Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы
Қарабұтақ орта мектебі
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі:
Тныбекова Гульшара Апураевна
Білім беру саласы: Таным
Оқу іс-әрекеті: Экология
Сабақтың тақырыбы: Алтын күз
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балалардың күз мезгілі жайында түсініктерін бекіту.
Күз мезгіліндегі табиғат ерекшелігі мен өзгерістері туралы әңгімелеу.
Тәрбиелік: Балаларды құстарға қамқорлықпен қарауға және еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Табиғатты аялауға ,үлкендердің еңбегін бағалай білуге баулу.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу,түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын .
Көрнекіліктері: интерактивті тақта,суреттер,жемістер,жапырақтар.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері:
Арайлап бүгін атты күн
Шашып бізге шапағын.
Тілейміз сізге ақ таңның
Қуанышты шаттығын.
Қайырлы таң,қайырлы таң !
Сабақтың барысыңда балалар бір-біріне жылы лебіздер білдіріп,амандасады.
Жаңа сабақ.
Тәрбиеші: Қазір далада жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі
Топтастыру «Күз мезгілі»
Алуан –алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Ойын тәртібі: Сурет бойынша жыл мезгілдерін тауып сызық арқылы қосу
Сергіту сәті
Биік болып өсеміз.
Жапырақтай жайқалып
Табиғатты сүйеміз.
Денемізді тік ұстап
Билеп, билеп, аламыз.- музыка әуенімен балалар жапырақтармен билейді.
1.Алтын сары тоны бар.
Қойынында дәні бар. (бидай)
2.Әрі қызыл әрі тәтті
Татқан жанды таңырқатты. (алма)
3.Қызыл жасыл кемелер
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел
Ырғалады толқиды. (жапырақ)
4.Аласа ғана бойы бар
Қабат-қабат тоны бар (қырыққабат)
5.Көк лағым көгенде жатып семіреді.(қарбыз)
І-топ жемістерІІ-топ көкөністер
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі сабақта біз қай жыл мезгілі туралы әңгімеледік.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі