Өлең, жыр, ақындар

Мектепке дейінгі ұйымдарда ағылшын тілін оқытудың маңызы

Қызылорда қаласы
«Дамир» балабақшасы
Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы: Ләззат Байтлеуова

 

Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні тәрбие ошағында беріліп, адамгершіліктің алғашқы сатыларын қалыптастырудың қайнар көзі-мектепке дейінгі кезең екендігі ақиқат. Елбасының тікелей тапсырмасымен көп жылдан бері мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесін қайта қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар қолға алынды. «Балапан» бағдарламасы бойынша жүздеген балабақшалар ашуға мүмкіндік туды. Міне осындай мүмкіндіктің бірі 2012 жылы ашылған біздің балабақша. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де, тәрбиелі болып өсуіне өз үлесін қосатын тәрбие ошағының ашылғанына да 4 жыл болды. Бүгінгі таңда «Дамир» балабақшасында 102 бала 6 топқа бөлініп тәрбиеленуде. Әр топтың бөлмелері қажетті құралдармен талапқа сай балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жабдықталған. Ата-аналардың шараларға үнемі қатысып отыруына толықтай мүмкіндік бар.

Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 Жолдауында«Тілдердің үштұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең – кезеңмен іске асыруды ұсынды . «Үш тұғырлы тіл» идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына  ілесу  деген сөз. Балабақша меңгерушісі Базарбай Әсел : Елбасымыздың : «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына  Жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі- жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі», - деген сөзін басшылыққа ала отырып, «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету міндетін алға қойып отыр. Мектепке дейінгі ұйымның бітірушісін тәрбиелеуде ана тілімен тең және басқа шетелдік тілдерде білім үлкен рөл атқарады. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев айтқандай: Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс.

Қазіргі қоғам мәселелерінің бірі тек қана экономикалық жағдайға бейімделген тұлғаны тәрбиелеу емес, сонымен бірге нақты заманға  лайық  белсенді жеке тұлғаны қалыптастыру.

Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың  ағылшын тілінде қарым-қатынас  жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Сондай-ақ  оқушының коммуникативті даму біліктілігін  арттырады, қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі.Ағылшын тілінде қатынас жасау мақсатқа сай болуы тиіс. Баланың шет тіліндегі сөздерді қабылдауының әдісін жасау керек. Сол оң жағдай жасаудың бірден-бір тәсілі ойын болып табылады.Ойын – баланың білім – білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Мектепке дейінгі жаста ойын әрекеті жетекші әрекет екенін ескере отырып, балалар өзінің жеткен нәтижесін ертерек көру үшін ұйымдастырылған оқу-іс әрекеттерімді көбіне сөйлеу қабілетін  дамытуға  бағытталған  ойын формасында өткізу өте тиімді. Ойын тілді әр жаста тез меңгеруге өте жақсы жағдай жасайды әрі көмектеседі.

Балалармен жұмыс тәжірибесінде ағылшын тілін оқытуға бағытталған әр түрлі ойындарды кеңінен қолдануға болады: ережеге негізделген ойындар, рөлдік, білім тереңдету ойындары, лингвистикалық ойындардың әр түрлі нұсқалары. Бұларды сабақтың әр кезеңінде пайдалануға болады. Мысалы, ұйымдастыру бөлімі кезінде фонетикалық рифмовка алуға болады. Бұл кезеңде балалардың сабаққа қызығуын жоғалтып алсақ, олардың тілді әрі қарай меңгеруі қиынға түседі. Сондықтан, сабақ арасында ойын элементтерін қолдану сабаққа қызығуын, белсенділігін, ойлау қабілетін дамытуға, жаңа сабақты пысықтау кезеңін сапалы өткізуге материалды толық меңгеруге көмектеседі.

Ағылшын тілін оқытуда ең негізгі орын фонетика екенін ескере отырып, фонетикалық әдісті белсенді қолдану маңызды болып табылады. Балаларды дұрыс айту жаттығулары шаршатпауы үшін және де ҰОӘ көңілді әрі қызықты өту үшін фонетикалық жаттығулар ойын түрінде қолданылғаны жөн деп ойлаймын. Мысалы, әр түрі тіл ұстартуға арналған тақпақтар айтқызу, ертегі айтып беруді, ойындар ойнату арқылы жасатуға болады.

Жаңа сөздер енгізгенде 4 – 5 жастағы балалардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне аса зор мән беріледі. Бұл жаста балалардың сөйлеуі сезім мүшелерінің заңдылықтарына бағынады. Ашық , түрлі-түсті көрнекілік кіші жастағы  балаларды оқытудағы таптырмас көмекші болып есептеледі. Жаңа сөзді суретпен, немесе әсем көрнекіліктерімен  байланыстыра отырып түсіндірсе, оны белгілі іс-әрекетте қолданылып  көрсетілсе бала өте тез меңгеріп кетеді. Олар бір суретті қайталап көре беруден жалығады, сондықтан көрнекіліктерді тез ауыстырып тұрудың да маңызы зор.

Қорытындылай келе, ойындар балалардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген  оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл-күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана педагогтің тақырып ашуына мүмкіндік береді. Ал, дұрыс таңдау үшін балалардың психологиялық және жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білу керек. Тек қана осы жағдайда ғана, біз күткен нәтижелерімізге  қол жеткізе аламыз. Тиімді қолдана білген кез-келген технология білім сапасын арттыратыны хақ. Дамыған елу мемлекеттің қатарына кіру үшін білімді ұрпақ тәрбиелейік. Себебі, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың қолында. Қазіргі жастар-ертеңгі Қазақстанның болашағы.  


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар