Өлең, жыр, ақындар

Адам тұлғасын бейнелеу

Алматы облысы Текелі қаласы «№5 орта мектеп» КММ

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі: Газез Нұралтай

Сынып:5                Пән: Бейнелеу өнері                 Мерзімі

Сабақтың тақырыбы: Адам тұлғасын бейнелеу

Сабақтың мақсаты:

а) Адамның ерекшеліктеріне қарай тұлғасын дұрыс нақты бейнелеп үйрену.

ә) адам портретін оңай салу жолдарын үйреніп, бет пішінді дұрыс орналастырып үйрену.

б) Портрет салудың қыр-сырын меңгере отырып, әсемдікке баулу.

Сабақтың құралы.Суретті альбом, қарындаш, өшіргіш.

Көрнекілік: әр түрлі плакаттар,қиынды суреттер. Кітап Ә.Қастеев. Портрет салған сурет.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Сабаққа дайындығын бақылау,жоқ оқушыны белгілеу.

Жаңа сабақтың мақсаты мен оқушыларды таныстыру.

Жаңа сабақ.

Портрет салу ерекшеліктерге тоқталу. Бейнелеу өнеріндегі адам тұлғасын салудың ерекшелігін айтып түсіндіру.Портреттік жанрды әр түрлі техникада салуға болатынын корнекілік арқылы таныстыру.Тушьпен, қарындашпен,, бояумен және графикамен салған суреттерге тоқталу. Ә.Қастеев шығармасындағы «Жас Абай», «Жамбыл» суреттеріне тоқталып әңгімелеу. Тақтадағы көрнекілік бойынша адамның тұлғасын салудағы көңіл-күйін қалай салу туралы қысқаша айтып түсіндіру.

Адам тұлғасын салудағы өзіндік таблица, пропорцияларын, өлшемдерін тақтаға салып оқушылардың сурет салуына көмектесу. Әдебиеттегі адам тұлғасын сөзбен қалай бейнелегені туралы бүгінгі сабақпен байланыстырыа айту. Тарихи тұлғаларға арналған  ескерткіш мүсін, портреттерге қысқаша шолу жасау.

Шығармашылық жұмысқа оқушыларды дайындап, сурет салуға кірісу.Оқушылардың салған суреттеріне көмектесу. Қатесін түзеп, айтып ұқтыру.

Әр оқушының еркін жұмыс жасауына ықпал ету.

Сабақты қорытындылау.

Адам тұлғасын дұрыс бейнелеудің маңыздылығын ескере отырып, кейбір оқушылардың салған суреттеріне талдау жасау, бағалау.

Үйге тапсырма беру.

Осы өткен сабаққа ұштастыра отырып «Менің атам» тақырыптық сурет салып келу. Оқулықтан 70-75 бетті оқу.

Сабақтың соңында шағын ойын ойнап, ми сергіту, марапаттау

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз