақта сөйлеу үлгілерін меңгерту. Сауатты сөйлем құрап орындату. Топқа бөліп сыйлық, велосипед сөзін тәуелдеу (жекеше түрде)

Сергіту

Бір, екі, үш,

Қарлығаштай ұш.

Төрт, бес, алты.

Қарлығаштай қалқы.

Жеті, сегіз, тоғыз, он,

Өз орныңа қон.

3-тапсырма. Тапсырмада берілген диалогты саналы түрде жауап беруге үйрету. Жұмысты жұптық тапсырма ретінде орындау көп нәтиже береді.

4-тапсырма. Тақырып бойынша "Кім не сыйлады?" сұрағымен берілген тапсырманы қисынды ойлау қабілетін жандандыра отырып, айтылым әрекетін іске асыру. Тақтадағы суреттер бойынша жұмыс жасау. Аударма жұмысымен тапсырманы бекіту.

Сұрақ: Кім не сыйлады?

VІ. Сабақты бекіту.

VІІ. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімдерін бағалау.

VІІІ. Үй тапсымасын түсіндіріп беру. Сөздерді жаттап келу

Кім не сыйлады? Диалог немесе монолог құру.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз