Шымкент қаласы № 54 жалпы орта мектебі
Мұғалімнің аты-жөні: А.Айдосова
Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 9-«Ә»
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Қазыбек би Келдібекұлы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазыбек бидің өмірін, еңбектерін, әңгімелерінің тәрбиелік ұғымын топтық жұмыс арқылы ұғындыру. Сабақ барысында оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретіп, білім дағдыларын қалыптастыру.
Табыс критерийі: Қазыбек бидің өмір жолын, еңбектерін білу, тану. Қазыбек бидің әңгімелерінің тәрбиелік мазмұнын, мағынасын талдай білу. Қазыбек бидің нақыл сөздерін қолдана білу.
Оқыту нәтижелері: Оқушылар сабақта Қазыбек бидің төрелігін, әділдігін көріп, тәрбиелік мәнін ұғады. Топтасып жұмыс жасағанда бір-бірі әділ болады, мазмұнды сөйлеуге талпынады.
Көрнекіліктер: суреттер,слайд,плакат,стикерлер,маркер, АКТ.
Дерек көздер: «Қазақ әдебиеті» оқулық, интернет желісі, «Қазақ әдебиеті» хрестоматия.
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Қажетті ресустар |
2 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар сөздер қиындысын құрастыру арқылы топқа бөлінеді.Әр оқушы тақырыптарына сай топтасады.Тақырыптарының мағынасын топтасып ашады.
|
Оқушылар парақшаларды алып, топтасады.Оқушылар бір-бірімен диалог құрады.
|
Стикерлер
Плакат, |
15 мин |
Кері байланыс
Үй тапсырмасын сұрау: Әр топқа Төле би туралы аңыз –әңгімелерден үзінді беріледі.Әр топ ролдік ойын арқылы көрсетеді. |
«Төле бидің төрелігі» туралы әңгімелерін ролге бөліп, ойнап көрсетеді.Әр оқушы өзінің шығармашылық қабілетін ,талантын аша біледі.
|
Парақшаларға жазылған аңыз-әңгімелер
|
15мин |
Жаңа сабақ: Оқушыларға Қазыбек би туралы мәлімет топтауды тапсырдым. «әділдік» тобына ұялы сымтектегі интернет желісінен, «шешендік» тобына ноутбуктан,«алғырлық» тобына кітапхана қорынан, «тапқырлық»тобы оқулықтан жазуды тапсырдым.Әр топ алған мәліметтер бойынша ойларын айтады,қорытады.
|
Әр топ Қазыбек бидің өмірі, әңгімелерінің тәрбиелік мәні,қызметтері,төрелігі туралы ақпарат көздерінен іздейді.Оқушылар топтасып, бір-бірінен білмегенін біледі. |
Ұялы телефон,ноутбук, кітаптар қоры |
8 мин |
«Ой қозғау» Қазыбек би туралы алған мәліметтер бойынша Венн диаграмасын өткен сабақ Төле би мен салыстыру,ұқсастығын табу |
Оқушылар Қазыбек би мен Төле биді салыстырады.Ұқсастығын табады. Бірі-бірімен диалог құрады. Тақырып бойынша сұрақ қояды,жауап береді, дәлелдейді.
|
Венн диаграмасы сызылған плакат, Интербелсенді тақта |
4 мин |
Оқушылар сабақ барысында белгіленген критерилер бойынша өзін-өзі бағалайтынын айтамын. Сабақты «Бес жұлдыз,бір үміт» тәсілімен қорытынды жасаймын.
|
Оқушылар белгіленген критерилер бойынша өзін-өзі бағалайды. Оқушы қызығып белсенділігі артады.Әр топтың көшбасшына қол шапалақтап, мақтап отырады.
|
|
1мин |
Үйге тапсырма:Қазыбек би туралы аңыз әңгімелерін оқып келу
|
Оқушылар Қазыбек би туралы аңыз әңгімелерді ізденіп,оқиды |
|
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
- Шоқан Уәлиханов
- Рәбиға Сыздықова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі