Ержігітова Жанат Қожағұлқызы –
Ойыл ауданы, Сарбие ауылы,
«Әсем» мектепке дейінгі кәсіпорын тәрбиешісі
Әдістемелік жетекшісі: Әлия Жолдасқалиқызы Ұлықпанова – Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, г.ғ.м.
Білім саласы: «Қатынас»
Білімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Жабайы аңдар
Білімділік мақсаты: Балаларға жабайы аңдар туралы алғашқы түсінік беру. Жабайы аңдарды бір-бірінен ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап беруге үйрету. Сөздік қорларын дамыту. Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Балаларды жан-жануарларды қорғауға, табиғатты аялай білуге, адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу;
Ұйымдастырылған оқу
іс-әркетінің әдіс-тәсілдері: көркем сөз, әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, ой қозғау, ойын.
Көрнекіліктер: Жабайы аңдар суреті: қасқыр, аю, түлкі, жұмсақ ойыншық, жолбарыс, арыстан, хайуанаттар бағының безендірілуі, бетперделер.
Ұйымдастырылған оқу
іс-әрекет түрі: Дәстүрден тыс сабақ.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет типі: Саяхаттау, жаңа білімді беру
Пәнаралық байланыс: Қоршаған орта, көркем әдебиет, математика, музыка.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Ертегілер айту, жұмбақтар жасыру, аңдар туралы тақпақтар жаттату.
Сөздік жұмыс: «Хайуанаттар бағы», «тік құлақ», «қауіпті», «жыртқыш».
Сөздік қор: «қабаған», «түлкі тымақ», «үлпілдек», «икемсіз».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әректеті |
Мотивациялық Қозғаушы
Іздену ұйымдастырушы
|
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ойыннан басталады.
Табиғатты қолдай біл, Аң құсын да қорғай біл. Біліміз керек оны біз, Біз де табиғаттың ұлымыз. Табиғат бөлек демеңіз, Сол үшін жауап береміз.
(Балалар топқа келеді).
Жұмбақ жасыру: «Өзі бір қу, жүрген жері айқай мен шу» (Түлкі суретін тақтаға іледі)
Келесі жұмбақ: «Сұр түсті, ақсиған көп тісті» (Слайдтан қасқырдың суреті көрсетіледі).
Жұмбақ: «Қанжардай тісі бар, Суық үрейлі түсі бар» (Слайдтан жолбарыстың суреті көрсетіледі).
Сергіту сәті: Ойын. «Әуеніне сәйкес қимылын тап» Ойын шарты: аю, түлкі, қасқыр, бетперделерін киген балалар әрқайсысы өздерінің әуендеріне сәйкес қимылын салады, балалар қандай аң екенін табады. Қортындылау:
Күтілетін нәтиже: Білуі: Аңдарды бір-бірінен ажырата білу. Меңгеруі: Жабайы жыртқыш аңдар туралы толық мағлуматты меңгерту. Жасай алуы: Көру, есту, түсіну арқылы өз беттерінше іс-әрекет жасай алу. |
Сұр және қара жолақтары бар.
«Қырда жүрер ол жортып, іні де жоқ бармайтын. Құйрығымен бұлтартып, Түлкі – аң ол, алдайтын».
«Кіріп еді орманға, Арық қойды сорғилы. Қасқыр жолы болмайды, Қолға түсті сорлады».
Орманда мен жүремін, Балды жақсы көремін.
«Тауда жүрген тарғыл аң, Ол қайратты жануар. Айбат шегер алыстан, Аң патшасы – Арыстан»
«Алғашқы буыным, Көшті бастар ұлымын. Сосын тоғай руының, Екеуін қоссаң ірімін, Көп аңдардың бірімін»
Жабайы жыртқыш аңдар
|
назерке
Жаксы денгейде жазылган
Қарақат
Мына сөздің мағынасына қарай жақсы болып шыққан бірақ ішінде неге жұмбақ ойын ойнату мақалдың жалғасын тап дегендер болмайды. Бұл ертең баланың психологиясын жақсартады.