Өлең, жыр, ақындар

Төрлет, құтты жаңа жыл

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Құрық ауылы

«Балдырған» бөбекжай бақшасының

Тәрбиешісі: Урунбасарова Гүлнара

 

Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып билеп кіреді.

Жүргізуші: Құрметті облыстық интернат қызметкерлері, ата-аналар, бүлдіршіндер сіздерге жаңа қой жылында табыстарға жетіп, отбасыларыңызға қуаныш пен бақыт дендеріңізге саулық тілей отырып бүгінгі «Төрлет, құтты жаңа жыл» атты жаңа жылдық ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле жаңа жыл

Бізге құтты жол болсын!

1 бала Айтжан

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

2 бала Құралай

Қыс мезгілі көңілді

Аспанан ақ қар төгілді

Шаңамен біз ойнаймыз

Шаңғы түіп зырлаймыз

3 бала Хадиша                                                                                                        

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Қөз тоймайды қараса

Жүргізуші: Бүлдіршіндердың орындаунда ән «ЖАҢА ЖЫЛ» 

Ертегілер, ертегілер әуенмен сиқыршы ханшайым кіреді.

Сиқыршы ханшайым: Сәлеметсізба менің достарым үлкен, кішкентай балғындарым. Мен сиқыршы ханшайыммын.

Жүргізуші: Қош келдің сиқыршы ханшайым. Бүгін біз мереке өткізіп жатырмыз. Біз мерекеде өлең айтып, шыршаны айналып билеп жүреміз.

Сиқыршы ханшайым: Қызық екен, ол қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл.

Сиқыршы ханшайым: Қайдан ол келеді? Қайда ол сосын кетеді? Мен бәрін білгім келеді? Жаңа жыл деген не?

1 бала Айдана

Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жылда, жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Жадырап барлық бала жүр.

2 бала Батыр

Жаңа жылды қарсы алдық  

Мініп алып күймеге

Менде бүгін ән салдым

Араластым биге де.

3 бала Гауһар

Жаңа жыл, жаңа жыл

Сені күттім елендеп

Өзіңменен ілесіп

Аяз ата келер деп.                                                

Жүргізуші: Міне біздің  жаңа жыл қандай. Бізбен бірге қалып балалармен би билеп, ән салып біздің мерекеміздің құтты қонағы болыңыз.

Сиқыршы ханшайым: Жаңа  жыл не екенін енді білдім. Әрине менде сендермен қаламын жаңа жылды қарсы аламын. Бірақ мен Аяз  атаны танымаймын. Ол кім?

Балалар: Аяз ата ол деген мейірімді, сүйкімді ақ сақалды ата. Ата көп ертегілерді біледі, ол ормандағы жануарлардың досы. Аяз ата барлық балалармен бірге билейді, ән айтады. Біз атаны жыл бойы күтеміз.

Сиқыршы ханшайым: Балалар мен Атаны таныдым (қоңырауды алып), қазір мен қоңырау шылдыратсам Аяз ата тез арада келеді.

Музыка ойнайды, Гном билеп келеді.

Жүргізуші: Балалар мынау аяз ата?

Балалар: Жоқ

Гном: Сәлеметсізбе балалар. Ия мен Гноммын.

Сиқыршы ханшайым: Ия сен Аяз ата емессің. Сенің мұрның қызыыл емес, сақалың ақ емес? Сен мұнда қалай келдің? 

Гном: Сиқыршы ханшайым, сен қоңырауды шырылдаттың мені осында шақырдың.Мен тез арада балаларға жеттім.

Жүргізуші: Гном қандай күлкілі, қандай әдемісін сен бізбен қал біз өлең айтамыз, билейміз жаңа жылды қарсаламыз.

Гном: Әрине бүгін жаңа жыл ғой. Бәріміз шыршаны айналып ән айтайық.

Ән  «ШЫРША ШАМЫ ЖАРҚЫРА»

Жүргізуші: Балалар бізге Аяз атаның орнына бізге күлкілі Гном келді. Енді бізге Аяз атаны шақыршы сиқыршы ханшайым.

Сиқыршы ханшайым: Басынан бастап мен шатастым. Енді мен қайталамаймын. Маған тағы көмектесіп жіберіңізші, Аяз ата туралы беріңші.

1 бала Нұрғазы

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып 

Келеді елге сапардан

Аяз ата оралып

2 бала Дарья                                                                                                                                       

Ақсақалды шал жылына

Бір ақ рет келіп кетеді

Қызы мен Ұлына

Сыйлық алып келеді.

3 бала Інкәр 

Келді  тағы  жаңа жыл 

Қуантумен біздерді

Аяз ата келеді  

Құттықтауға біздерді

Жүргізуші: Көктемде оны көрмейміз, жазда бізге келмейді, жылда ол қыс болғанда келеді.

Сиқыршы ханшайым:  Қайталама, шатаспа қоңырауым шырылда.  Ақ сақалды атаны, сен әкел тездет мұнда.

Музыкамен аққала келеді.

Аққала: Қандай тамаша шырша, әдемі қыздар мен ұлдар. Мен далада тұр едім, бір уақытта қоңыраудың дили дон,  дили дон деген ырылдағанын естіп тездетіп жүгіріп келдім.

Сиқыршы ханшайым: Бұл қалай, бұл незат? Ешнәрсеге түсінбедім менің сұрағыма жауап бер Аяз ата емеспе?            

Аққала: Жоқ, жоқ, жоқ. Мен Аққаламын. Мұздан қардан жасалғанмын.

Жүргізуші: Айтары жоқ сиқыршысың, қайта қайта шатасасын.

Аққала: Мен сендермен қалғым келіп тұр бола ма?

Балалалар: Әрине болады. 

Аққала: Менде сендерге ойын ала келдім, ойнаймыз ба?

О Й Ы Н  « БІРДЕЙ  АҚҚЫРАУ ТАП»

Жүргізуші: Біз ойнадық, өлең айттық. Шыршаның жанына қонақтарды жинадық. Бірақ біздің бас қонағымыз Аяз ата мен Ақшақарымыз жоқ.

Сиқыршы ханшайым: Мен өтінемін ренжеменші, шатаспаймын мен енді. Балалар барлығымыз қосылып Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Балалар: АЯЗ АТА, АҚШАҚАР ау,ау

МУЗЫКАМЕН АЯЗ АТА, АҚШАҚАР келеді.

Аяз ата: Сәлеметсізбе балаларым, балаларым балғыным өмір гүлім, шалғыным. Тілеймін жыл бойы сендердің денсаулығың. МЕні көп күткен шығарсыңдар. Мен алыс-алыс жолдардан келемін. Менің балғындарым маған не әзерлеп қойды екен.

Балалар: Сәлеметсізба Аяз ата, Ақшақар!

Аяз Ата: Қандай әдемі шыршаныз. Бірақ шыршаныз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне сиқырлы сөзбен оның шамдарын жарқыратайық! 

Қуант бізді таңырқат 

Шамдарынды жарқырат!

Балалар: Қуант бізді таңырқат

Шамдарынды жарқырат! ( қолдарын шапалақтайды) 

ШЫРШЫМЫЗ  ЖАНАДЫ

ӘНІМІЗ «  А Я З   А Т А»

Ақшақар: Менде сендерге бос келген жоқпын. Менім жұмбақтарым бар, шеше аласыңдарма?

1. Қарға мүлгіп дала тұр

    Келе жатыр (Жаңа жыл)

2. Қызыл мұрын, ақ мұрты

    Білсең  атын тез

    Келеді бізге (Аяз ата)

3. Шырша бүгін кәделі 

    Сендер бүгін (Әдемі)

4. Көңілсіз бала жоқ

    Ойын-күлкі таралсын

    Құтты болсын (Жаңа жыл)

Жүргізуші: Сізді Аяз ата өнерлі деп айтады, бизге билеп берші.

Аяз ата: Биле десен билейін, онда үлкен шеңбер жасан, мен билейтін болсам симаймын.

МУЗЫКА ӘУЕНМЕН АЯЗ АТА билейді.

Сиқыршы бийден кейін Аяз атаға қар лақтырады.

Аяз ата: Бұл кім? Маған қар лақтырған

Балалар: Сиқыршы

Сиқыршы: Балалар Аяз Атаға қар лақтырып ойнайық.

О Й Ы Н  «Қ А Р  Л А Қ Т Ы Р У»

Аяз ата: Шаршадым мен балдарым.

Сиқыршы ханшайым: Аяз ата мыңа қолғап кімдікі?

Аяз ата: Менікі

Сиқыршы ханшайым: Онда алыныз, деп балаларға беріп қояды, балалар бір-біріне лақтырып Аяз Атаны алдайды.

Жүргізуші: Аяз  Ата шаршаған шығарсын,  отыра тұр дем ал біздің «Ұлпақарлардың» биін тамашаланыз

Б И « Ұ Л П А Қ А Р Л А Р»

Аяз Ата: Балалар тақпақтарын айтып білеме?

1 бала  Ардақ

Далада қар борайды 

Ақ  мамыққа орайды

Мұз болып қатады

Жып жылтыр болып жатады

2 бала Құралай Ө

Келеді деп Жаңа жыл

Қоян,  Қасқыр досым да

Жиналыпты осында

Кел, кел  Жаңа жыл

3 бала  Дулат                                                                                                      

Қалып едік сағынып, 

Күтіп алдық жабылып.

Жолын қойдың жарық қып

Шыршамызға шам іліп.

4 бала  Айтжан

Cноуон зэ граунд

Сноу он зэ три

Сноу он зэ  хауз

Сноу он зэ ми

5 бала Айдана

Спринг из грин                                                                  

Саммэ из брайт

Отм из еллоу

Уинтэ из  уайт                                                                                                           

6  бала Дарья 

Уинтэ  уинтэ

Летс гоу скэйт 

Донт би лэйт уинтэ уинтэ

Лэтс гоу ролл.

Жүргізуші: Бізге қонаққа Буратино мен Мальвина келді, олардың биін тамашала.

Б  И   « Б У Р А Т И Н О »

Аяз ата: Жаңа жылдарымен достар, сендерге жаңа қой жылы бақыт әкелсін Ақшақар шанамызға мінейік алда барар ауыл бар.

Жүргізуші: Аяз Ата біздің балаларға сыйлықтарыңды беруге ұмытқан жоқсыңба?

Аяз ата: Дұрыс айтасын. Қазір берейін (іздейді), табылмайды. Сиқыршы ханшайым маған көмектесші сыйлықтарымды табуға.

Сиқыршы ханшайым: Енді мен мұқият боламын, шатаспаймын сыйлықтарды табуға тырсамын.

Аяз Ата: Мынау менім қалтам, ший байланып қалды, ашылмай тұр. Балалар мыңа қалтаға бәріміз үпрейік.

Балалар: Упреді

А Я З  А Т А,  А Қ Ш А Қ А Р сыйлықтарды таратады.

Сиқыршы ханшайым: Жаңа жыл мерекеміз өте тамаша өтті. Біздің де кететін уақыт болды. Біз Аяз Ата Ақшақармен, Аққаламен бәріміз  келесі жылға дейін қоштасамыз. Қош сау болыңыздар!

Жүргізуші:  Міне бізде келе жатқан жаңа Қой жылды қарсалдық осы мен «Төрлет, құтты жаңа жыл!» атты ертеңгіліміз аяқталды. Балалардың  шырша айналып билейтін Жаңа жыл деген бии бар, оған ата-аналарды қосылып бийлеуге шақырамыз.

«Ж А Ң А   Ж Ы Л »

Аппақ аппақ жапалақтап

Қар жауды тынбастан

Қалын орман қар жамылған

Маужырайды түнгі аспан

 

Кел билейік, үйренейік 

Ол келгенше жаңа жыр

Құтты болсын, құтты болсын

Құтты болсын жаңа жыл

 

Кең пейілді, мол мейірлі

Сағынышпен табысқан

О, алақай  Аяз Ата 

Келе жатыр алыстан

 

«А Я З   А Т А»

Ақ таяғын таянып

Таңмен бірге оянып

Аяз Ата келіп тұр

Ақ  күпеге оранып

 

Ал балалар тұрайық

Би  билейік, ойнайық

Аяз Ата қуансын

Дөңгеленіп зырлайық

 

Көрдің бе Аяз Атаны

Аппақ екен сақалы

Аппақ екен мұрты да

Аппақ екен шапаны.

«Ш Ы Р Ш А   Ш А М Ы   Ж А Р Қ Ы Р А»

Аппақ, аппақ даламыз

Аппақ, аппақ қаламыз

Шыршамыз тұр жараса 

Көз тоймайды қараса

 

Бір- екі, бір-екі, үш

Шырша шамы жана түс!

Бір-екі, бір-екі, үш

Шырша шамы жаңа түс!                     

 

Все кругом белым белом

Белым снегом замело

Елочка пушистая

Зеленая, игристая

 

Раз-два, раз-два, три

Собери вокруг друзей

Раз- два, раз-два  три

Огоньки  зажги  скорей! 


Пікірлер (2)

шынгыс

мен жанажыл туралы жаз дым гои олен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз