Тақырып: Қазақ тілін байытқан салт-дәстүрлер.
Мақсаты: Ойын барысында өткен материалды бекіту.
1.Білімділік:Оқушылардың модуль бойынша алған білімдерін жинақтау, пысықтау.
2.Дамытушылық:Қазақ тілінде дұрыс сөйлеу, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін, тіл байлығын дамыту.
3.Тәрбиелік:Ұлттық салт-дәстүрлерді қадірлей білуге баулу. Мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: таблицалар,суреттер,нақыл сөздер, ноутбуктар,заттар
Сабақтың түрі: сайыс-сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ойын, көрініс, баяндау, шеңбер құру
Пәнаралық байланыс: тарих, өзін-өзі тану
Сабақтың эпиграфы: Білемін деп мақтанба Сенен де білгіш табылар
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен сәлемдесу.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз «Ойшылдар» мен «Тапқырлар» тобының қазақ тілінен білімін, өнерін тамашалаймыз.
2.Психологиялық даындық жасау.Шаттық шеңберіне шақыру (музыка ойнап тұрады ) Армысың, көк аспан!
Армысың, алтын күн!
Армысын, Жер-Ана!
Армысыздар, қонақтар!
Бүгінгі күніміз сәтті өтсін!
3.Топ мүшелерін құрастыру. (Оқушыларға екі түсті кәртішкелер таратылады. Бір түсті кәртішке иелері топ құрастырады.)
4.Топ мүшелері өздерін таныстырады.
5.Командалардың сәлемдесуі.
«Тапқырлар»
Гүлденіп жалын атқан бүгін дала,
Даңқымен талай жылдар мен де келем.
Бүгінгі достық туын тіккен дара,
«Ойшылдарға» «Тапқырлардан» мың бір сәлем!
«Ойшылдар»
Достармыз бірге жүрген біз талайдан,
Қазақ тілде кездестік біз орайдан.
Сәлеміңді «Тапқырлар», қабыл алдық
Біз де жауап береміз «Ойшылдардан»
6.Сабақтың ережелерімен таныстыру.
Ережелері:
1.Сынып екі командаға бөлінеді, капитанын сайлайды.
2.Мұғалімнің сұрағына бірінші қолын көтерген капитан командасымен келесі тапсырмаларды орындауға кіріседі.Тақтада тапсырма құны белгіленген. Таңдаған тапсырма дұрыс орындалса, бұл ұпай команда еншісіне енеді. Егер де тапсырма дұрыс орындалмаса, команда еншісінен ұпай алынады.
3.Сұрақтардың арасында «Сиқырлы қапшық» сұрағы кездеседі. Мұнда сұрақ өзгеше тақырыптан болады және жауап беру мүмкіндігі қарсылас командаға ауысады.
4. «Бақытты сәт!» кезінде ұпай саны сұрақсыз команда еншісіне енеді.
5.Сұрақтар мен тапсырмалар екі үлкен тақырыпта берілген: «Салт-дәстүрлер әлемі» және «Қызықты грамматика».Сұрақтар арасында интернетен алынған қосымша мәліметтер беріледі.(орысша)
Балалар сендерге сәттілік тілеймін!
1 сұрақ жауап кезегін белгілейді.
«Қай дәстүр бойынша молла жаңа туған нәрестеге құлағына үш рет айқайлайды.»( Балаға ат қою )
Шілдехана. Қырқынан шығару |
50 |
40 |
30 |
20 |
10 |
Тұсау кесу |
50 |
40 |
30 |
20 |
10 |
Балаға ат қою |
50 |
40 |
30 |
20 |
10 |
Шілдехана.Қырқынан шығару.
10 ұпай.Бала тәрбиесіне байланысты ырым-тыйым сөздерді айтыңдар.
(Бос бесікті тербетпе.
Үлкеннің алдын кеспе.
Үйді айналып жүгірме.
Баланы сыпырғышпен ұрма.
Бас киіміңді теріс киме.
Қызға қол көтерме.)
20 ұпай. Нәресте сөзімен 5-жолды өлең құрастыр.
1. Зат есім Нәресте
2.2 сын есім Кішкентай,сүйкімді,
3.3 етістік Қуантады, сағындырады, қызықтырады.
4.Сөйлем Біздің үйде кішкентай нәресте туды.
5.Синоним Бала.
30 ұпай. «Сиқырлы қапшық» Мемлекеттік елтаңбаның авторлары кім? (Шот-Аман Уәлиханов,Жандарбек Мәлібеков)
40 ұпай. «Қырқынан шығару» дәстүрін әңгімелеп көрсетіңдер.
50 ұпай. «Бақытты сәт!»
Тұсау кесу.
10 ұпай.Тұсаукесер жырын айтып беріңдер.
20 ұпай. «Сиқырлы қапшық.» Астана қаласының символы не? Оның ұзындығы қанша метр? (Бәйтерек, 97+8метр)
30 ұпай. Мәтіңді оқып,аударыңдар.
Тұсау кесу – сәби қаз тұра бастағанда, тез жүріп кетсін деп, ала жіп есіп, екі аяғын тұсап, сүрінбей жүретін адамға тұсауын кестіреді, баланы қолынан ұстап, тез-тез жүгіртеді. Оған қуанысып, шашу шашылады, дастарқан жайылады, «тұсаукесер» кәдесі беріледі.
40 ұпай. «Бақытты сәт!»
50 ұпай.Тұсау кесер дәстүрін әңгімелеп көрсетіңдер.
Балаға ат қою.
10 ұпай.Балаға байланысты мақал-мәтелдерді айтыңдар.
(Ата - бәйтерек, бала - жапырақ.
Ананың сүті - бал, баланың тілі- бал.
Балалы үй – базар, баласыз үй –мазар.
Бала көңілдің гүлі, көздің нұры.
Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
Баланың өскен бесігі –кең дүниенің есігі.т.б.)
20 ұпай.Берілген заттар бойынша есімдерді атаңдар.
(Зеркальце –Айнаш, цветок, яблоко – Алмагүл, жемчуг –Інжу, Меруерт, бусы –Маржан, сталь – Болат, роза – Раушан, Райхан, шёлк – Жібек, гранат –Анар, крыло – Қанат, звезда - Жұлдыз )
30 ұпай.Топ мүшелері өз есімдерін сипаттап беріңдер.
40 ұпай. «Бақытты сәт!»
50 ұпай.Мәтінді оқы.Аудар. Мәтін бойынша диалог құрастыр.
Баланы ағаштан жасалған бесікке бөлейді. Бала қырқынан шыққан соң ата – әжесі немесе әке – шешесі бесікке салу тойын жасайды.Бала екі жасқа дейін бесікте жатады. Бесікте жатқан бала таза болып өседі.Баланы бесікке жатқызып ұйықтатар алдында бесік жырын айтып тербетеді.
Әріптер |
50 |
40 |
30 |
20 |
10 |
Сөздер |
50 |
40 |
30 |
20 |
10 |
Сөйлемдер |
50 |
40 |
30 |
20 |
10 |
Әріптер.
10 ұпай.Қазақ тілінде қанша әріп, қанша дыбыс бар? Олардың түрлерін атап беріңдер.
(Қазақ тілінде 42 әріп, 37 дыбыс бар. Дыбыс бола алмайтындар: я(й+а), ю(й+у),ё(й+о) қосарлы дыбыстары және ь-жіңішкелік, ъ-жуандық белгілері. Дауысты және дауыссыз болып дыбыстар екі топқа бөлінеді. Дауыссыз дыбыстар: қатаң, үнді ұяң. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай - жуан әрі жіңішке, жақтың қатысына қарай - ашық және қысаң, еріннің қатысына қарай – еріндік және езулік.)
20 ұпай. Шілдехана сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.
1 2 3 4
Шілдехана Шіл-де-ха-на 1-бітеу,2,3,4-ашық буындар
Ш – дауыссыз, қатаң.
І – дауысты,жіңішке,қысаң, езулік.
Л – дауыссыз,үнді.
Д – дауыссыз, ұяң.
Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік.
Х – дауыссыз, қатаң.
А – дауысты, жуан, ашық, езулік.
Н –дауыссыз, үнді.
8 әріп, 8дыбыс, 4 буын
30 ұпай. Сөйлемдерде жоғалған әріптерді қойып оқыңдар..
Қай хал...қты алсақ та өз...не тән т...рмыс тіршілігі, күнк...рісі, ...дет-ғұрпы, салты бол...тындығын біл...міз. Мұн...ң бәрін сол халы...пен бірге жасасып, оның тари...ына өзінше ілесе жүретіндігін бай...аймыз. Қандай халықтың болмасын салт-д...стүрлері сол халықтың м...нез-құл...ын, қасие...терін таныта біле...і. Кейбір салт-дә...түрлері мен ә...ет-ғұры...тары сол ха...ықтың тұр...ысына тәр...иесі мен мінез...не, сезі...іне, ыр...мына қарай қалы...тасып келеді.
40 ұпай. «Бақытты сәт!»
50 ұпай. «Сиқырлы қапшық.» Солтүстік Қазақстан жерінде туған ақын жазушыларды ата.( Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Шал ақын)
Сөздер.
10 ұпай. Адасқан әріптерден сөздер құрастырыңдар.
М,М,І,Ғ,Ұ,А,Л.
Я,Қ,С,Б,А,А.
Т,А,С,Д,Р,А,Қ,А,Н.
Қ,Е,Р,Л,А,А,Т,П.
Қ, У, О, Ы, Ш.
20 ұпай. «Бақытты сәт!»
30 ұпай. Сөздік ойын. Берілген сөздерге ұйқасын табу.
Память –зерде Хлеб –нан Копейка – тиын
Штора – Кровь – Белка –
Звук – дыбыс Верблюд – түйе Вихрь –
Работа – Кобыла – Трудно –
Дыня – қауын Дуб – емен Сбор –
Дождь – Пол – Одежда –
40 ұпай.Үндестік заңына бағынбайтын сөздерді табыңыз.
Арбакеш, мұражай, еңбекқор, кәсіпорын, оқушы, ақбөкен, саяхат, нәресте, қарлығаш, балгер, әсемпаз, баспасөз, алаң, көмекші, сезімтал.
50 ұпай. Жаттығу жұмысы.(тақтада жазулы)
Берілген күрделі сөздерді топтастыр.
Алажаздай, ТМД, күні бойы, Екібастұз, қысы-жазы, тасбақа, көйлек–көншек,ТУ-154, мәдениет сарайы, ұзын бойлы, ҚазҰМУ, Талдықорған, өз-өзінен, Ақтөбе, бала-шаға.
Біріккен сөз |
Қос сөз |
Қысқарған сөз |
Тіркескен сөз |
|
|
|
|
Сөйлемдер.
10 ұпай. Сөйлемдердің сынарын табыңдар.
Бесікке салуды ауылдағы құрметіне жасалатын той
Баланың түсауын кескен кісіге алуан түрлі дәстүрлері бар.
Шілдехана-жаңа туған нәрестенің арнайы сыйлық берледі
Халықта балаға ат қоюдың көп балалы құрметті әжелерге
береді
20ұпай. «Сиқырлы қапшық» Биыл мемлекетімізде қандай үлкен той өтті?
(Тәуелсіздіктің 20 жылдығы тойланды)
30 ұпай.Сөйлемнің құрамына қарай түрлерін сипатта. (Сөйлемдер құрамына қарай 7 түрге бөлінеді:Жақты және жақсыз, жалаң және жайылма, толымды, толымсыз және атаулы.Жақты – бастауышы бар сөйлем. Жақсыз – бастауышы мүлдем жоқ сөйлем. Жалаң тек тұрлаулы мүшелерден тұрады, жайылма – тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем.Толымсыз сөйлемде ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан.Толымсыз – айтылуға тиісті тұрлаулы, я тұрлаусыз мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем. Атаулы – іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем.)
40 ұпай. Сөйлемді сөз құрамына талда.
Болашақ азаматтарды жан-жақты тәрбиелеуде халықтың салт-дәстүрлерінің тәрбиелік, танымдық маңызы зор.
50 ұпай. «Бақытты сәт!»
ІІІ. Қорытынды.
Таблица толтыру.
Білемін |
Үйрендім |
Білгім келеді |
|
|
|
ІV.Бағалау. ( Командалар бір-біріне баға қояды)
V.Үйге: Бақылау жұмысына дайындалу.
Солтүстік-Қазақстан облысы
Ақжар ауданы
Горьковский орта мектебінің
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі
Ғабдуллина Сәуле Қайыргелдіқызы
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі