Өлең, жыр, ақындар

Білгір физиктер

Қайырлы күн,құрметті ұстаздар, оқушылар,қадірлі көрермендер!

Баршаңыз да : «Білгір физиктер» атты интелектуалды сайысқа қош келдіңіздер! Бүгінгі кешімізді 7-8сыныптардың арасында сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық. Ендеше  ойыншыларымызды шақырамыз.Ойыншыларымызға қол соғып,қошемет көрсетіп қояйық.

Ал, қазір ойын шартымен таныстырып өтейін.Жалпы ойынымыз 7 турдан тұрады

І. Сәлемдесу.( Әр топ өз тобымен және команда мүшелерімен таныстырады).

      1. «Болашақ»

  1. «Эврика»

ІІ тур «Білім аукционы»

3 тур «Ғалымдар»

4  тур. «Бәйге»

5 тур. Физикалық сөз құрастыру»

6 тур. «Жұмбақтар әлемінде»

7 тур. «Капитандар сайысы»

 

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім» деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Бируни. Ендеше білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.

Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Әр топтың қорында 500 теңгеден бар. Бұл – бастапқы капитал. Өз капиталдарыңызды көбейту өз қолдарыңызда. Аукционға физикадан сұрақтар, жұмбақтар  қойылады. Әр сұрақ 50 теңге. Топ капитаны бағаны 50 тг-ден жоғарылата алады.ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса –баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап болса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады.

 

 

Сонымен, «Білім –біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы»,-деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты ІІ турды бастайық.

Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға -50 теңге. Қай топ жоғары баға береді?

Сұрақтар 1-топқа:

1.Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы ?-  жылу мөлшері

2.Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы?- қатаю,кристалдану.

3.Тұтас алғанда бүкіл атом заряды?- бейтарап

4.Тізбектегі ток күшін өлшейтін құрал?- Амперметр

5.Ток тудыратын электр өрісін сипаттайтын шама?- кернеу

6.Күш бірлігі ?– Ньютон

7.Бойымен жарық таралатын сызық?- сәуле

8.Сандық мәнімен,бағытымен сипатталатын физикалық шамаларды басқаша қандай шамалар деп атайды?-векторлық шамалар

9.Материяның ажырамас бөлігі ?- қозғалыс

10.ХБЖ жылдамдық бірлігі?- м/с

11.Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын физикалық векторлық шама?- үдеу

12.Еркін түсу үдеуі неге тең?  - 9,8 м/

13. Заряд қандай әріппен белгіленеді? -  q

14. энергияның қандай түрлері бар?  2- түрі, потенциалдық және кинетикалық

15.Ауырлық күшінің формуласы?  F=mg

Сұрақтар 2- топқа:

1.Жұмыс істемей-ақ дененің ішкі энергиясының өзгеру процесі? – жылу берілу

2.Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы? – Балқу

3.Дененің электрленгенін анықтауға арналған құрал? Электроскоп

4.Атомдағы теріс зарядталған бөлшек? – электрон

5.Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы?-Электр тогы

6.Кернеу бірлігі  - Вольт

7.Қарастырылып отырған жағдайда өлшемі мен пішімін ескермеуге болатын дене?  -материалық нүкте

8.Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді? – спидометр

9.ХБЖ да үдеудің бірлігі? - м/

10.Еркін түсу үдеуі қандай әріппен белгіленеді? – g

11.Орын ауыстыру қандай шама ? –Векторлық

12.Уақыт қандай әріппен белгіленеді?  -  t

13.Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық векторлық шама?- жылдамдық

14.  Жұмыстың өлшем бірлігі? Дж

15. Тығыздықтың формуласы?  -

Осымен ІІ тур аяқталды. Қорытындысын әділ-қазыларымыз айтсын. Жоғары капитал жинаған топ....

Біздің үшінші турымыз «Ғалымдар» деп аталады. Әр топқа 2 сұрақ беріледі. Әрбір дұрыс жауап құны – 20 тенге.

 

1-топқа:

1) Зарядталған денелердің өзара  әсерін тексерген ғалым: Кулон

2)  Күш бірлігі ретінде алынған ағылшынның ұлы физигі? Ньютон

 

2- топқа:

  1. Серпімділік күші мен серпімді деформацияның арасындағы байланысты анықтаған ғалым? Роберт Гук
  2. Алғаш рет «Электр тогы» түсінігін енгізген француз ғалымы? Ампер

 

 

Енді, ІІІ тур «Бәйге»

Әр команда берілген қағазға 1 минут ішінде білетін барлық физикалық шамаларды жазады.Жауаптары әділ қазыларға беріледі,әрбір физикалық шама үшін бір ұпайдан беріледі.

 

4-турымызды бастайық.   «Физикалық сөз құрастыру». Әр сөз 50 теңге. 3 минут
Электродинамика сөзінен сөз құрастыру.

Жауабы:  электр, динамика, электрик, электрон, дене, ом, анод, катод, ион, иондар, метр, атом, динамометр т.б.

 

 

   5-тур «Жұмбақтар әлемінде»

 Барлық командаға бірдей жұмбақтар оқылады, әр команда жарыса жауап береді.Бір жұмбаққа 10 теңгеден беріледі.

1-жұмбақ.

Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың.   (Жол)

2- жұмбақ.

Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың?  (Уақыт)

3- жұмбақ.

Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?   (Жылдамдық)

4- жұмбақ.

Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді.   (Үдеу)

5- жұмбақ.

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді.     (Күш)

6- жұмбақ.

Бірдей көлемдегі масса кейде көп,

Аз болса да кейде дөп.

Делінеді бұл шама,

Аталуын тапшы тек.  (Тығыздық)

7- жұмбақ.

Күш көбейсе артады,

Аудан артқа тартады.

Жүзі жұқа үшкір зат,

Одан бірақ қорқады.      (Қысым)

8- жұмбақ.

Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затта болады әр түрлі,

Өлшеуге болады дәл.        (Масса)

9-жұмбақ.

Әуеден күбі түсті,

Күбінің түбі түсті.  (Күннің күркіреуі) 

10-жұмбақ.

Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)

11-жұмбақ.
Шым - шытыр,
Шидай қотыр.  (Жұлдыздар)

12-жұмбақ.

Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (Жел)

13-жұмбақ

Арыстан арқырады,
Орман жарқырады. (Найзағай)

    Келесі тур «Капитандар сайысы».

Әр команданың капитандары  берілген есепті шығарулары керек.Дұрыс есепке 100 теңгеден

  1. Топ:

 1-есеп.Массасы 50 кг дене 200Н күштің әрекетінен жазық жерде бірқалыпты қозғалып келеді.Үйкеліс коэффиценті неге тең?

Берілгені:       ХБЖ           Шешуі:          

m = 50 кг                               F=                 

F = 200H                               N=mg             

g = 10 м/                           F= mg                                          Жауабы: 0,4

т/к .  -?

  1. 78 H күштің әрекетінен  спортшы шаңғыда тұр.Әр шаңғының ұзындығы 1,95 м ені 8 см.Спортшы қарға қандай қысым түсіреді?

Берілгені:                         ХБЖ                 Шешуі:

F = 78H                                            S=ab                     S= 1,95*8= 15,6

а = 1,95 м                                                                          P= 780 

в =8 м                                                      

 т/к  P-?

 

Осымен сайысымыз өз мәресіне де жетті. Сайысты қорытындысын шығарғанша мына бір физиктердің өмірінен қызықты хикаялармен аяқтағым келіп тұр.
1. Ньютонның екі мысығы болыпты. Біреуі үлкен, екіншісі кіші. Мысықтарды таңертең оның мазасын алмас үшін, есікке екі тесік жасапты. Бірі үлкен екіншісі кіші. Мұны көрген көршісі Ньютонға: «Неге екеу жасадың, біреуі де жетер еді ғой»- депті. Сонда Ньютон басын қасып: «Иә, бұл керемет ой! Бірақ бұл ой маған келмеген екен,- деген екен.
2. Рентген сәулелерін ашқан физик Рентгенге біреу хат жазыпты. Хатында Рентген бірнеше сәулелерді және қалай жұмыс істеу керектігін көрсететін нұсқауды хатпен салып жіберуді сұрапты. Хат иесінің сөзіне қарағанда көкірегінде оқ қалып қойыпты. Рентген хаттың иесіне мынадай жауап жазып жібереді: «Өкінішті - ақ, қазіргі уақытта менде бұл сәулелер жоқ және оларды жіберуде көп жұмыс туғызады. Сондықтан сізден сұрарым, ең оңайы, маған сіз өзіңіздің көкірегіңізді салып жіберіңіз».
3. Ампер басқалардан ұмытшақтығымен ерекшеленген екен. Бір күні ол үйінен шығарда есігіне хат жазып кетіпті. « Мырзалар! Ампер үйде жоқ, бүгін кешке келіңіздер» - деген сөз жазылған екен. Біраз уақыттан кейін Ампер үйіне келіп хаттағы жазуды оқып, кері қайтып, үйіне кешке келіпті.
4. Ұлы ғалым Эдисонның бағына кіретін есік өте қиын ашылады екен. Қонақтардың бірі Эдисонға өзің әйгілі өнертапқыш бола тұра осы есікті оңай ашылатын етіп қою қолыңнан келмей ме депті. Сонда Эдисон: «Меніңше есік жаман құрастырылмаған, ол үйдің су құбырымен байланысқан. Әр адам цистернаға 20 литр су құйып кетеді»- деп жауап бергенде қонақтары таң қалыпты.
енді, әділ-қазыларымыздан сайыстың қорытындысын сұраймыз. Осындай көтеріңкі көңіл күймен сіздерге «сау болыңдар» демекпін.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз