Балқаш қаласы
М.П.Русаков атындағы 2 мектеп-интернатының
Физика пәні мұғалімі: Жахметова Маржан
Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға электр тізбегіндегі кернеу мен кедергінің және ток күштерінің тәуелділігін анықтау;
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды формуланы есте сақтауына және пәнге деген қызығушылын арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ–жауап, түсіндіру, СТО элементі.
Сабақтың көрнекілігі: кодаскоп, слайдтар, деңгейлік.
Құрал-жабдықтар: амперметр, вольтметр, ток көзі В-24, кілт, резисторлар,шам, қосқыш сымдар, Омның суреті.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
«Досыңды кімге теңейсіз» тренингі
Мұғаліммен амандасады. Дөңгелек шеңбер құрып тренингкеқатысады. Оқушылар бір-біріне деген көзқарастарын білдіреді.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Электр тізбегін сипаттайтын шамаларды атаңдар? (ток күші, кернеу, кедергі)
- Енді осы шамаларға қысқаша тоқталайық (шаманың белгіленуі, сипаттамасы, өлшем бірлігі)
- «Электр өрісі» ұғымын енгізген ғалым (Фарадей)
- Электр тогының бақа еттеріне әсерін зерттеген итальян ғалымы (Гальвани)
- «Электр тогы» түсінігін енгізген ғалым (Ампер)
- Электрон зарядының мәнін анықтаған американ ғалымы (Милликен)
- Атомның ортасында не бар?(ядро)
-Денелердің электрленуін анықтайтын құрал (электроскоп)
III. Жаңа сабақ
Оқушыларды жаңа сабақтың мақсат–міндеттерімен таныстыру.
Мұғалім:
- Мына суреттегі құралдарды атаңдар? 1және 2 нөміріндегі құралдарды ата, неге олай ойлайсың?(кілт, ток көзі, резистор, амперметр, вольтметр, қосқыш сымдар. 1нөмір вольтметр, себебі ол тізбекке параллель жалғанады, ал 2 нөмір амперметр – ол тізбектей жалғанып тізбектегі ток күшін анықтайды)
- Өткізгіштегі кедергі өзгермесе, онда ток күші кернеуге қалай тәуелді болады?
R – const. I ~Uтура пророрционал
- Осы эксперимент арқылы қандай график алуға болады?
Бұл графикті: Вольт- Амперлік сипаттама деп атайды
I, А |
|
|
|
|
U, Вт |
|
|
|
|
Оқушы:Ток күші артқан сайын кедергі азаяды.
Мұғалім: Бұл график ток күші кедергіге кері пропорционал деп оқылады.
(Мұғалім тақтаға жазады. Егер U = const, I ~ ).
Мұғалім: Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын 1827 жылы неміс ғалымы Георг Ом ашты
Мұғалім: Осы екі қорытындыдан формула құрастырайық:
Мұғалім: Бұл формуланы Тізбек бөлігі үшін Ом заңы деп атайды
Ом заңының тұжырымдамасы; “ Тізбектің бөлігіндегі ток күші – осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пророционал да, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал болады”.
(Оқушыларға бірнеше рет қайталап айттыру керек).
Георг Ом суреті тақтаға ілінеді.
Мұғалім: Ом заңын қолданып есеп шығарған кезде белгісіз шаманы қалай анықтаймыз.
(Мұғалім тақтаға үшбұрыштың суреті салынған формуланы іледі).
U=I*R
R=U/I
Кедергі бірлігі: R= 1В/1А= 1 Ом
Кедергіні өлшейтін құрал: резистор( кедергі) , реостат
ІV. Бекіту
( Мұғалім тақтаға кодоскоп арқылы мына графикті көрсетеді).
Суретте А және В өткізгіштеріндегі ток күшінің кернеуге тәуелілік графигі берілген. График бойынша қай өткізгіштің кедергісі үлкен? |
Оқушы: В өткізгіштің кедергісі көп.
Мұғалім: Неге олай ойлайсың?
Оқушы: Ом заңы бойынша ток күші кедергіге кері пропорционал. Кернеуі екі өткізгіште 6В, ал ток күші В өткізгіште 1А, А өткізгіште 3А ге тең.
Мұғалім: Осы айтылғанды есеп шығару арқылы дәлелдейік. Тақтаға 2оқушы шығады.
Мұғалім: Қазір біз бүгін сабақтың қорытындысын шығарайық. Ток күші, кернеу, кедергінің арасында қандай байланыс бар?
Оқушы: Ом заңы бойыша ток күші кернеуге тура, ал кедергіге кері пропорционал болады.
Мұғалім: Формула бойынша қалай оқылады?
Оқушы: I = . Ом заңы
Оқушыларға физикалық диктант беру.
Білемін |
Білдім |
Білгім келеді |
Рефлексия.
- Тоқ күші деп нені атайды?
- Тоқ күшін қандай құралмен өлшейді?
- Кернеу дегеніміз не?
- Кернеудің формуласы
- Кернеудің өлшем бірлігі қандай?
- Кернеуді немен өлшейміз?
- Вольтметр, амперметр тізбекке қалай қосылады?
Үйге тапсырма: § 44, 21 - жаттығу (1,2).
VІ. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі