Өлең, жыр, ақындар

Мақал мәтел

Сабақтың мақсатыбілімділік  -  Қазақ халқы сөз қадірін біліп, қасиетті сөздерді аузынан тастамай, қасиетті халық екенін түсіндіре отырып білімдерін кеңейту; дамытушылық  - оқушыларды еркін сөйлеуге , терең ойлауға, әдеби тіл байлықтарын дамытуға және тілімізде мақал –мәтелдерді жиі қолдануға, шығармашылық қабілетін дамыту; тәрбиелік – тапқырлыққа, әдемі және шешен сөйлеуге, Отанан сүюге, сауатты таза  жазуға, достыққа баулу.

Сабақтың міндеті.

Мазмұнға байланысты міндет: тапсырмалар орындай отырып, мақал- мәтелдерді айыруға үйрету. Сын тұрғысынан  ойлауға байланысты міндет: мақал-мәтелдерді өзінің қорында қолдана біледі. Топтық жұмыс немесе тәрбие әрекетіне байланысты міндет: топпен жұмыс барысында топта айтылған барлық пікірлермен санасу арқылы бір-бірін сыйлауға үйренеді. Күтілетін нәтиже: оқушылар мақал мәтеддердің ерекшеліктерін айыра біледі, сөйлем ішінде жүйелі қолдана алады. Оқытудың әдісі: мақсатты әдіс, ой шақыру, зерттеу, Венн диаграммасы, әңгімелеу, түсіндіру, толықтыру, болжау, салыстыру сәйкестендіру.Типі: білік пен дағдыны қалыптастыру. Пәнаралық байланыс: өзін –өзі тану, әдебиет, тарих. Көрнекілігі: суреттер, тірек қағаздар, оқулық, интерактивті тақта, маркер, сөзжұмбақ, кесте.

Сабақтың барысы.

Психологиялық дайындық.

Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді ізгі ниетпен, жақсы тілекпен, жылы лебіздермен

бастау.

  • Оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығына көңіл бөлу.
  • Түгендеу, оқушылар назарын сабаққа аудару.
  • Үйге берілген тапсырманы сұрау:

«Тұрақты сөз тіркесі»   

« Адам өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға  оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді» (Баубек Бұлқышов)              -Ал, балалар, Баубек Бұлқышовтың сөзін қалай түсінесіңдер?..          

«Кім көп біледі » ойыны 

 № 1. Еркін сөз тіркесі дегеніміз не? Мысалы:  жасыл қала – әдемі қала, жасыл кітап- қызық кітап.

№ 2. Тұрақты сөз тіркесі дегеніміз не? Мысалы: Ит тұмсығы өтпес (қалың ну) , беті бүлік етпеу (ұялмау)

№ 3. Тұрақты сөз тіркесінің негізгі белгілері қандай?

1) Тірек құрамында кемінде екі сөз болу керек.

2) Сөздердің орны өзара ауыстырылмайды, бір сұраққа жауап береді, бір сөйлем мүшесі қызметін атқарады.

3) Тірек құрамындағы сөздерді басқа сөздермен өзгертуге келмейді, тіркестердің синонимдік баламалары болады—Қыздың жиған жүгіндей- көрікті, көркем.

4) Жеке –жеке мағына бермейді, барлығы тұтас бір мағына береді, мән –мағынасы жағынан қарама-қарсы болып та келеді.

№ 4.  Табу дегеніміз не?

№ 5.  Эвфемизм дегеніміз не?

№ 6.  Дисфемизм дегеніміз не?

 

 № 7.  Көз ілмеді, көрер таңды көзімен атырды, түн ұйқысын төрт бөлді, үш ұйықтаса түсіне кірмеген болатын. Қай сөз табынын және сөйлем мүшесі ішінде  ---- күрделі етістік, сөйлемдегі қызметі баяндауыш.

-- Үсен тал кептірген соң от жағып,  әуелі жұмыртқаны отқа пісірді. (Ы.А)

-- Сөйтіп екеуінің арасына от жағалық деседі қырық уәзір, ( «Аяз би» ертегісі)

-Балалар, от не үшін жағылады?

-Ас пісіру үшін, үй жалату үшін жағылады.

-Ал адамдар арасына от жағуға бола ма?

-Болмайды.

 

   ҚАНДАЙ КӨҢІЛ КҮЙ?       Мына тіркестің синонимін табамыз?                                                 

 

Тас жүрек   --  өкіну опық жеу,                  Жүрегі жарылу – қуану,       

 бармағын тістеу,сан соғу.                        шаттану, мәз болу

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ: Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы мақал- мәтелдер.

Мақал –мәтелдер қазақ тілінің байлығын, көркемдігін ашып көрсететін тілдегі сөздер тобының бірі. Жалпы ережесі анықталған қағидалар айтылады, түрі жағынан тілге жеңіл, құлаққа жағымды дыбысқа, ырғақ ұйқасқа құрылған, көбінше көркем тілмен – өлеңмен өріледі. «Мақал-мәтел  - егіз жанр, туыс жанр» дейді Б. Адамбаев. Дегенмен, мағынасына, құрлысына, атқаратын қызметіне қарағанда, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар.  

                       Мақал

                        Мәтел

Тиянақталған бір ойды білдіреді, өз алдына тұрып та дербес мағына  береді. Тәрбиелік мәні бар, ақыл-нақыл сипатында айтылған сөздер. Әке-асқар тау, шеше –қайнар бұлақ. Кең болсаң, кем болмайсың.

 Тиянақты ойды білдіре алмаайды, тек белгілі ойды, пікірді ажарлау, айқындау үшін қолданылады. Ой – пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер. Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді.

Құрлысы жағынан екі бөлімді болады.

Көбіне бір бөлімді болып келеді. Еріншекке бүгіннен ертең оңай

 

Ой неғұрлым ашық айтылады

Батыр туса-  ел ырысы, жаңбыр жаусы-жер ырысы.

Ой- мағына ишара, тұспал түрінде беріледі. Көп түкірсе  - көл

  Ақыл, өсиет түрінде келеді. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

Көбіне эмоциялық реңк басым болады.  Кызым, саған айтам, келінім сен тыңда.

 

Мақал көбінесе құрмалас сөйлем күйінде келеді, ал мәтел жай сөйлем күйінде келеді. Бас аман болса, бөрік табылады  -  мақал

Сұлуынан жылуы – мәтел

 

Оқулықпен жұмыс

 «Қалта ашар»  ойыны   127 – жаттығу мақалды бір бөлек , мәтелді бір бөлек жазамыз

Мақал

Біреу күн нұрына малынса, біреу ай сәулесіне зәру. Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей. Айдағаны бес ешкі, ысқырыға жер жарады. Өсер елдің ақыны көп,өшер елдің әкімі көп.

Мәтел

Жақсы адамға жау жоқ. Кәрі түлкі қақтанға түспес. Екі қораз ен қораға сыймас. Ауыртпалық ақыл қосар. Ұжданы ақтың жүзі ақ. Ең ақылды сөз-ең ақылды сөз. Қыздың көзі қызылда.

Жұмбақ шешеміз

Тоқтап қалса  - жаманатты,                                  Бөрене тұмсық,

Озып кетсе – жаманатты,                                     Емен аяқ

Қалып қойса – жаманатты.                                  Жануар бар

Оған  талғам, талап қатты   ( Сағат)                    Некен  - саяқ  ( Піл)

 

Түнімен көз ілмейміз  ( Жұлдыз)                            Арлы - берлі қақпаны

                                                                                  Тербетіп – ақ жатқаны   (Жел)

Жеке өзін жей алмайсың

Онсыз асты да аузыңа алмайсың   ( Тұз)

 

Болса да көкте менікі,

Кездеспейді екеуі  (Ай мен күн)

 

Сергіту сәті. Үш топқа бөліп,  тапсырмалар орындаймыз.

    1 – топ .                                                                                                            Темірден түйме түйеді .  Оң қолынан, өнер тамған   ( өте шебер, ұста)

Ет жақын.  Жеті атасын білмеген, жетімдіктің  белгісі.                                                                      (туыс, ағайын- жекжат)

Тілім сөзден , тізем жаудан сүрінген жоқ  ( тілім мүдіріп жаудан жеңіліп көргенім жоқ)  Тілі мірдің оғындай  (тілі ащы) Тіл қаруы- сөз, сөз қаруы- ой.

Сурет бойынша жұмыс:

  2- топ.    Суретке қарап, ағаш отырғызып жатқан, бала туралы шағын мәтін құрастыру. Мақал-мәтелдерді пайдалануға тырысыңдар.

а) ағаш отырғызудың жыл мезгіліне, адамдық қасиетке байланысты болатыны туралы әңгімеле.

ә) егер өз еркіңе салса, қандай, ағаш отырғызар едің? Неге дәл осы ағашты таңдадың? Ойларыңды кеңейтіп әңгімеле.

 3- топ.

Ең қызық та  күлкілі мақал- мәтелдер жинап жазып. Олардың мәнін ашу.

Шықпа жаным, шықпа.

Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде.

Ақсақтың аяғы жетпесе де,

Таяғы жетеді.

Таз ашуын тырнадан алады.

Таз басқа қайызғақ тұрмайды

Күрек тісің сынса,  күлкің бұзылады.

Байдың асын байғұс қызғанады.

Шірік шірітеді, бұзық бүлдіреді.

Түйе қашып, жүктен құтыла алмас.

Өлі арыстаннан тірі жүрген тышқан артық.

  Сабақты қорытындылаймыз:

Сөзжұмбақ әдісімен:

  1. Мақал дегеніміз не?
  2. Мәтер дегеніміз не?
  3. Негізгі белгілері қандай?

-Зат есімнің сұрағына жауап беретін, жеміс- жидек  атауы?

-Қиял-  ғажайып ертегісіндегі басты кейіпкер?

-Сын есімнің сұрағына жауап беретің түстің түрі?

-Несіз тіршілік жоқ?

-Киме сөзінің антонимі?

-Садақ ,сауыт, қызыл әскер  қандай сөздер?

-Жалғауы жоқ септік қандай?

 

А

Л

М

А

 

 

Е

Р

 

Т

Ө

С

Т

І

К

 

 

К

Ө

К

 

 

С

У

 

 

К

И

 

 

К

Ө

Н

Е

Р

Г

Е

Н

 

А

Т

А

У

 

С

Е

П

Т

І

К

                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларды  бағалау. Сабаққа белсенді қатысып отырған, оқушыларды бағалаймын.

Үйге тапсырма беру:  130 – жаттығу. Ережені  жаттап келу.

 


Пікірлер (3)

Tuyakova_kuralay

Құрметті сайт мүшелері менің осы сабақтарым жарияланады ма қай почта арқылы ақша салып, сертификат аламын

Модератор

Материал жарияланып тұр. Сайттың жоғарғы жағында "FAQ-нұсқаулық" деген жері бар, сол жерде толық жазылған. bilimall.kz@gmail.com

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз