Қарабұтақ орта мектебі
Мектепалды даярлық тобы
Тәрбиеші: Тныбекова Гүлшара
Мақсаты: Балаларға ана тілі туралы түсінік беру,білімін жетілдіру.Өзінің ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру,ой-өрісін,сөздік қорын дамыту.Туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер,нақыл сөздер,шарлар, т.б
Әдіс-тәсілі: әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Тәрбиеші: Сахнаны жандырады биіменен
Саусақтары майсып дөңгеленген.
Бір топ қызымыз алдарында,
Билейді әсем биді «Қамажай» деген.
Тәрбиеші: Қайырлы күн, құрметті Тіл мерекесіне жиналған қауым.Ана тілі-адамның жан дүниесінің айнасы,өсіп-өніп түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі.
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім -дей отырып, Тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тілім менің тірегім,соғып тұрған жүрегім» атты мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіз.
Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып.
Ана тілін білу заңдылық
Өсер балаң,байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Тәрбиеші: Балалар , біз қай Республикада тұрамыз?
Жандос: Ана тілім- елдігім,
Ана тілім –ерлігім
Тілді биік құрметтеп,
Тойлап жатыр ел бүгін.
Ақгүл: Тілім барда мақтанам
Тілім менің апппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі,
Ана тілім сақтаған.
Дарын: Ақыл- ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.
Орынбек: Ана тілім-тірегім,
Ана тілім-жүрегім
Қасиетті елімнің,
Тек өзің деп білемін.
Тәрбиеші: Келтіретін әр кезде сахна сәнін,
Көреді жақсы барлық туыстарын
Мектепалды даярлықтың балғындары
Шырқайды әсем шаттық әнін.
Ән: «Жақсы көрем»
Тәрбиеші: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте
Назерке: Сүйесің өз тіліңді,
Боласың білімді.
Өз тілің үйретер,
Өнерді ғылымды,
Ардақта тіліңді.
Абылай: Жанымнан қымбат,
Ана тілім маған.
Ана сөзің тыңдап,
Үлгі өнеге алам.
Армангүл: Ана тілің білмесең,
Қадірлісің кімге сен?
Ана тілі арқылы
Тарихыммен тілдесем.
Тәрбиеші: Өнерлерің үстем болсын балалар ! Сендер тілге байланысты мақал-мәтелдер білесіңдер ме? Қане, кім айтады?
Тәрбиеші: Тіл тас жарады, .....................
Гүлнұр: Жақсы сөз- .............
Нұрсұлтан: Тіл қылыштан.........
Гүлімай: Шебердің қолы ортақ, .........................
Саят: Білімнің кілті .......
Тәрбиеші:Өнер алды ........
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар.Тіл туралы қандай ән білесіңдер?
Ән: «Ана тілім»
Тәрбиеші:Қане , кім жұмбақ шеше біледі?
Тәрбиеші: Тілмен ғана қызық менің тірлігім,
Тату еткен елмен елдің бірлігін.
Туған тілмен асқақ шығып,ізгі үнім,
Туған тілде алып жүрміз біз білім.
Бауыржан Момышұлы «Қазақ тілі әр түрлі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақтар шешен әрі әдемі сөйлеудің шебері»деген дей қашанда тіліміздің мәртебесін көтеріп, қадір-қасиетін қастерлей білейік.
Осымен құрметті ұстаздар,сүйікті бүлдіршіндер, ««Тілім менің тірегім,соғып тұрған жүрегім» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі