Өлең, жыр, ақындар

Қазақтың ұлттық ою-өрнегі. Қошқармүйіз оюы

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы

№ 101 орта мектебінің

Бейнелеу өнері пәні мұғалімі: Курбанова Карлыгаш

 

Сабақтың мақсаты:

а)  Білімділік: оқушыларға қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түрлері, шығу тарихы, мағынасы жайлы түсінік беру.

ә) Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, сабаққа қызығушылығын арттыру.

б)  Тәрбиелік:  ою-өрнек үлгілері арқылы әсемдікке, сұлулыққа, ұлттық өнерді құрметтеуге тәрбиелеу, эстетикалық талғамға сай жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа оқу материалын меңгерту.

Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру.

Сабақ көрнекілігі: ою – өрнек үлгілері, геометриалық фигуралар, қағаз, түрлі – түсті қағаздар.

Сабақ барысы:

І.   Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды сабаққа даярлау.

ә) Сабаққа қажетті құрал – жабдықтарын түгендеп, жұмыс орнын ұйымдастыру.

         Психологиялық  тренинг:

- Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жыбереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы:  Күн жарығын алақанға саламын,

                Жүрегіме басып ұстай қаламын.

                Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

                Болып кетер сонда дереу жан – жағым.

- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру.

а)  Қазақтың ұлттық киімдері.

ә)  Жұмыстарын бағалау.

б)  Үй тапсырмасын қорытындылау 

     «Әже сандығындағы қазына» ойыны

ІІІ.   Жаңа сабақ.

а)  ою–өрнек туралы айту.

Қазақтың «ою» және «өрнек» деген сөзі бірге айтылып, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Оның мағынасы – сәндеу, әсемдеу.

Ою – өрнек қазақ даласында оқу – сызу пайда болмай тұрып, дүниеге келді десе де болады. Ою – өрнекті белгілі бір адам немесе қолөнер шеберлері ойлап тапқан жоқ, оны халық ойлап тапты.

«Ою – өрнекті қайдан, кімнен үйрендің?» - деген саулға атақты суретші Әбілхан Қастеев,

«Таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Ешкінің мүйізінен,» - деп жауап беріпті.

  1. Кескіндеме дегеніміз не?
  2. Композиция дегеніміз не?
  3. Графика деп нені айтамыз?
  4. Мұражай дегеніміз не?
  • Ою неге ұқсайды?
  • Ия, қошқардың мүйізіне. Сондықтан оны «қошқармүйіз» оюы деп атаймыз.

б)  Қошқармүйіз оюы – қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келеді. Ол жануарлар тектес  оюлар тобына жатады. Бұл ою өте

     кең тараған ою. Ол ұлттық киімдерде және текемет, сырмақ, аяққап, т.б. киіз  бұйымдарада жиі кездеседі.

ІV. Дәптермен жұмыс.

а)  Альбомға қошқармүйіз оюының қатты қағазға қиылған түрін басамыз. Болған соң бояймыз.

ә)   Енді әр оқушы өз еңбегімен тақтаға салған оюды мұғалімнің көмегімен орындайды.

V.  Сергіту сәті.

Жұмбақ шешу.

1. Бір нәрсе өзі биік, іші қуыс,

Ол заттың сүйегі бар айқыш-ұйқыш.

Көзі бар төбесінде жарқырайды,

Жайса үлкен, жиса бір-ақ уыс.

                                      (Киіз үй).

2. Ішіне адам батпайды,

Затыңды аман сақтайды.

                                     (Сандық)

3. Қыз есіміменаталатын өрнек.

                                         (Ботакөз)

4. Қазақ оюының ең бір кең тараған үлгісі.

                                          (Қошқармүйіз)

 

 VІ. Топпен жұмыс.

Әр топқа тапсырма беру.

1 – топқа: Геометриляық фигуралардан өрнек құрастыру.

2- топқа: Берілген оюларды 4 топқа топтастыру.

3 – топқа: Анограмма шешу.

4 – топқа: Дайын оюлардан өрнек құрастыру.

VІІ.  Қорытынды.

  • Алдымызда 2017 жылыҚазақстанда Expo–17 көрмесі өткелі жатыр. Соған байланысты әр топ әр заттарға жарнама жасайды.

І – топ: сандықты.

ІІ – топ: тақияны.

ІІІ – топ: қамзолды.

ІV – топ: ыдыс–аяқты.

VІІІ. Рефлексия.

Оқушылар сабақтың ұнаған-ұанмағанын жазып, ағашқа іледі.

  1. Бағалау.
  2. Үйге: Өз ойынан құмыра салып, оның сыртын өрнектеу.


Пікірлер (3)

Бибонка

Керемет

Гулвира

Рахмет, жоспар маған ұнады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз