Өлең, жыр, ақындар

Генераторлар. Трансформаторлар. Электр энергиясын алыс қашықтықтарға жеткізу

Жамбыл ауданы, Қ.Сартбаев атындағы орта мектептің

Физика пәні мұғалімі: Примкулова Гулнар Секеновна

 

Сабақтың тақырыбы:  Генераторлар. Трансформаторлар. Электр энергиясын алыс қашықтықтарға жеткізу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: генератор және трансформатордың құрылысы мен жұмыс істеу принциптерімен таныстыра отырып, электр энергиясын тарату және жеткізу туралы түсінік беру

Дамытушылық мақсаты: жеке тұлғаны қалыптастыру, білгенін, үйренгенін, көргенін сауатты және ғылыми негізде баяндай білуге және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру

Тәрбиелік мақсаты: ұйымшылдыққа,әділеттілікке, табандылыққа тәрбиелей отырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, салыстыру, топтық,жұптық жұмыс

Сабақтың көрнекіліктері: электронды оқулық, слайд, плакаттар, постерлер, суреттер, электр қозғалтқыштың моделі, семантикалық карта, «иә,жоқ»ойыны, бағалау парақтары

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. Қандай құбылысты электромагниттік индукция деп атайды?

2. Тәжірибені жасап көрсет

ІІІ.Қайталау

А. «Иә,жоқ» ойыны.

1. Металдарда электр тогын электрондар тасымалдайды.

2.Жартылай өткізгіштерде электр тогын оң және теріс иондар тасымалдайды

3. Газдарда тогтың пайда болуын электролиттік диссоциация деп аталады.

4. Вакуумдегі электр тогы дегеніміз-термоэлектрондық эмиссия нәтижесінде алынған электрондардың бағытталған  қозғалысы

5. Электр  өрісінің өзіне тән ерекше қасиеті-қозғалмайтын зарядтарға әрекет ету қабілеті

6. Ішіне темір өзекше орнатылған шарғы электромагнит деп аталады.

7. Ферромагнетиктердің екі түрі бар

8. Сыртқы магнит өрісін күшейтетін заттар парамагнетиктер деп аталады 

Жауаптарын көрсету, жұбын бағалау 1.иә, 2 жоқ, 3 жоқ, 4 иә, 5 иә, 6 иә, 7 жоқ, 8 жоқ

Б.Семантикалық карта «Формулалар»

 ІV.  Байланыстыру, мақсат қою. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.

V. Жаңа материалды меңгерту:

 Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:  

1) І топ. Трансформатордың атқаратын қызметі, құрылысы.

Трансформатор анықтамасы, қызметі, құрылысы

 Шартты белгісі, тарихы,түрлері

2) ІІ топ. Ток генераторы дегеніміз не? Оның негізгі бөліктері мен атқаратын қызметі

Генератор қызметі, құрылысы, анықтамасы, түрлері

3) ІІІ топ. Электр энергиясын тарату және жеткізу

1 топқа. Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машиналар генераторлар деп аталады.

Генератордың айналатын бөлігі-ротор, ал қозғалмайтын бөлігі-статор.

2 топқа. Кернеуді арттыруға және кемітуге арналған құрылғыларды трансформаторлар деп атайды.

3 топқа. Электр энергиясының алыс қашықтыққа берілуінің жеңілдетілген сұлбасы:

Қуаттың тұрақты дерлік  мәнінде айнымалы ток кернеуінің ток күшімен қатар өзгеруін айнымалы токтың трансформациясы дейді. Айнымалы токтың трансформациясын жүзеге асыратын құрал трансформатор деп аталады. Ол электромагниттік индукция құбылысының негізінде жұмыс істейді. Бұл құралды орыс ғалымы П.Н.Яблочков (1878 ж.) ойлап тапқан, кейін  оны (1882 ж.) И.Ф.Усагин жетілдірді.

Электр энергиясы айнымалы токтың индукциялық генераторларынан әр түрлі электр станцияларында өндіріледі. Электр энергиясының орны ерекше, себебі энергияның басқа түрлерімен салыстырғандағы, оның бірнеше артықшылықтары электр энергиясын өте аз шығынмен энергияның кез келген басқа түріне оңай айналдыруға және оны алыс қашықтыққа жеткізуге мүмкіндік береді.

IV.Бекіту. Тест.

1. Генератордың айналатын бөлігі қалай аталады?

А) ротор  ә) статор   б) якорь

2) Генератордың қозғалмайтын бөлігі қалай аталады?

А) ротор  ә) статор   б) якорь

3. Кернеуді жоғарлатуға және төмендетуге арналған құрылғыны  не деп атайды?

А) генератор Ә) трансформатор Б) аккумулятор

4. Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын  машина не деп аталады?

А) генератор Ә) трансформатор Б) статор

5. Трансформатордың жұмыс iстеу принципi ...  негiзделген.

А )жылу құбылысына  б) электромагниттiк индукция құбылысына   в) жарық құбылысына

6.Генератор неше бөліктен тұрады?

А) 1                 ә) 2                     б) 3

V. Қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма: § 60 Генераторлар. Трансформатор .Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі тақырыбын оқып келу. П.Н.Яблочков пен И.Ф.Усагинтуралы реферат жазу.


Пікірлер (2)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз