Ақтөбе облысы
Мәртөк ауданы
Қаратоғай орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі: Утегалиева Инжугуль Тулегеновна
Сабақтың тақырыбы: Жазбаша қосу және азайту (қайталау)
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Оқушыларға жазбаша қосу және азайтуды үйрету және есептеу әдістерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Математикалық ұғымдарды меңгерту: оқушылардың ережелерді ұғынып, шығармашылық ойларын дамыту.
Тәрбиелік: Өз әрекетіне саналы көзқарасқа ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге, есептеу әдістерін күнделікті өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: өткен сабақты пысықтау
Сабақтың түрі: «Танымдық ойын» сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс, ойын.
Көрнекілік: «Алтын қақпа» ойын элементтері, тапсырма жазылған слайдтар, тест, қақпа есіктері, бағалау түрлері.
Пәнаралық байланыс: ана тілі,
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру бөлімі:
- Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тазалығына көңіл бөлу;
- Оқушыларды сабаққа бағыттау.
- Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
(Оқушыларды гүлдің күлтешелері арқылы, үш топқа бөлінеді.)
Әр топтың басшысына бағалау парағы беріледі.
«Шаттық шеңбері»
(Оқушылыр әр топ бойынша бір-біріне бүгінгі сабаққа байланысты тілек айтады )
ІІ.Үйтапсырмасын сұрау:
(Оқушылардың қаламдарын көтеру арқылы үй тапсырмасын сұраймын.)
Үй тапсырмасын бекіту: «Зымыран сұрақтар»
1. Оқушылар бүгінгі дейін қандай тақырыптармен таныстық? (2-ден 9-ға дейін көбейту және бөлу, қалдықпен бөлу, геометриялық фигуралардың периметрі және ауданын табу, үш танбалы сандарды жазбаша қосу және азайту )
2. Кез келген санды 0-ге көбейткенде не шығады? (0-шығады)
3. Шаршының периметірін қалай табамыз? (барлық қабырғасын қосамыз)
4. 1км-? (1км=1000м) 1см-? (1см=10мм) 1т-? (1т=1000кг)
- (Гүлдің күлтешелерін бердім,сол күлтешелерінде мысалдар бар ,сол мысалды шешейік. Жасырынды сөздер шығады.)
373-261=112 (Ж) 579-327=252 (А) 694-373=321 (З) 783-251=532 (Б) 152+435=587 (А) 128+721=849 (Ш) 262+624=886 (А)
ЖАЗБАША
454-276=178 (Қ) 105+104=209 (С) 111+102=213 (У)
641-283=358 (О)
ҚОСУ
800-700=100 (А) 242-141=101 (З) 104+103=207 (А) 784-332=452 (Й) 212+311=523 (Т) 697+154=851 (У)
АЗАЙТУ
ІІІ. Жаңа сабақ: Жазбаша азайту және қосу
(жаңа сабақты түсіндіремін) Балалар, бүгін біз «Алтын қақпа» танымдық ойынына қатысамыз. «Алтын қақпа» ойынының шартында бірнеше қақпалар берілген. Әр қақпаның тапсырмалары дұрыс орындалған жағдайда қақпадан математикалық керемет нақыл сөздерді оқитын боламыз. Ендеше, «Алтын қақпа» ойынына қош келдіңіздер!
Олай болса бірінші «тас қақпа» ашылсын (слайд бойынша қақпа ашылады ішінен тапсырма беріледі )
№1 қосындының және айрманың мәндерін тап :
А) І топ ІІ топ ІІІ топ
234+625=859 214+429=643 459+386=845
859-234=625 643-214=429 845-459=386
354+326=680 627-214=413 516+324=840
438+122=560 810-215=595 743+124=867
Оқушылар тапсырмалар орындап болған соң қақпадан нақыл сөз шығады.
Білімнің тұңғиығы бойлай тұғын,
Тоқысаң жалықтыра қоймай тұғын.
Ғылымдар патшасы боп дараланып,
Математика қызықты тоймай тұғын.
Олай болса келесі қақпа ашылсын
«Темір қақпа» ашылсын (слайд бойынша қақпа ашылады ішінен тапсырма беріледі)
№2. Есептерді шығар
І топ
Сенбіде балалар саябағына 427 адам, ал жексенбіде сенбіге қарағанда 153 адам артық келді. Демалыс күндері балалар саябағына неше адам келеді? Ш: 427+(427+153)=1007
ІІ топ
Зообақта 119 тотықұс бар. 8 торда 7 тотықұстан және бірнеше торда 9 тотықұстан болды. Неше торда 9 тотықұстан болды?
Ш: 119-(8*7)/9=7
ІІІ топ
Театр касcаларында балалар қойылымына 60 билет және үлкендер қойылымына 30 билет сатылды. Билеттерді 3 мектеп тең бөліп сатып алды. Әр мектеп неше билет алды? Ш:(60+30)/3=30
«Темір қақпа» ашылады.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізеді сендерді Математика сырына
«Күміс қақпа» тапсырмасы
І топ №3
Тік төртбұрыш пішіндес айнаның ені 4м, ал ұзындығы одан 2 есе артық. Айнаның периметрін және ауданын тап.
4*2=8 ұзындығы 8м Р=8+4+8+4=24(м) S=8*2=16(м2) ауданы
ІІ топ №4
6·5-16:2·3+49=55 4·3+24:3+18:2·9 = 101 48:6·4+6·9-26=60
32:8·4+48:6:2·5=36 6·8+23-24:4 = 65 35:7·5+4·7-16=37
III топ №5
А) 1 жыл<48 ай 1 жыл=12ай 1 ғасыр >20жыл
1 ғасыр>50жыл
Б) 1 * 1 1 * 1 1 * 1
2 5 8 3 9 4
«Күміс қақпа» ашылады.
Есептерге жүйрік болсаң жасыңнан
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады
Досың болар табылатын қасыңнан. Жарайсыңдар оқушылар ендеше келесі есепке көшелік «Алтын қақпа » тапсырмалары
№6
І топ ІІ топ
2м 90см=29дм 1 сағ 19мин =79мин
38 дм=3м8см 2 сағ 19мин=139мин
4м 2дм=42дм 3 тәул.12сағ=84сағ
7 м 40см =74дм 2 тәул. 7 сағ=55сағ
20дм=200см 28сағ=1тәул.4сағ
7м 5дм=75дм 30сағ=1тәул 6сағ
«Алтын сандықтан»
– «Білім – байлық» деген сөз шығады. Жалынды жастық желкені, Егеменді елдің ертеңі – Біз боламыз! Бар байлыққа білімнің негізінде қол жеткіземіз. Ендеше білімді болуға тырысайық!
IV.Сабақты бекіту
Ендеше балалар қалып қойған сандарды орнына койайық.
1. Үш таңбалы санды қосып азайтып орындағанда,бірінші қай санды орындаймыз?(бірлік)
2. 1 сағатта неше минут бар? (60 мин)
3. 7*6 42
4. 72/9=8
-97 +27 +69 +137 + 355 -837
38 57 27 248 339 426
59 84 96 385 694 411
V. Бағалау.
Балалар мана әр тапсырма бойынша жетон бердім. Қай топ жетонды көп жинаса,сол топ жеңіске жетеді.
VI. Үйге тапсырма
№7есеп.Теңдеулер тура болатындай етіп жақшалар қой.
Акмарал
Менин билгим келетини егер есепте косу да азайту да босса алдымен кейсы орындалады. Жакша босса алдымен жакша екенин билемиз ал егер жакша болмай 56-34+6 болган жагдайда алдымен косып аламыз ба алде катарымен есептей беремиз бэ алып сосын комвр