Алматы облысы, Қарасай ауданы
Бекболат ауылы
"Балауса" балабақшасы
"Балдырған" тобының тәрбиешісі: Калдыкулова Райхан Эркинбаевна
Тақырыбы: Спорт - сенің серігің!
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: Эстафеталық ойын
Көрнекілігі: Үлкен резеңке доп, шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар,ысқырық, уақыт өлшеуіш.
Барысы:
Жргізуші: Құрметті балалар! Бүгін біздің "Балдырған" тобында спорттық жарыс өтпекші. Балаларға сәт сапар тілейміз.
Сайысқа қатысатын балалардың кеуделерінде өз белгілері қыстырылған. Алдымен жүргізуші сайыс шарттарымен таныстырылады.
Сайысқа қатысушыларымен жеке таныстыру. Әр команданың ұранымен таныстыру.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, балалар.
«Тұлпар» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.
«Сұңқар» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.
Ойын түрлері:
1.Тез адымда
2. Шебер
3. Кім жылдам?
4. Шегірткелер
5. Доппен секіру.
1."Тез адымда"
Ойынның шарты: себеттен себетке кедергілер арасымен ирелеңдеп жүгіріп барып себетке доптарды тасу.
2. "Шебер"
Шарты: бірінші бала допты шеңберге қою, екінші бала допты алып келу
3." Кім жылдам?"
Мәреге дейін кім бұрын жүгіріп барады.
4. "Шегірткелер".
Бір бала қос аяқпен кедергілер арасынан секіріп барып, қайтар жолда жүгіріп қайтады. Келесі ойыншы ойынды жалғастырады.
5. "Доппен секіру".
Үрмелі резеңке доппен секіру.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар.
Сайыс соңында әділқазылар алқасы ұпай санын шығарып, қай команданың жеңгенін айтады. Жарыс соңында жеңіске жеткен командаға сыйлықтар тапсырылады. Балаларға арнайы дайындалған алқалар тапсырылады.
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!
Слямханова Жұпар. Әсетханқызы.
Еңбегіңе жеміс тілеймін!