Өлеңдер Бөлімі

Берекелі Алтын күз

Тақырыбы:     “Берекелі Алтын Күз”
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, “Алтын дән” балабақшасының музыка жетекшісі:Басшиева Ләйла Кәдірбекқызы
Залдың іші мерекеге арналып әсем безендірілген. 
Мақсаты: Балаларға күз туралы түсінік беру. Ой-өрісін, тілін дамыту. Жылдың төрт мезгілін айыра білу.
Жүргізуші.
Қарсалайық бәріміз
Жасымызбен кәріміз
Қырдан кепті қыдырып
Алтын күзде нұр төгіп
Тілегім аман болсын ел іргесі
Алтын күз қайта келді ел іргесі
Молшылықтың жаршысы бола білді
Алтын күз-ырыс береке ала келді.
Құрметті ата-аналар балалар. Сіздерді «Берекелі күз» атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз.
Алтын күз мерекесіне балаларды қарсалайық.
Тақпақтар
Шоғы толан гүлдей жайнап
Жарқырайды Алтын күз.
Сайрандап күліп ойнап,
Келіп кетті қыркүйек.
Қазан айы молшылық   
Дәулет қорын қалаған
Заңғар көкке қол соғып
Құстар ұшып барады.
Қыстың жақын қалғаның
Жапырақтар сезгендей
Желмен ұшып барады
Жерге қонып үлгермей.
Біреу астық түсірді
Біреу астық ұшырды
Жатқан мезгіл күз екен
Алдым соны түсініп.
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел жемісті Алтын күз   
Кемелденсін халқымыз.
Сара ала тон жамылған   
Күз атамыз секілді  
Қойны толы дәмді нан  
Тәттісі көп не түрлі.
Ән «Жеміс тердім»
Музыка.
Жүргізуші: Балалар бұл не?
Біреу жылап тұрған сияқты. Өйткені күн суытты, құстар жылап жатыр. Құстар тонды, олар жылы жаққа ұшып кетеді ғой.
Жүргізуші: Күз мезгілінде қандай өзгерістерді байқайсыңдар?
Балалар: Күн суытады, құстар жылы жылы жаққа ұшып кетеді, жапырақтар жерге түседі. Күн суытады, ауа — райы бұзылып жаңбыр жауады.
Жүргізуші: Біз көңілімізді түсірмейік.Күз мезгілі тамаша бізге молшылық береке әкеледі.
Жүргізуші: «Қарбыз» биі.

Жүргізуші: Күз мезгіліне сән көрсету үлгісін қабыл алыңыздар.
Саңырауқұлақ кіреді. Сәлеметсіңдер ме, балалар мені таңыдыңдар ма?
Балалар: Иә таңыдық.
Саңырауқұлақ: Мен сендерді мейрамдарымен құттықтауға келдім. Мен ормандағы ең үлкен саңырауқұлақпын мен бәрін–бәрін білемін. Шын айтамын. Мен сендердін не ойлап отырғандарынды білемін. Сендер жаз қайта келсе екен деп отырсыңдар, солай ма?
Балалар: Иә
Саңырауқұлақ: Бірақ жаз қайта оралмайды
Жүргізуші:
Сарғайды тоғай  
Сап — сары маңай   
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып
«Құстар» биімен қыздарды қарсалайық
Әуен: Күн күркірейді.
Саңырауқұлақ: Қорқып кетеді. Бұл не?                       
Жүргізуші: Күн күркіреп жатыр, жаңбыр жауады.                             
Саңырауқұлақ: Мен жаңбырды жақсы көрем                                              
Жүргізуші: Жаңбырды жақсы көрсен ортаға «Жау жау Жаңбыр» әнін тамашалайық.
Бағбаншы кіреді.
Жүргізуші: Сен кімсін? Қайдан келдің?
Бағбаншы: Мен орманшы
Орманнан мен келемін
Балаларды мейрамымен  
Құттықтауға келдім мен   
Ал сендер неге  жалғызсыңдар? Күз ханшайымы қайда?
Саңырауқұлақ: Біз сенмен келеді деп ойладық.
Бағбаншы: Мен күз ханшайымын көрген жоқпын, ол орманда адасып қалған шығар.
Саңырауқұлақ: Келіп қалатын шығар тосайық
Бағбаншы: Сіздерге көкөністер мен жемістерді алып келдім қазір олар өздерін таныстырады.
Алма: Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайың.
Алмұрт: Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың.
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.
Қауын: Сары алтындай әңгелек,
Қандай тәтті әңгелек.
Дәмі аузыңнан кетпейді,
Барлығы оған жетпейді.
Қарбыз:Теңбіл – теңбіл қарбызды
Тентек Серік жарғызды.
Сонан соң оны жеді,
Жеді де былай деді:
- Сүйек болмаса, еті
Неткен тәтті - деді.
Құлпынай: Піскен кезде құлпынай,
Қандай тәтті шіркін – ай.
Қарай бергің келеді,
Дүркін, дүркін, дүркін – ай.
Саңырауқұлақ: Бағбаншы мен бір ойын білемін. Ойынның аты "Жемістер мен көкөністерді ажырат". Балалар ажырата аламекен байқайық.
Әуен: Жел мен жаңбырдын дауысы.
Күз бен жел кіреді:
Күз: Маған көмектесіңдер, көмектесіңдер.
Әуен: Сиқырлы
Жел: Ақалай мақалай, ақалай мақалай. Күзді ұйықтатып тастайын. Қара бұлтымен күзді жауып тастайды.
Саңырауқұлақ пен Бағбаншы: Желдін артынан қуады.      
Саңырауқұлақ: Жел сен неге күзді сиқырлап тастадын.  
Саңырауқұлақ: Күз бізге керек оны балалар тосып отыр    
Жел: Мен күштімін, менен барлығы қорқады. Мен барлығын ұшырып жіберемін.
Саңырауқұлақ: Өтірік айтпа, сен мықты емессің.
Жел: Жоқ мен мықтымын
Бағбаншы: Әне, көрдің бе, біздің балалар қандай мықты?
Жел: Жоқ мен әлсіз емеспін, тағыда жарысып көрейік.
Саңырауқұлақ: Сен жеңсең күзді бізге қайтарасың, біздің балалар мерекеге күзді тосып отыр.
Күз оянады.
Береке бақ дарыған                                                                         
Жомарт көңіл жарқын күз                                                                                         
Сары алтынға малынған                                                                                           
Алтын күз деген мен болам
Қайда менің жапырақтарым
Би «Жапырақтар»
Жүргізуші: Қош келдің, берекелі күн Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол, балалардың өнерін тамашала.
Ән: «Күз келгенде»
Жүргізуші:
Күзде жаңбыр жауады
Ойнатпайды біздерді
Қолымызда қолшатыр мен
Ойнауға біз барамыз
«Қолшатыр»биі
Күз: Күз мен сендердің өнерлерінді тамашаладым. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр
Ойын: «Тез жина»
Жүргізуші:
Күзде, күзде жаңбыр жауады.
Ойнатпайды біздерді
Күзде, күзде жапырақтар
Желмен бірге ұшады.
Күз: Мен ойын ойнағым келеді, бірақ ата—аналармен                                      
Ойын: Дәміне қарай ажырат
Күз: Ал балалар мен сендерге көкөністер мен жемістер әкелдім, рахмет өнерлеріңе енді сендермен қоштасайын. Сау болыңдар
Жүргізуші: Балалар қонақтар біздің күз мерекесіне арналған «Берекелі күз» ертеңгілігіміз аяқталды.
Келесі мерекеде дейін сау болыңыздар!


Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×