Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ортадересін ауылы
"Ортадересін жалпы орта білім беретін мектеп" КММ-сінің
Психологі: Кокина Асел Сериковна
Міндеті:
Сабақтың түрі: психопрофилактикалық сабақ
Құралдар: ҰБТ-ға байланысты слайд, шарлар, ақ қағаз, қалам, тест парақшасы.
Тренингтің барысы:
Психолог: Құрметті оқушылар, сіздер Қазақстанның болашағысыздар, болшақ бүгіннен басталады! Сіздер кеше ғана бүлдірішін бала, қызыл шақа балапан болсаңдар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын, жарауы жеткен сайгүліктей ауыздықпен алысып тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім еңбектенсе, соның бағы жанады. Халқымыз айытпақшы «Талаптыға нұр жауар! » деген емес пе? Бақтарың жансын.
Тренингтің кезеңдері.
Шарты: Топ дөнгелек болып отырады, қатысушылар кезекпен сәлемдесіп, әр оқушы есімін айта отырып,өз бойындағы жақсы қасиеттерді қоса айтады
Оқушылардың өзін жайлы сезінуін қалыптасытыру, ойынға соңына дейін белсенді қатысу мақсатында жүргізіледі.
ІІ. Ойынды бастау кезеңі
Дембо – Рубинштейн әдістемесі бойынша өзіне сенімділігін бағалау.
2. «Өзіңді-өзің бағалау» тесті
Түсіндірме:Оқушыларға тест парақшасы беріліп, шкала бойынша толтыру ұсынылады.Дембо – Рубинштейн әдістемесі бойынша өзіне сенімділігін бағалау. Кезкелген Адам өз қабілеттілігін, мүмкіндігін, мінезін т.б. қасиеттерін өзінше бағалайды. Адам сапасының өсу деңгейі әр түрлі, ол адамзат қоғамында ең төменгі дәрежеден, ең жоғары нүктеге дейін бағаланады, сендер төмендегі берілген 7 қасиет бойынша өзіңіздің қасиеттеріңізді 100 балдық шкала бойынша бағалаңыз және әрбір шкалада қасиетіңіздің байқалу деңгейін белгілеңіз. Осыдан кейін әр шкала бойынша балдарды қосыңыз және 7 санына бөліп, орташа арифметикалық мәнін табыңыз.
1. Денсаулық;
2. Ақыл, қабілет;
3. Мінез;
4. Бақыттылық;
5. Ұқыптылық;
6. Ішкі дүниесі;
7. Сенімділік.
|
45 балдан төмен |
45 балдан төмен |
75 – 100 |
Өз - өзін бағалау деңгейі |
Өзін - өзі бағалау деңгейі төмен Сіз өзіңіздің мүмкіндіктеріңізді тым төмен бағаламайсыз. Сырт көзге көріне бермесе де, өзіңізге өзіңіз сенбейсіз. Сіздің мүмкіндіктеріңіз сіз ойлағаннан жоғары |
Өзін - өзі бағалау тепе - тең Сіз өзіңізді жеткілікті реалистік тұрғыда бағалайсыз және өзіңіздің бағаңызды жақсы білесіз |
Өзін - өзі бағалау аса жоғары Сіз өзіңізді және мүмкіндіктеріңізді асыра бағалауға бейімсіз. Бұл адамдармен қарым – қатынаста белгілі қиындық тудыруы мүмкін. |
«Дыбыстық жаттығу»
А- барлық ағзаға жақсы әсер етеді.
Е- қалқанша безге әсер етеді
И-миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді
О- жүрекке, өкпеге
У-асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді.
М-барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді
Х- ағзаның тазаруына әсер етеді
Ха-көңіл күйді көтеруге көмектеседі
3. «Мен кіммін» әдістемесі
Мақсаты: Оқушылардың «Кеше кім»?, «Бүгін кім?», «Ертең кім?» болатынын түсіндіре отырып, өзінің кімге сәйкестендіретіндігін анықтау.
Алдыға 12 оқушы шығып шеңбер құрады, бір шетінен бастап өзінің кім екендігін айтады. Психолог жеткізе алмаған оқушаларға жетелейді, бәрі айтып біткен соң олардың айытқан сөздеріне қортынды жасайды.
4. «Стрессті қалай жеңуге болады?»
Ойын барысы: Ортаға оқушы шығады.1. Оқушыларға шар үлестіріледі, психолог, оқушылардың бір шетінен «Сендердің қандай жағдайда жындарың келеді?» деген сұрақ қояды. Оқушалр сол сәттерімен бөлісіп шарды үрлейді, әр бір оқушының айытқан сөзінен кейін шар үрлене береді, шар үлкейе береді, үйге барсам ата-анам ұрсады, мектепке келсем сынып жетекшім оқушылар алдында сынайды, осы сөздердің бәрі айтылады, оқушылар үлкен болып шыққан шарды жарады. Сосын оқушыларға екінші шар үлестіріліп, психологтың алдынғы сөзді қайталануы бойынша үрленіп, үлкейеді, «Ата-анам мені үнемі жақсы болсын дейді сол үшін, ұрсады, мұғалімім мені болашақта жақсы азамат болсын дейді, сол үшін сынайды»деген сөздерден кейін оқушалар шардың желін ақырындап шығара бастайды. Шардың ішінде желі қалмайды.
Жаттығу. «Импульс»
Барысы: Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің арқасына жасалған іс-әрекеттерін келесі адамға қайталап жасау. Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?
Релексация: «Бұл ойыннан қандай ой түйдіңдер?» оқушылар өз ойын айтады.
ІІІ. Ойынды аяқтау
Ортаға барлық оқушы шығып, шеңбер құрып тұрады.
Психолог.Мінеки оқушылар стресс осылай жиналады, ол жинала берсе сенің денсаулығыңа, алда болатын ҰБТ-ға, МАБ-ға дайындығыңа, психологиялық дұрыс қалыптасуыңа өте зиянды, сол үшін бойларыңдағы жағымсыздық қасиет тудыратын сөздерді дұрыс қабылдап, стреске ұшырамауларыңа тілектеспін.
Енді мына жарқыраған күннің шуағы астында, ҰБТ-ға сеніммен баруға байланысты, бір біріңе тілек тілеңдер. Шеңбер бойындағы оқушылар бір шетінене бастап келесіне өз тілегін білдіреді. Барық оқушының тілегі бітеді.
Психолог. Құрметті мектеп түлектері алдарыңда үлкен сын, намысты дода сол сынға әрқашан сеніммен барыңдар. Бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұрады, біз сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы бақытты боламыз. бір-бірінің қолдарыңды ұстап жоғары көтеріңдер, бір келкі хор дауыспен «Біз ҰБТ-ге, МАБ-ға сеніммен барамыз!» деп айқайлаңдар.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі