Өлең, жыр, ақындар

"Механикалық энергия" 7 сынып

Астана қаласы
№ 25 орта мектебі
Шыршыкбаева Д.А физика-информатика пәні мұғалімі
Сынып – 7
Пәні –физика


Сабақ тақырыбы:  §68. Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға механикалық энергия, механикалық энергияның сақталу заңы, иіндік, күш иіні, күш моменті туралы  түсінік беру .
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі:жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор,интерактивті тақта
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
  а)Оқушыларды түгелдеу, сабаққа  қажетті  заттарды түгелдеу
  ә) Оқушыларға сабақ мақсатын айту.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
Диктант  : «Сенемін сенбеймін»
Қандай жағдайларда механикалық жұмыс орындалады.
 
    Альпенист тауға мініп жатыр.
    Дәптер үстелдің үстінде жатыр.
    Поезд  электровозы  қозғалу  күшінің  әсерімен тартылады.
    Бала ағашқа мініп жатыр.
    Гир  үстелдің  үстінде  тұр.
    Жүк  серіппеде ілініп тұр

 Тәжірибелер.2-кі тәжірибе орындалады.
Кроссворд
1. Ауданды негізгі өлшем бірлігі_________метр
2. Дене пішімінің немесе өлшемдерінің өзгеруін не деп айтады__________деформация
3. Сұйыққа батырылған денені ығыстырылған  күшті не деп айтамыз________Архимед күші
4. Берілген уақыт ішіндегі орын ауыстырудың сол уақыт аралығына қатынасы____________жылдамдық
5. Уақыттың негізгі өлшем бірлігі__________секунд
6. Денеге басқа денелер әрекет етпеген кездегі  жылдамдығының сақтау құбылысы __________инерция
7. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама__________күш
8. Денелердің инерттілігінің өлшемі___________масса
9. Бәріне ортақ бір центрден айналатын сансыз мол жұлдыздардың алапат үлкен жүйе__________галактика
10. Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама______тығыздық
11.Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама _________қысым
12. Материяның барлық түрлерінің өзара әрекеттесуінің және қозғалысының жалпы сандық өлшемі_________энергия
13.Күшті өлшеу үшін арнайы құрал____________динамометр
14. Процестердегі қысымды бақылап отыруға арналған құрал__________манометр
15.  Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал_________барометр
16. Кеменің суға бататын терендігі ____________шөгім
17. Ғылыми деректер негізінде үсынылған болжам___________гипотеза
18. Бір заттың малекулаларының екінші заттың малекулаларының араларындағы бос орындарға өтіп таралуы___________диффузия


    м    е    т    р        
    д    е    ф    о    р    м    а    ц    и    я    
    А    р    х    и    м    е    д    
    ж    ы    л    д    а    м    д    ы    қ            
        с    е    к    у    н    д        
        и    н    е    р    ц    и    я
    к    ү    ш
    м    а    с    с    а
    г    а    л    а    к    т    и    К    а
т    ы    ғ    ы    з    д    ы    қ
    қ    ы    с    ы    м    


    э    н    е    р    г    и    я
    д    и    н    а    м    о    м    е    т    р    
    м    а    н    о    м    е    т    р
    б    а    р    о    м    е    т    р    
    ш    ө    г    і    м
        г    и    п    о    т    е    з    а
д    е    ф    ф    у    з    и    я

 

ІІІ. Жаңа сабақ.
Адамзат үшін тіршілік көзі энергия болып таылады. Бұл энергияның шамамен 80% органикалық от есебінен алып жатыр.Ал органикалық  отын мұнай,газ,көмір тағы басқаларының жер қойнауындағы қоры күннен күнге дейін азайып бара жатыр.Сол себепті барлық әлемде энергияны пайдалануды үнемдеу мәселесі көптеп талқылап жатыр. Сонымен манызды орын алып жатқан энергия ұғымы энергия материялық қозғалысының әр түрлі  формасының  жалпы өлшеуші.Материя қозғалысының әр түрлі формалары бір-біріне айналып түрленіп отырады. Энергияның екі түрі бар кинетикалық энергия  және потенциалдық энергия.
Потенциалдық энергия деп-әр түрлі денелердің немесе бір дене бөліктерінің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергия
Кинетикалық энергия деп- денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергияны айтады.
 
Дененің потенциалдық және кинетикалық энергияларының қосындысы механикалық энергия деп аталады.
W=Ek+Eп
W-механикалық энергия
Тысқарғы күштермен әрекеттеспейтін денелер жүйесін тұйық жүйе деп атайды.
Болат шар мен болат тақтадан тұратын тұйық жүйедегі механикалық энергияныныңтүрленуін қарастырайық:


 
Кинетикалық және потенциалдық энергиялардың қосындысы , яғни тұйық жүйенің механикалық энергиясы денелерді кез келген орналасу қалыпында өзгеріссіз сақталады:
Ек1+Еп1=Ек2+Еп2=...=Екn+Enп=const
W1=W2=Wn=const
Ауырлық күшінің істейтін жұмысы еркін құлап түсетін дененің потенциалдық энергияларының өзгерістерінің өлшемі болатынын ескеріп, төмендегі теңдіктерді жаза аламыз:
A=Eп1-Еп2 немесе А=Ек2-Ек1
Бұл теңдіктердің сол жағы өзара тең. Сондықтан
Eп1-Еп2=Ек2-Ек1 немесе Eп1+Ек1=Еп2+Ек2
W1= Eп1+Ек1
W2= Еп2+Ек2
W1= W2
Механикалық энергияның сақталу заңы:
Тұйық жүйені құрайтын денелер арасында тек қана ауырлық күші мен серпімділік күші әрекет ететін болса, онда тұйық жүйенің механикалық энергиясы тұрақты сақталады.
Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің төңірегінде айнала қозғала алатын кез келген дене иіндік деп аталады.

ІV. Есептер шығару. 30ж. №2, Ремкевич №836,№831,№832

Дәптермен жұмыс:
1.Жылдамдығы 72 км/сағ , массасы 1т автомобильдің кинетикалық энергиясын анықта.
2.4м биіктіктегі дененің потенциалдық энергиясы 120 Дж дененің массасын анықта
3. Масссасы 100 т ұшақ  Жерден 1 км биіктікке көтерілген жылдамдығы 200 м/с болады. Оның Жермен салыстыпғандағы механикалық энергиясы қандай?
4.5. Қандай биіктіктегі масса 2 т жүктің потенциалдық энергиясы 10 кДж-ға тең?
Берілгені:
6. m=0.5 кг
h=3 м
v=6 м/с
т/к: А-?
Берілгені:
7.Берілгені:
m= 50 г
Е_п=2 Дж
т/к: h. Е_к-?
7. Садақтан вертикаль жоғары тартылған  жебенің ең үлкен  көтерілу биіктігін есептендер. Жебенің бастапқы жылдамдығы 40 м/с. Ауаның жебе қозғалысына тігізетін кедергісі есепке алынбайды.
8. Массасы 2 кг дененің 10 м биіктікте 20 〖м/с〗^2   жылдамдықпен  қозғалғандағы толық механикалық
энергиясы неге тең?

V.Сәйкесін тап

Қысым                                           Дж
Тығыздық                                      кг
Масса                                             Вт
Күш                                                Па
Орын ауыстыру                            кг/м^3
Энергия                                           м
Қуат                                                 Н
Жумыс                                            м/с

Корнекілік
 
VІ. Қорытындылау.
 
 
 
VІІ. Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма: §68.  40 –ж. №1,№3, Ремкевич №833

 

  


Пікірлер (2)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз