Өлең, жыр, ақындар

«Елім менің» сайысы

Сыныптан тыс іс-шара

«Елім менің»  сайысы
Өнерлілер арасында шалқыңдар.
Білімді бар арамызда, тапқыр бар.
Бәсекеге түскелі тұр дәл қазір
Әрбір сөзі саф алтындай тапқырлар
Армысыздар, құрметті ұстаздар,оқушылар. Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек. Әркімнің өз  тіліне деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білу қажет. Сонымен сайысымыз мынандай  тоғыз бөлімнен тұрады.
1.Таныстыру;
2.Сұрақ- бізден, жауап- сізден;
3. Сурет- жұмбақ;
4.Мағынасын тап;
5. Сегіз қырлы, бір сырлы;
6. Бейне сұрақ;
7. Адасқан әріптер;
8. Поэзияға саяхат
9.Ұлағатты ұғымдар
10. Мақал – мәтелдер сайысы
Енді әділ баға берер қазылар алқасымен танысайық:
Оқу ісінің меңгерушісі:_________________________
Тәрбие ісінің меңгерушісі:________________________
Әдістемелік бірлестік жетекшісі:________________
Сайыскерлеріміз дайын болса, сайысымызды бастайық.
Қазақтың өнерлі ғой бар баласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Жүзден бір, мыңнан өзық жүйріктерді
Таныстыру - бұл сайыстың бастамасы.
Әр топ өзінің тобының атын, топ басшысын, топ мүшелерімен таныстырады.
1-    бөлім
1    - топ   «Өнерлі»
2-     топ  «Дарынды»
2-бөлім   Сұрақ- бізден, жауап-сізден. Мен сұрақ қоямын,жауап нақты болу керек.
«Өнерлі»  тобы
1.    Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым саласы.(Фонетика)
2.    Сөздердің алуан турлі мағынасын зерттейтін ғылым. ( Лексиака)
3.    Қазақ тілінде неше сөз табы бар?( 9)
4.    Балалар әдебиетінің атасы кім?(Ы.Алтынсарин)
5.    Абайдың неше қара сөзі бар?(45)
6.    Тілдің ең негізгі қызметі (адамдардың бір-бірімен пікір алысып, сөйлесуі)
7.    Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері қандай?
(бастауыш, баяндауыш) 
8.    Абайдың айтқан бес асыл іс (талап,еңбек,терең ой,қанағат, рахым)
9.    Шопаната ненің пірі?( қойдың)
10.    Ертегі түрлерін ата?(қиял-ғажайып, шыншыл, хайуанаттар жайлы ертегілер)

3-    топқа  10- сұрақ беріледі.
«Дарынды» тобы
1.    Қазақ тілінде неше буын бар?(3-буын, ашық,тұйық,бітеу)
2.    Кіші жүздің биі? (Әйтеке би) 
3.    Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін ата? (Анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш)
4.    Ауыз әдебиетінің түрлерін ата? (Тұрмыс-салт, мақал – мәтелдер, жұмбақтар,жаңылтпаштар, ертегілер, батырлар жыры, ғашықтық жырлар, айтыс өлеңдер, аңыз әңгімелер)
5.    Сын есімнің сұрақтарын ата?(Қандай? Қай?)
6.    Үйленген ұлға берілетін үлес (Енші)
7.    Бір-біріне қарама- қарсы сөздер (антоним)
8.    Тұрмыс- салт жырларын ата?(бесік жыры,тұсаукесер, жар-жар, той бастар, беташар,бата тілек, жоқтау)
9.    Жалғау түрлерін ата? (көптік, септік, жіктік, тәуелдік)
10.    Әдебиетті «асыл сөз деп »атаған адам кім?
(А.Байтұрсынұлы)
3-бөлім.
«Сурет- жұмбақ» Әр топ үйден салып әкелген суретін қарама-қарсы топқа көрсетеді.Олар қандай мақал екенін табу керек.
4-    бөлім. «Мағынасын тап»
«Тұрақты тіркестердің мағынасын ашу»
1)    Қабағынан қар жауды  /ренжіді,ашуланды/
2)    Аузынан жарып әкетті /өзіне тиісті нәрсесін біреудің алып қойғаны/
3)    Бір жапырақ /азғантай,зәредей,бір жұлым/
4)    Бір ернімен жер тіреп, бір ернімен көк тіреп /бәрін де жасай алатын,бәрі қолынан келетін,дүниеге тұлға болып тұрған/
5)    Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітірді /шешімді сөз, ұтымды үкім айтты/
6)    Суға да батты,отқа да жанды /көрмегені болған жоқ,барлық қиыншылықтыбасынан өткізді/
5-    бөлім. «Сегіз қырлы,бір сырлы»
Қазақ елі - өнерлі халық нағыз,қызы сырлы, ұлдары- нағыз аңыз.Сайратып қойып өнер жұлдыздарын, сабырмен тыңдай берсек тынығамыз.
Білімді сайыскерлеріміздің қандай өнерлері бар екенін көрейік.
6-бөлім.
«Бейне сұрақ» Оқушылар таңдаған ұяшығын ашады, ішінде бейне сұрақ болады.
1.    «Көш» деген ұғымды қалай түсінесің?
2.    «Жұт» деген ұгымды қалай түсінесің?
3.    «Тасаттық» деген ұғымды қалай түсінесің?
4.     «Тоқым қағу» деген ұғымды қалай түсінесің?
  7-бөлім. 
   «Аласқан әріптер» Мен сұрақты оқып отырамын мына әріптерден сөз құрастырамыз.
-    Біржанмен айтысқан қыз. (Сара)
-    Әжелеріміз қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр.(Шашу)
-    Етік тігу, кесте тігу, шілтер тоқитын зат. (Біз)
-    Қымыз, шұбат, іркіт сияқты сүт тағамдарын құюға арналған, мал терісінен тігілетін ыдыс. (Торсық)
-    Ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік. (Жасау)
-    Қазіргі кезде өте жақсы дамыған, әлемге әйгілі ойынның бірі. (Бәйге)
       8-бөлім.
«Поэзияға саяхат» өлеңдерден үзінді беріледі, оның бір шумағын жатқа оқимын сіздер жалғасын тауып, қай ақынның өлеңі екенін табасыздар.
Өнер, білім бар жұрттар (А.Құнанбаев)
******************
Кел, балалар оқылық!  (Ы. Алтынсарин)
******************
9-бөлім.
«Ұлағатты ұғымдар» Сандықтан кез келген санды алып ұлттық ұлағатты ұғымдар айтады.
 (3саны)  
Үш дана ( Абай,Шоқан,Ыбырай)
Үш арыс (Сакен,Бейімбет, Ілияс)
Үш жақын (Жан,мал,жер)
Үш арсыз (Ұйқы, күлкі,тамақ)
(7 саны)
Жеті қазына (Ер жігір,Сұлу әйел,ақыл, білім, жүйрік ат, Қыран бүркіт, берен мылтық,жүйрік тазы)
Жеті жұт (Құрғақшылық, Мал қырылу,Өрт, Оба,Соғыс,Топан су.Зілзала)
Жеті ата (бала, әке, ата,арғы ата, баба, түп ата, тек ата)
Жеті күн (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі бейсенбі, жұма сенбі)
10- бөлім
Мақал - мәтелдер сайысы
Бірінші топ 5 мақалдың басын айтады, ал екінші топ
мақалдың жалғасын табады. Ал қане сайыскерлер алға?
- Келесі кезекті әділ қазылар алқасына береміз.
- Екі топ өздерінің  білімдерін, өнерлерін жақсы көрсетті, биік шыңдардан көріне білді. Енді осындай сайыстарға жиі қатысып өркендерің өсе  жас жеткіншектер  демекпін.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз