Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылы
Жалағаш ауданы № 114 орта мектептің бастауыш пәнінің мұғалімі
Нақыпова Зауре Нұрлыбекқызы
«Ертегі айтып өсемін»
Түлкіні алдаған қаз.
Түлкі жайылып жүрген бір қазды ұстап алады. Оны біраз мазақтайын деп ойлайды. Қазды алдыңғы екі аяғымен басып тұрады да, мұртынан күліп:
Е, қаз, сенің қолыңа мен түссем, не істер едің? – деп сұрайды.Қаз сәл ойланып тұрып:
Сені тісіммен тістеп тұрып, екі аяғымды кеудеме қоямын да, көзімді жұмып «Құдай бергеніңе шүкір!» деп жеп қояр едім, - дейді.
- Мынауың дұрыс екен. Мен де сені өзің айтқандай етіп дейін, - дейді түлкі.
Ол қазды тістеп, алдыңғы екі аяғын қусырып, көзін жұмып:
- Е, құдай! – дей бергенде, қаз қанатын қағып-қағып ұша жөнеледі. Түлкі аузын ашып, шоңқиып қала береді.
Шортанның қалауы бойынша
Бір шалдың үш ұлы болыпты: екеуі ақылды, үшіншісі ақымақ Емеля. Ол күні бойы пе үстінде жатудан басқа түк те істемейді екен.
Бірде бауырлары базарға кетеді де, жеңгелері:
- Емеля, су алып келші, әйтпесе ағаларың базарлық әкелмейді,-дейді.
Емеля пештен түсіп, шелек пен бала алып, өзенге кетеді.
Емеля мұз ойығынан шелекпен су алып шыққанда, шортан ұстап алады.
- Мені жіберші, - деп жалынады шортан,-барлық қалауыңды орындайын. Сен тек: «Шортанның әмірімен, менің қалауыммен»,-деп айт, бәрін де жасаймын.
- Шортанның әмірімен, менің қалауыммен шелектер, өздерің үйге барыңдар-, деп бұйырғаны сол еді, су толы шелектер өздері үйге кетті.
Емеля шортанды жіберіп, үйге қайтты.
Келесі жолы оны орманнан ағаш әкелуге жұмсады.
Емеля аулаға шығып, шанасын жекті де:
- Шортанның әмірімен, менің қалауыммен шаналар, өздерің орманға барыңдар,-деді.
Шаш орманға барды, ағаш та осылай өзі жарылып, өзі артылып, шанамен өзі үйге барып та қалды.
Бұл ғажап ел арасына тарап кетеді. Оны патша да естіп, Емеляға офицерді жұмсайды.
Офицер Емеляға келіп:
- Жүр, ақымақ, сені патша шақырып жатыр,-дейді.
-Ал менің барғым келмейді...
Офицер ашуланып, Емеляны жақтан тартып жібереді. Сонды ол:
- Шортанның әмірімен, менің қалауыммен шоқпар, офицердің сазайын бер,-дейді. Аяқ астынан шоқпар шыға келіп, офицерді төмпештей жөнеледі.
Ақыры жалынып жүріп, Емеляны патшаға әкеледі. Емеля патшаның қызын ұнатып қалады.
- Шортанның әмірімен, менің қалауыммен патшаның қызы, маған ғашық бол,-деп әмір етеді.
Патшаның қызы Емеляға құлай ғашық болып қалады. Әкесіне жалынып, өзін Емеляға тұрмысқа беруді өтінеді.
Патша ашуланып, Емеляны теңізге лақтыруға бұйырады.
Сонда Емеля:
- Шортанның әмірімен, менің қалауыммен бізді алысқа алып кет,-деп әмір етеді. Осылайша ол өзіне сарай салдырып алып, патшаның қызы екеуі бақытты өмір сүріпті.
Тапқыр қоян.
Бірде аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Бір қазан суды қайнатып қойып: «Осы суды кім ішіп қойса,көп сыйлық беремін» деген шарт қойыпты.
Аңдар бірінен соң бірі келеді. Қанша өжеттенсе де,қайнап тұрған суды ішуге батылдары бармапты.Ең соңында қоян келеді.Қып-қызыл шоқта тұрған қазанды көтеріп алады да:
Суды ыстықтай ішуді өте жақсы көремін, - деп жан-жағына қарайды.
Ендеше , іше ғой, - дейді аңдар аң-таң қалып.
Қоян ұзыннан –ұзақ қаз-қатар тізіліп тұрған аңдарды жағалай жүріп:
Мінеки , достарым, мынау ыстық су. Көздеріңмен көріңдер, - деп бас
басына көрсетіп шығады.
Қоян аңдарды басынан аяғына дейін аралап шыққанша ,қазандағы су
суып қалады. Ал, тапқыр қоян суды басына бір-ақ көтеріп,сіміріп салады. Таңданған аңдар ауыздарын ашып,көздерін жұмады. Алданған арыстан қоянға көп сыйлықтар беріп: «Міне , нағыз ер!» - деп мақтапты....
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі