Өлең, жыр, ақындар

Графикалық суреттер салу

Есік қаласы
"Қаныш Сатпаев атындағы орта мектеп" КММ-сінің
Сызу және бейнелеу өнері пәні мұғалімі: Тилегенова Гульнара Оралбаевна

Сабақ тақырыбы: Графикалық суреттер салу

Сабақ мақсаты:  1.Оқушыларға графика өнері жайлы мағлұмат беру, түрлерімен таныстыру.
2. Графикалық шығармаларды өз бетімен орындауға үйрету арқылы оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Оқушылардың өнерді түсіну, бағалай білу қабілеттерін арттыру.
Сабақ түрі: аралас, жаңа сабақты меңгерту.
Сабақ әдісі: түсіндірмелі иллюстративті, таныстыру, практикалық, іздену, салыстыру, талдау.
Сабақ көрнекілігі: Графикалық шығармалар, интерактивті тақта флипчарттар, слайдтар, түрлі-түсті қағаздар, көрнекіліктер, суретші шығармалары т.б.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатынасын тексеру, құрал-жабдықтарын түгендеу.

II. Өткен сабақты қайталау
1. Пейзаж дегеніміз не?
2. Портрет өнері дегеніміз не?    
3. Натюрморт дегеніміз не?
4. Иллюстрация өнерін қалай түсінесің?
5. Кескіндеме өнерін қалай түсінесің?

III. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген жұмысқа көрме ұйымдастыру, оқушылармен бірге бағалау.
 

IV. Жаңа сабақ түсіндіру
Графика өнері- бейнелеу өнерінің ішіндегі ең көне және жан-жақты дамыған түрі. Тарихы өте ертедегі жартастарға салынған суреттерден бастау алады.
Графика гректің «жазамын», «сурет саламын» деген сөзінен шыққан.
Графика шығармаларына қарындашпен салынған суреттер, гравюралар, кітап иллюстрациялары, газет суреттері, карикатуралар, плакаттар, кітап шрифтілері, түрлі жарнамалар мен маркалар жатады.
Графиканың мынадай түрлері бар: 1) қодырғылы графика (сурет,эстамп,лубок); 2) кітап және газет-журнал графикасы; 3) қолданбалы (грамота, марка, этикетка, жарнамалар және т.б).
Көне заманнан келе жатқан сурет салудың бір құралы- көмір және сангина, ал XVI ғасырдан бастап графит қолданылып келе жатыр.Сонымен қатар сызба техникасына соус, акварель және гуашь бояулары да жатады.
Графика дегеніміз қағаз бетіне түскен сурет. Графика көбіне – көп ақ-қара, бірен-саран түсті болып келеді.
Сендер күнделікті өмірде графикамен жиі ұшырасасыңдар. Олар –газеттегі сықақ, кітаптардағы иллюстрация, көшелерге жапсырылған жарнама, плакат, почта маркалары, ақша таңбалары, бұйым қорапшаларындағы әріптер мен суреттер, ең ақыры көрме залында, мұражайда, үйде, мектепте ілінген суреттер.

Гравюра деп бетіне сурет ойып салынған тақтаны, сондай-ақ одан алынған басылымды айтады. Гравюраны линолеумге, пластмассаға, ағашқа, картонға жасауға болады. Ал литографиялық тас арқылы жасалған көшірмені литография дейді.
Гравюра туындылары кесу іс-әрекеттері арқылы жүргізілетін болғандықтан кескішті мықтап игеру және онымен жұмыс істеуді үйрену үшін арнайы жабдықталған кабинет болу керек.
Осы ретте графика өнерінің асқан шеберлері Леонардо да Винчи, Рафаель, Р.Гуттузо, П.Пикассо, Ә.Қастеев  және қазақтың ұлы ойшыл ғалымы Ш.Уалиханов, суретші графиктер Қ.Төреқұлов, А.Дүзелханов, А.Ысқақов, Е.Сидоркин, Ш.Кенжебаевтарды  атап өтуге болады.
 Енді тақтаға ілінген графикалық суреттерге тоқталайық. Мұнда ақ-қара және екі-үш түстегі графикалық суреттер ілінген. Сурет мағыналары да әр қилы.

- А.Құнанбаевтың шығармаларына байланысты иллюстрацияға талдау жасау.  
Келесі суреттер компьютерлік графикаға жатады. Мұндай суреттер компьютерде арнайы программалар арқылы жасалады.

Практикалық жұмысқа берілген тапсырма:
  Сынып үш топқа бөлінеді. Үш топ жасырылған үш түрлі тапсырманы таңдайды.
  1-ші топ тапсырмасы қағаз бетін қалаған түске бояп, фонның үстіне ағаштарды, табиғатты бейнелеу.
  2-ші топ тапсырмасы осындай фонның үстіне көбелектерді, өсімдіктерді бейнелеу.
  3-ші топ тапсырмасы өсідіктер мен гүлдерді бейнелеу.
Ойын- тапсырма.
Үш топтан алғашқы жұмысын аяқтаған  үш оқушы интерактивті тақтаға берілген тақырыпқа байланысты сурет салудан жарысу.

VI. Оқушылардың жұмыстарын бағалау.
Көрме ұйымдастыру.

VII. Сабақты қорытындылау.
Графика дегеніміз қандай мағына береді?
Графиканың түрлері?
Қандай график суретшілерді білесіңдер?
Графиканың бейнелеу құралдары?
VIII. Үйге тапсырма
Жұмыстарды аяқтау, графикалық суреттер салып келу.

 


Пікірлер (2)

Зкбайра

Дəстүрлі сабақтар жақсы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз