Жамбыл облысы, Меркі ауданы.
Гранитогор санаториялық мектеп-интернатының тәрбиешісі: Төлешбаева Ұлжан Асимбековна
Мақсаты:
1. Ұлттық тәрбиенің бай тәжірибесіне сүйене отырып саналы тәрбие, сапалы білім беру;
2. Қазақтың бүгінгі ұл-қыздарының танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру;
3. Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру арқылы адамгершілікке, адалдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қазақ үйдің көрінісі ұлттық нақышта әсемделінген.
Қанатты сөздер: Жақсы қыз – жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт – аспандағы құндыз.
Барысы:
Жоспар.
1 бөлім. Кіріспе
2. Негізгі бөлім.
I. Таныстыру, топ басшысы, ұраны,әні,эмблемасы.
II. Білім сайысы
III. Өнерпаз босаң арқалан
IV. Кім жылдам?
V. Дәстүр сыны.
3. Қорытынды бөлім
I. бөлім
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді ұстаздар мен оқушылар!
Ұлтымыздың салт-дәстүрін қадірлейік,
Жастарды парасаттылыққа әзірлейік.
Тәрбие мен білімді тең игерген
Болашағы жастардың деп тілейік – деп, бүгінгі «Білім мен парасат» сыны атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
II. бөлім
Ендеше ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы қыз, жігіттерімізді шақырайық.
"Қыз Жібек" тобы
Шыға келсе жарқ етіп таң атқандай,
Демің тартып қарайсың тағат таппай.
Әр қимылы әсем ән,әуез,ырғақ,
Аққу жүзіп айдынында бара жатқандай.
Күйдіргендей өртімен,
Қызықтырған көркімен.
Шуағын шашып келіп тұр
«Қыз Жібек» тобы
"Төлеген" тобы
Бозбаланың ән-жыры,
Шабыттансын өнері.
«Төлеген» тобы өренім
Арта берсін мерейің!
1.Өздерін таныстырып өтеді.
Жүргізуші: Сайыскерлер жауапқа қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі де талай сын бар.
Тапсырмаңды орында қысылмай кеп,
Жауап тапсаң сұраққа жарайсыңдар.
«Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады» -деп халық даналары айтқандай білім сайысы.
2.Сұрақтар:
1. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын алғаш зерттеген қазақ ғалымы кім?
2. «Қазақтың бас ақыны» атты мақаланы кім жазды?
3. Қазақтың үш бәйтерек, бес арысын ата?
4. "Қыз Жібек" фильміндегі Төлегеннің образын сомдаған актер?
5. Қазақ бұлбұлы?
6. Астана Қазақстанның несінші астанасы?
7. Қазақтың ұлттық дәстүрлі мерекелерін ата?
8. Ұлттық ойын түрлері және ұлттық бас киімдерді ата?
3. Өнерпаз болсаң арқалан
«Өнер таусылмас қазына, жұтамас байлық». Ұлттық өнеріміз төлтума бітімімен, қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен қазынасы.
/Әр топ өз өнерлерін көрсетеді./
4. Кім жылдам?
Отан, дос, еңбек, білім, тақырыптарына байланысты мақал-мәтелдер және жаңылтпаштар жарысы.
5. Дәстүр сыны.
Қойылған сұрақтарға кезекпен жауап беру керек.
1. Қонақ түрлерін ата
2. Үш арсыз, үш қуат, үш мақсат.
3. Жеті мүшел жас.
4. «Аужар» сөзінің мағынасы?
5. «Үт» сөзінің мағынасы?
6. Алты асқар деген не?
III. Қорытынды бөлім.
«Білім мен парасат » сынының жеңімпаздарын хабарлау, марапаттау /Әділқазыларға сөз беріледі/.
Құреметті «Қыз Жібек» пен «Төлеген» тобының ойыншылары, әрқашан бүгінгідей бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ынтымағы мен бірлігі жарасқан, білімі мен парасаты асқан, болашағы зор байтақ еліміздің арқа сүйер ұл-қыздары болыңыздар!
Сараптама: Бұл сын түріндегі тәрбие сағаты ұл-қыздардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттырып, адамгершілікке, адалдыққа, ұлтжандылыққа, дәстүрді,әдет-ғұрыпты ұмыттырмай, еліміздің көнерген сөздеріне байланысты, салт-дәстүрлерге, жазушы, ақындарға байланысты сұрақтар оқушыларға көп ақпарат берілді.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі