Өлең, жыр, ақындар

Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту – «Өзін-өзі тануға» негізгі рухани жол

Алматы облысы, Панфилов ауданы
"Кішішыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен " КММ-сінің
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Бейсебаева Ақмарал Ерсайнқызы

 

Өзін-өзі тану пәні күні бүгінде өмірдің өз сұранысы, қоғам қажеттілігімен туындайтын ізгілік пен игіліктің жарқын көрінісі болып отыр. Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады. Мыс.:Өзін-өзі тану– барлық даналықтың бастауы. Даналық ол адамдардың бойындағы құндылықтардан туынайды.Ал, адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай-күйлерді құндылықтар деп аталынады. Ол үшін жас ұрпаққа «құндылық» деген ұғымның мәнін терең түсіндіре білуіміз керек. Ал құндылықтар туралы  мәселені ең алғаш Сократ көтеріп, «Өзгені тану үшін алдымен өзіңді-өзің таны» деген болатын. Ал құндылықтарды зерттеп, оны ғылымға енгізген Т.И.Петракова. Ол құндылықтарды жүйелеп  түрге бөлді:

 

Табиғи құндылықтар – бұл адамның табиғи күші мен жан-дүниесінің қабілетілігі құндылықтары: яғни ақыл-ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы).

Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабырлылық және т.б.)  

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.Жалпыадамзаттық құндылықтарға Ақиқат, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау, сүйіспеншілік жатады.

Сара Алпызқызы да өзінің «Өмір әдебі» атты еңбегінде«Жалпы адамзаттық құндылықтарды оқыту – «Өзін-өзі тануға» негізгі рухани жол болып табылады»  деп ерекше атап көрсеткен болатын.

Осы құндылықтардың ішінде менің тоқталатын құндылығым «ішкі тыныштық» . «Ішкі тыныштық деген не?» сұрағына жауап іздер болсақ, адамдар жан тыныштығын үнемі тыныш жерде болумен шатастырады. Өмірде сәл қиындық  көре қалса, адамдар «тып-тыныш жаққа» кетіп қалғысы кеп тұрады. Бірақ  мына мәліметпен танысқан соң, бұл ойларынан айнитын болады.

АҚШ та Орфилд зертханасында әлемдегі ең тыныш жер орналасқан. Бірақ тыныш жер іздейтін адам онда тек 45 минут қана шыдай алады екен. Бұл бөлме 99,99%-ға дыбыс жұтқыш болғандықтан,әлемдегі ең тыныш орын болып есептеледі. Онда аз уақытқа қалған адамның өзінде галлюцинация пайда бола бастайды. Бөлменің қабырғалары 10 метрлік акустикалық қабатпен қапталған. Екі қабатты болат шымылдықпен қоршалып, бір метрлік бетон төселген. Бұл жер әлемдегі ең тыныш орын деген атпен Гиннестің Рекордтар кітабына енген.

Ішкі тыныштық дегеніміз - ол адамның рухани жан дүниесінің тыныштығы. Ал жан дүниенің тыныш болуы ол тікелей ақиқатқа, сүйіспеншілікке, дұрыс әрекетке және адамның ар-ұяты мен сеніміне байланысты. Мысалы өмірде  адамдардың көпшілігінің бойында  тыныштық жоқ. Себебі олар ақиқатқа жүгінбей өтірік айтуы, дұрыс әрекет жасаудың орнына өзіне және өзгелерге қиянат жасауы мүмкін, яғни ондай жағдайда адамға ар-ұяты маза бермейді. Жастарымыздың бойында «жалған намыс» сезімініңде көбеюі осының салдарынан деп ойлаймын. Қазіргі таңда адамдар болымсыз, түкке тұрғысыз дүниелермен материалдық дүниеге бола көп ойланып, бас қатырып жатады. Кейде осындай материалдық жағдайларға бола шаңырақтың да төбесі ортасына түсіп шайқалатында көреміз. Оның өзі де адам бойындағы тыныштықтың орнамауына себеп болады. Ал «қандай адамның бойында ішкі тыныштық бар?» деген сауға келсек, оған менің берер жауабым «рухы биік, рухани бай және өзіне және өзгеге деген сенімі жоғары адамдардың бойында тыныштық болады»  деп айтар едім. Мысалы жаңадан  дүние есігін ашқан сәбидің жан дүниесі тыныш. Себебі, дүние есігін ашқан сәби ол-таза, бетіне сызат түспеген ақ қағаз тәріздес. Оны қалай анықтай аламыз. Кішкентай ғана сәбиді қолымызға ұстап, жоғары көтеріп,лақсырса бала жылаудың орнына күледі қуанады. Не үшін? Өйткені бала оны жерге түсірмей, ұстайтын адамның бар екеніне сенеді және нәрестенің бойында жамандық туралы мүлдем ой болмайды, ол зұлымдық ойламайды, айналадан жамандықты көрмейді, бәрінен тек жақсыны көріп, сұлулыққа тамсанады. Ал оның тыныштығының бұзылуы немесе дәл сол қалпында қалуы ол тікелей оның айналасына байланысты. Абай атамыз «Бала мінезі үш алуан адамнан жұғады: біріншісі - ата-анадан, екіншісі - ұстаздан; үшіншісі - құрбысынан» дейді.  Ендеше, мына біздер  сол тыныштықтың бұзылуына жол бермей, оның сақталуын, баланың жан дүниесінің тыныш болуын қадағалауымыз керек. Ол үшін біздің бойымызда да тыныштық болуы қажет.

Қорыта айтқанда әр мұғалім өз сабағында, ата-аналар үйде балаға дұрыс тәрбие беріп, жалпы адамзаттық құдылықтарға тәрбиелесе, бала ақиқатпен дұрыс әрекет жасап, ешкімге қиянат жасамай, айналаға сүйіспеншілікпен қарап, жан дүниесінде тыныштық орнар еді.


Пікірлер (2)

Дана Серікқызы

Құндылық...Жалпы адамзаттық құндылықтар əр адамның бойында дүниеге келген сəттен бастап пайда болады.
Мен өз басым жалпы адамзаттық құндылық деп уақытқа бағынбайтын,.... деп өз ойларыңызды жазсаңыздар болады ,əрі қарай жалғастырыңыздар.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз