Алматы облысы, Қарасай ауданы
Бекболат ауылы
"Балауса" балабақшасы
"Балдырған" тобының тәрбиешісі: Калдыкулова Райхан Эркинбаевна
Жүргізуші :
Аманбысың, армысың халқым менің!
Ақтарған кең даланың алтын кенін
Мереке басы болсын берекенің
Ардақты наурыз тойы салты-елдің
Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар, қадірлі қонақтар! Күнмен түнді теңеген, бәрімізді қуанышқа бөлеген, Ұлыстың ұлы күні – наурыз мерекесі құтты болсын! Бүгін сіздердің алдарыңызда өз өнерлерін көрсететін кішкентай бүлшіршіндерімізді ортаға шақырайық, қошеметпен қарсы алыңыздар!
/музыка әуенімен бүлдіршіндер ортаға кіреді /
Жүргізуші:
Осыншама жақсылық
Алып келген наурызым
Төрлет бізге нұр беріп
Шуақ шашып ақ жүзің!
Осы тойға ортамызға келіп айналаны гүлге ораған наурыз аруы төрлетіңіз! Біздің өнерімізді тамашалаңыз!
Залға наурыз аруы келеді.
Наурыз аруы:
Есенсіздер ме қырмызы гүлдей
Жайнаған берекелі елім.
Армысыздар балалар!
Тағы келдім сендерге,
Наурыз тойын тойлайтын
Келіп жеттім елдерге.
Наурыз айы көктемің
Жарқырайды көкте күн,
Сәбилерді қуантып,
Былтыр келіп кеткенмін.
Тіршіліктің бастауы
Наурыз айы мен болам.
Гүлге толы құшағы
Құлпырады кең далам.
Жапырақтары жайқалып,
Бақтар жасыл түске енді.
Тізбектеліп сән түзеп,
Жылы жаққа құс келді.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар ! Наурыз аруы, біздің бүлдіршіндеріміз Бекболат ауылынан келіпті сіздерге арналған наурыз өлеңін тамашалаңыздар
Ән: Наурыз
Жүргізуші Рахмет! Балапандар ! Ал енді көктем мерекесі Наурыз тойына арнап өлең оқып тақпақ айтып беретін бүлдіршіндер келіпті Абай ауылынан. Абай ауылынан келген қонақтардың тақпақтарын тамашалайық.
Сұлтан
Уа, ағайын халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық
Аделия
Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
Байлық, бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне
Інжу
Жылдың басы наурыз
Жердің басы наурыз
Мерекеге арналыс
Бүгінгі жыр әніміз
Райымбек
Жыл басы - наурыз мереке
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды
Диана
Көктем келді балақай
Жасарды жер , алақай
Наурыз тойын тойлайық
Әсем әнге салайық
Абзал
Наурыз – бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкелсін
Санжар
Наурыз тойы – елдің тойы
Көктем тойы – төлдің тойы
Ән айтатын күн бойы
Жақсы көрем наурыз тойын
Би: Жорға
Ән: Наурыз
Жүргізуші: Жарайсыңдар балапандар! Енді қазақ халқының ұлттық ойындарынан біздің Төле би ауылынан келген бүлдіршіндеріміздің Сіздерге арналған шағын көріністерін тамашалаңыздар !
Шарты: жігіт қызды қуып жетіп бетінен сүю, жетпеген жағдайда қызға сыйлық жасау
Жүргізуші :
Бишілер бар бізде қыздар тобы
Мерекеге өнерімен келген бүгін
Таң қалдырып қанекей би билеші
Қол соғып демеу берер көрермендер
Наурыз аруы:
Қашанда құт береке орнасын деп
Тойларда шашу шашу салты елімнің
Уа, халайық теріп ал шашуымды
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін!
Жүргізуші:
Мереке Наурыз жыл басы
Наурыз тойы құтты болсын!
Дендеріңіз сау мықты болсын !
Аман-есен болайық
Баршамызға тілегім осы халайық- дей отырып Райымбек ауылынан келген бүлшіршіндеріміздің тақпақтарына кезек берейік
Нұрым
Уа, халайық құтты болсын мерекең
Құтты болсын , құтты болсын берекең
Наурыз тойы тойланады бақшада
Қош келдіңдер мерекені көруге
Алия
Күн мен түн теңелді
Жер шуаққа кенелді
Соны тойлар ел енді
Ж.Аделия
Наурыз тойы - салтымыз
«Көгерсін»-деп халқымыз
Көшеге тал егеміз
Медина
Сәнді көктем нұрымен
Наурыз тойы жырымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Табиғатым оянсын
Рамазан
Бата берді атамыз
Бата берді апамыз
Тәтті болып жасалған
Наурыз дәмін татамыз
Ән: Әжелер
Жүргізуші:
Балалар! Бізге Алтын ауылдан өз өнерлерін ортаға саламын деп қонақтар келіпті!
Ән: Наурыз
Жүргізуші:
Наурыз күні құр тұрмайық
Шаттанайық, қуанайық
Ұлттық ойын ойнайық !-дей отыра «Арқан тартыс» ойнын тамашалаңыздар!
Жүргізуші:
Ал балалар тұрмайық
Көңілге кірбің салмайық
Шырқап бір биге салайық
Гүлдер биін билейік! дей отыра Алтын ауылдан келген қыздарымызды ортаға шақырамыз
Жүргізуші:
Наурыз тойын аңсап келемін
Ата бабам жырлап келген
Той думаны жалғасын деп – дей отыра Қарасай ауылынан келген қонақтарымыздың өнерін тамашалаңыздар
Би: Домбыра
Жүргізуші: атамыз қазақ «Батамен ел, көгереді, жаңбырмен жер көгереді» дегендей,
Батыр кісі қол бастайды,
Көшбашысы - ел бастайды,
Шешен кісі – шаршы топта
Қамықпай сөз бастайды.
БАТА / Қажымұқан
Бақыт ашып қақпасын
Мәңгі –бақи жаппасын
Пәле жала қазақты
Іздесе де таппасын
Бүлдіршіндер көбейіп
Өркендей берсін жеріміз
Батыр туған ерлермен
Көркейе түссін еліміз !
Би: Қара жорға барлық топ
Жүргізуші: Ортамызға келген жаңа жыл құтты болсын балалар, наурыз шашуы жұғысты болсын, енді наурыз дастарханына барып наурыз көжеден дәмнен татыңыздар Осымен «Армысың, Наурыз» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз, көңіл бөліп келгендеріңізге рахмет !
Дархан
Өте керемет