Алматы облысы
Қарасай ауданы
Қаскелең қаласы
«В.Г.Белинский атындағы орта мектебінің»
педагог-психологы: Атагелді Балжан Орынбасарқызы
Тақырып: Ниет тазалығы - ізгілік бастауы
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Адалдық, тазалық
Сабақтың мақсаты: - оқушыларды жақсы ой ойлауға,айнала қоршаған ортаға ізгі ниеттілей білуге үйрету. Міндеттері: - жақсы ой,ізгі ниеттің адамға тигізетін әсерін ұғындыру; - оқушыларды жақсы ойлауға,ізгі ниетті болуға үйрету; - адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақбарысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. «Орманға ойша серуен» Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! |
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) |
2. Үй тапсырмасын тексеру. Джеймс Лейн Алленнің «Адам қалай ойлайды?» әңгімесінің мазмұнын сұрау. |
Сабақ барысын талқылау: |
3. Әңгiмелеу (сұхбат). Ниет, ықылас, пейіл деген сөздерді қалай түсінесіздер? Адамның ниеті іс жүзінде қалай көрінеді? Адамның жақсы өмір сүруіне ниеттің қаншалықты маңызы бар? |
|
4. Дәйек сөз. Назары мен ниеті әдемінің ой-санасы әдемі, ой-санасы әдемінің өмірі рахатқа кенеледі. Халық нақылы |
|
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. «Ниетім- өмірімнің айнасы» мәтіні бойынша «Режисер», «Журналист», «Актер», «Көрермен» болып шағын қойылым ұйымдастырыңыздар. |
|
6. Топпен ән айту. М.Нәбиевтің «Болашаққа» әнін орындау. |
|
7. Үй тапсырмасы. Н.Айтұлының «Күлтегіннің көк тасы» өлеңін оқып, мазмұнын айтып келу. |
|
8. Бағалау Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау. |
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі