"Аружан" жекеменшік балабақшасы
Дайындаған: Тәрбиеші Жоргинова Акрыс Сагингалиевна
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: "Әжемізге саяхат"
Мақсаты: Балалардың білім деңгейін дүние танымын тереңдете түсу мақсатымен, өткенді қайталай отырып еске түсіру. Олардың елестету қасиеттерін жетілдіріп, айқынырақ сөйлеуге үйрету. Әр түсті ажырата білу.
Дамытушылығы: Балалардың ауыз екі сөйлеу тілін, көру, есту, есте сақтау, ой қиялын қабілеттерін жан-жақты дамыту;
Тәрбиелігі: Табиғат сұлулығын көре білуге адамгершілікке, сыйластыққа, үлкенді сыйлай білуге, әжеге деген сүйіспеншілігін үйретіп тәрбиелеу. Жұмыс кезінде өз ойларын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, саяхат, сұрақ-жауап, баяндау, қорытындылау.
Көрнекі құралдар: Күн суреті, үйшік, дәндер, түрлі түсті доптар, табақшалар.
1. Шаттық шеңбер
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар?
Балалар қараңдаршы бізге көптеген қонақтар келіпті. Қонақтармен амандасайықшы.
Балалар: Сәлеметсіздер ме?
1.Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бұл не?
Балалар: Күн (Хормен)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, түсі қандай екен күннің?
Балалар: Сары
Тәрбиеші: Балалар өте жақсы, айтыңдаршы күн бізге не береді?
Балалар: Шуағын шашады, нұр береді, жылуын береді.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, өте жақсы балалар күн бізге жол сілтеп тұрған сияқты ары қарай жүремізбе?
Балалар: Иә
2. Тәрбиеші: Олай болса балалар, жолымызды ары қарай жалғастырайық. Ой, балалар бұл не?
Балалар: Бұл түрлі түсті доптар.
Тәрбиеші: Балалар біз осы доптарды түстеріне қарай ажырата аламызба? Олай бола мына үстел үстіндегі табақшаларға доптарды түстеріне қарай ажыратып жинаймыз.
Ал, енді мына табақша түсі қандай балалар?
Балалар: Жасыл түсті
Тәрбиеші: Ал, біздің жинаған доптарымыз түсі қандай екен? Ол неге ұқсайды?
Балалар: Олда жасыл түсті. Шөпке, алмаға ұқсайды.
Тәрбиеші: Балалар мына доп түсі қандай екен? Ол неге ұқсайды?
Балалар: Ол көк түсті, табақшамызда көк түсті көк түс теңізге, аспанға, көк алмаға.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балапандарым менім, ал мына табақ түсі ше? Ол неге ұқсайды?
Балалар: Ол сары түсті, ол күнге ұқсайды, балапанға ұқсайды.
Тәрбиеші: Ой менім балаларым қандай ақылды, ал енді соңғы табақша түсі қандай балалар?
Балалар: Ол табақша қызыл, доптарда қызыл, ол қызанаққа, қызыл алмаға ұқсайды.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар бл кедергі жақсы орындадыңдар, ал енді кім доп туралы тақпақтар біледі? Өте тамаша рахмет сендерге. Балалар жолымыз ары қарай жалғастырайық.
- Балалар қараңдаршы бұл не екен?
Балалар: Бұл өзен.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар бұл өзен, бірақ балалар біз өзеннен қалай өтеміз қараңдар мына жерде көптеген тастар жатыр екен, олардың пішіндері әр түрлі, олай болса біз үлкен тастардан көпір жасап өзеннен өтіп алайық. Қәне балалар маған сендердің көмектерін қәжет, сіздер маған үлкен тастар алып беріңдер мен көпір жасап тұрамын.
Біз тамаша көпір салдық, енді бір бірлеп көпірден өтеміз, қолдарын беріңдер ой жарайсыңдар балалар. Енді жолымыз ары қарай жалғасады.
- Балалар бұл не?
Балалар: Бұл ағаш Ақрыс Сагинғалиқызы.
Тәрбиеші: Иә дұрыс айтасыздар, біз ағаш сындырмауымыз керек, оған күтім жасап су құюмыз керек. Ағаш түсі қандай балалар?
Балалар: Ағаш түсі жасыл.
Тәрбиеші: Балалар мында біреу бар сияқты, ой Қоян сен мында не істеп отырсын, неге көңілсізсің?
Қоян: Мен әжемнен адасып қалдым сондықтан жылап отырмын.
Тәрбиеші: Балалар біз қоян досымыздың әжесін тауып беруге көмектесемізбе?
Балалар: Иә,біз қоянға тақпақ айтып оның көнлін көтерейік.
Тәрбиеші: Қоян сізге балалардың тақпағы ұнадыма? Қоян сен қорқпа біз сені әжеңе апарамыз. Балалар шеңберге тұрып қоянға ән айтайық .
Олай болса балалар қоянды өзімізбен бірге алыпжолымыз ары қарай жалғастырамыз.
Тәрбиеші: Балалар бұл не?
Балалар: Бұл үйшік.
Тәрбиеші: Бұл үйде кім тұрады екен? Бұл ненің дауысы?
Балалар: Бұл Әтеш даус .
Тәрбиеші: Балалар Әтештіңде отбасы болады.
Тауық: Балалар менім құйрығымды әтеш жұлып алды
Тәрбиеші: Балалар біз тауық көмектесемізбе?
Балалар: Иә
Тәрбиеші: Уайымдама тауық біз саған көмектесеміз, менім балаларым саған көмектесіп саған құйрық жасап береді. Балалар үстел үстінде тұрған тауыққа қыштырғыштарды тағып құйрық жасайды .Балалар тауықтар дәндер мен қоректенеді, олар бидаймен тарыны сүйіп жейді. Балалар мында дәндер араласып кетіпті біз дәндерді ажыратып бөлектеп тауыққа дән беруіміз керек. Балалар мына тарелкедегі бидайды тауыққа берейік.
Тәрбиеші: Қоян сен ештене көріп тұрған жоқсынба? Мынау сенін әженнің үйі емеспа?
Қоян: Иә менім әжем үйі.
Тәрбиеші: Балалар біз қоянның әжесінің үйін таптық.Осы кезде әже шығады.
Әже: Балалар сендерге рахмет менің Қоянымды тауып алып келгендеріңе балалар сендер жолды сендер қалай таптыңдар сендерге кім көмектесті.
Тәрбиеші: Әже біз саған айтпаймыз, біз саған көрсетеміз. Балалар мында тарелкеде ботқа тұр, сол ботқаға балалар сурет саламыз.
Әже бұл неге ұқсайды?
Әже: Балалар ой жарайсыңдар бұл күн сияқты, сендерге күн көмектестіме?
Балалар: Иә
Әже: Балалар жарайсыңдар рахмет сендерге, мен сендерге тәтті тоқаштар пісіріп қойдым. Өркендерің өссін үлкен азамат болыңдар.
Тәрбиеші: Рахмет әжей біз қазір топқа барып балалар мен қолдарымыз жуып сіздің берген тәтті тоқаштарыңды жейміз. Балалар қонақтарымызбен қоштасайық, әжемізбенде қоштасайық.
Осымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Барлықтарың жақсы қатыстыңдар, көптен-көп рақмет.
Мен сендерге өте қуаныштымын.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі