Атырау обл. Жылыой ауд. Тұрғызба ауылы
№4 мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Айтқұлова Мақпал Сүлейменқызы
Тақырыбы: Әнімді анама арнаймын
Мақсаты:
1. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
3. Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
4.Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелердің айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнеге-сін күнделікті өмірде пайдалану.
5.Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету.
Көрнекілігі: суреттер,гүлдер, плакаттар, нақыл сөздер, шарлар және т.б.
Жүрісі:
1-жүргізуші:
Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағ-дайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар, әжелер! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
2-жүргізуші:
Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жарал-ған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер, бүгінгі «Әнімді анама арнаймын» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.
1-жүргізуші:
Бүгін ерекше күн - Көктем мерекесі, Аналар, арулар, қыздар мерекесі.
2-жүргізуші:
Халықаралық әйелдер күнін көктемнің алғашқы айының басында тойлайды. Ол кезде күн жерді жылытып, гүл-бәйшешектер гүлдеп, құстар келе бастай-ды. Бұл мерекеге қол жеткізу үшін, әлем әйелдері өз құқықтары үшін ұзақ, әрі табанды күресті.
1-жүргізуші:
1857 жылы АҚШ тоқыма өнеркәсібінің жұмысшы әйелдері жалақының тө-мендігі мен жұмыс жағдайының нашарлығына байланысты ереуілге шықты.
2-жүргізуші:
Ал, 1910 жылы Дания атты шағын мемлекеттің астанасы, Копенгаген қала-сында, Клара Цеткин бастаған күрескер әйелдер жиналып, әйелдер мерекесін 8 наурыз күні тойлауды ұсынды. 1913 жылы Ресейде бұл күн алғаш рет атап өтілді.
1-жүргізуші:
Осы мерекені 100 жылдан астам уақыт атап өтуімізге себепші болған осы ер-жүрек, батыл әйелдерге алғысымыз шексіз. Ендеше, мерекемізді бастайық!
2-жүргізуші:
Ана-адамзат ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерей-дің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.
1-жүргізуші:
Біз мәңгілік сіздерге,аналар, борыштармыз дегім келеді.Сіздерге балалық жү-ректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!
2-жүргізуші:
Құрметті көрермен, бүгінгі кешімізде әжелер мен немерелер арасында сайыс ұйымдастырдық.
1-жүргізуші:
Олай болса сайысқа қатысатын әжелерімізді немерелерімен қошеметпен ор-таға шақырайық.
Гүлсім әже немересі Дамирмен
Збира әже немересі Ақсұлтанмен
Шандоз әже немересі Қарашашпен
Қалиса әже немересі Альбинамен
Сұлушаш әже немересі Айзеремен
Қалима әже немересі Ұлболсынмен
Нұрбике әже немересі Фаридамен
Қоңырша әже немересі Айсанамен
Қанымзия әже немересі Ализамен
2-жүргізуші:
Ендігі кезекте сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік.
1. «Тегін білу – тектілік» (өзін таныстыру)
2. «Сыр – сандық» сұрақ-жауап сайысы
3.«Сөз мәйегі – мақал»
4. Өнер сайысы
5. «Қолөнер» сайысы
1-жүргізуші:
Кім жеңеді сайыста? Үміт алда,
Қобалжу бар, жүректе күдік барда.
Әділ-қазы алқасы атыңды ақта,
Жүректерге арман менен бақыт жолда – дей отырып әділ – қазылар алқасы-мен таныс болыңыздар.
Әділқазылар: ата-аналар
Дамир:
Құрметтейік,о адамдар,аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
Қарашаш:
Нұрдәулет:
Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,
Анаға бас иеміз!
Шапағат:
Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,
Адалдықты, ар-намысты сақтаған
Мен ананың сонысына мақтанам.
2-жүргізуші:
Үлгі болып әжелер өтер деймін
Бір басына өнерлері жетер деймін.
Бәсекеге түскен әжелер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін, — деп кезекті таныстыруға берейік.
Ақтілек: «Ана» әнімен
2-жүргізуші:
Келесі сайысымыз «Сыр сандық» деп аталатын. Яғни, «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» - деп, көпті көрген әжелеріміз бен білімді балала-рымызға сұрақ-жауап кезегін берсек. Ол үшін сұрақты суырамыз.
1- тапсырма:
1. «Тілашар» қай кезде жасалады? (Бала мектепке барған кезде).
2. Ұйқасын тап: «Өзінше ноян, қорқақ кім? ( Қоян)
2- тапсырма:
1. Жеті ата қалай аталады? (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)
2. Ұйқасын тап: «Үні ғажап дүл-дүл,
Бақта сайрайды ........» (Бұлбұл)
3- тапсырма:
1. Үш арсыз қалай аталады? (ұйқы, күлкі, тамақ)
2. Ұйқасын тап: «Тұмсығымен шымшып,
Құрт тереді ......... (Шымшық)
4- тапсырма:
1. Бес парыз калай аталады? (Иман келтіру, бес уақыт намаз оқу, бітір-садақа, ораза тұту, қажылыққа бару)
2. «Сызып өтіп қарды мен,
Таудан түстім ............ (Шаңғымен)
5-тапсырма:
1.Тыйым сөздер айтыңыз.
2. Абай Құнанбаев кім?
6-тапсырма:
1.Бесікке салу дәстүрін түсіндіріңіз.
2.Қазақ жерінде алғаш мектеп ашқан кім?
7-тапсырма:
1.Тұсаукесер дегеніміз не?
2.Жоңғар шапқыншылығы кезінде ел қорғаған батырлар.
8-тапсырма:
1. Жігіттің үш жұрты туралы түсіндіріңіз.
2. Ұлы Отан соғысы батырларын ата.
9-тапсырма:
1. Қазақ халқы ұлы мен қызын қалай тәрбиелеген?
2. Желтоқсан көтерілісінің қаһармандарын ата.
Нұрболаттың орындауында ән
2-жүргізуші:
Тамызып мақал тілінің
Білімді болсаң жарарсың.
Ұшқыр ой, талап, біліммен
Әлемді жаулап аларсың, — келесі кезек мақал-мәтел жарысында. 1 минут ішінде көбірек мақал-мәтел айту.
Шұғыла «Аяулы ана» әнімен
Жақсылық:
Жан анам,құтықтаймын мереке күніңмен.
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы.
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен
Ұлболсын:
Анам менің аялап, әлдилеген
Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген
Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы
Қалайша ұмытамын бал татыған
Фарида:
Анашым алдыңызда қарыздармын
Өтеуден оны ешқашан қашпағанмын
Ананың баласына махаббаты
Мәңгілік алаулаған шам-шырағы.
Ясира:
Наурыз келді, жыл келді,
Тірілтуге гүлдерді.
Сәнденеді аналар,
Сәбилермен бірге енді.
Нұрәділ:
Ақ әжемді әрқашан,
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны,
Өлең айтып беремін.
Сағадат:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.
Салауат:
Ана деген — асыл жандар болаттай,
Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл Ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.
1- жүргізуші:
Ал кімнің өнері бар қаншалықты?
Толғанта ән салдырып, билетіп
Жасына қарамастан бұл ортада,
Қай әже таң қалдырар бұл халықты –деп «Өнер сайысын» тамашалайық.
Альбинаның орындауында «Ақбұлақ» әні
2-жүргізуші:
Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
Ешқайсысы жоқ сияқты
Бір-бірінен кем түсер, — дей отырып, әжесі мен немересі қолөнер сайысына не дайындап әкелгенін таныстырады.
1-жүргізуші: Балалар, мен сендерге бүгін жұмбақ жасырайын.
Ұзын мойын, екі ішек,
Қатар қатар тепкішек.
Басып көрсең бір бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп. Жауабы: Домбыра
2-жүргізуші: Келесі кезекті домбырамен «Жастар биі» күйін орындап бергелі отырған Аяулым мен Айзереге берейік.
1-жүргізуші: Ойын ойнап жіберсек қалай қарайсыздар? Аналарды балалары-мен ортаға шақырайық.Аналардың көзін жұмамыз, бір балаға құттықтау сөз айтқызамыз. Әр ана баласын даусынан тануы керек.
Ақсұлтан:
Ана деген адамға Атамекен.
Әр адам анаменен адам екен.
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым.
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен.
Бекзат:
Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,
Көрермендер көңілге көп ой түйген.
Құттықтаймыз арулар, аналарды,
Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен.
Аяулым:
Жыр арнайық оларға жігері ассын,
Гүл арнайық көңілі шалқып тассын.
Сыр арнайық жүректі жарып шыққан,
Нұр арнайық қуатын беріп жастың.
Айбек:
Мереке құтты болсын, аналарым,
Мәпелеп,еркелеттің,аяладың
Лебізіңе алғысты айта келе
Ән жырымды қабыл ал аналарым!
Қарашаш пен Сағадаттың орындауында «Ақ мамам» әні
2-ші жүргізуші:
Әр түрлі жағдаяттардан шешім таба білу.
(аналар мен балаларға екі бөлек сандардың артында жасырылған сұрақтар бар, солардың ішінен таңдап жауап береді.)
Аналарға арналған:
1. Сіздің үй шаруасымен қолыңыз тимей жатыр еді. Қызыңыз келіп әр түрлі сұрақтармен мазаңызды ала берді. Сіз не істейсіз? Сұрақтарына жауап бере-сіз бе, әлде қолыңыздың тимей жатқанын айтып бетін қайтарасыз ба?
2. Қызыңыз сынып жиналысы болатынын екі күн бұрын ескертті. Бірақ күй-бең тіршіліктермен есіңізден шығып кетеді. Қызыңызға бармағаныңызды қа-лай түсіндіресіз?
3. Сабақтан кейін қызыңыз ескертпестен жолдас қызының үйіне ойнауға ба-рады. Сіздің іздемеген жеріңіз қалмай, қатты уайымдап отырғанда қызыңыз келеді. Сіз не істейсіз?
Қыздарға арналған
1. Кұрбыңды ойнап жүріп орынсыз ренжітіп алдың. Сен өзіңнің кінәлі еке-ніңді біліп тұрсың. Не істейсің?
2.Сен күні бойы ойнап үйге берілген тапсырманы орындамай келдің. Мұға-лім сенен неге орындамағаныңды сұрады. Сен не деп жауап бересің?
3.Ата-аналар жиналысы болатынын анаңа айтуды ұмытып кеттің. Ертесіне мұғалімің ата-анаңның неге келмегендігін сұрады. Сен не деп жауап бересің?
Ұлболсын мен Ясираның орындауында «Ана-әке» әні
Аида:
Менің әжем, бұл әжем,
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді,
Қызығымды әлі әжем!
Бекжан:
Менің әжем нәр әжем,
Көп жасаған кәрі әжем.
Ауырғанда мен үшін,
Әр сүйгені дәрі әжем.
Айсана:
Менің әжем жыр әжем
Шуағы мол ақ әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман-есен жүр әжем.
Ибат:
Менің әжем гүл әжем
Алтын әжем күн әжем
Апам үшін мен үшін,
Нағыз ана тілі-әжем
Рамазан:
Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді ол кісі,
Қандай ғажап күлкісі
Айсананың орындауында «Өзбек биі»
Медет:
Әже біздің күніміз
Әже біздің гүліміз.
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Ақтілек:
Өмірде ана бұлақ, ана пана
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,.
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана! Ол біздің елде ардақты адам.
Ализа:
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - қуанышы өмірдің.
Ана деген - әрбір үйдің жылуы,
Ана деген - гүлі туған өмірдің.
Шұғыла:
Жамандықтан сақтандырған.
Жақсы ісімен мақтан қылға.
Ақ апамды әрқашанда,
Жүрсем деймін шаттандырып.
Нұрболат:
1-жүргізуші:
Әділ қазы алқасы,
Әділден берсін бағасын.
Жеңіске жеткен топтардың
Өркендей берсін талабы,- дей отырып әділ қазылар алқасына сөз берейік.
Фариданың орындауында «Ата-әже» әні
Ойын
1. Аналармен. « Әндер сақинасы» (бір ана ән бастайды, келесі ана жалғасты-рады)
2. Ер балалармен. «Жүрекке жылы сөздер» (ұлдар «Анам қандай? деген сұ-раққа жауап болатын сөздер тізбегін айтады) мейірімді, ақылды, әдемі,са-бырлы, әйбат, т.б.
Бекжанның орындауында «Құттықтаймын, мама» әні
Біз ойнағалы отырған ойынымыз «Тасбақа» деп аталады. Балалар, сендер қа-зір тұрған жерлеріңнен орындыққа дейін жаймен барып келулерің тиіс.
Мұғалім: Әрине, жеңіске ең соңғы жеткен баламыз жетеді. Өйткені, бұл тас-бақалар сайысы болды.
Ализаның орындауында «Ана, сен бақыттысың» әні
Қорытындылау.
2-жүргізуші:
Әжелер қалқып бақыт арасында,
Уайым мұң қонбасын басыңызға.
Осымен кешімізді аяқтаймыз,
Гүл толсын деп ананың құшағына .
«Көктем вальсі» қыздардың орындауында
Балалар аналары мен әжелеріне арнап дайындаған ашық хаттарын ұсынады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі