Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы, Казталов ауылы
Казталов аудандық «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ
Педагог-психолог: Нұрпейсова Гүлзада Әлімжанқызы
Сабақтың тақырыбы: Орманға саяхат
Сабақтың мақсаты:
а) Түзете - дамытушылық мақсаты: Балаларға орман туралы түсінік беру, өз ойларын жеткізе білуіне ықпал жасау. Балалардың ойлау, есте сақтау, сөйлеу белсенділіктерін дамыту, қызығушылығын арттыру, ұсақ және жалпы моторикасын дамыту. Құм терапиясы арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру.
б) Балалардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін оятып, оларды қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Шаттық шеңбері, ойын, әңгімелесу, релаксация, саяхат, сергіту сәті, сурет салу, мадақтау.
І Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, кәнеки, бір-бірімізбен амандасайық. Мен сендерді «шаттық шеңберге» шақырамын.
Шаттық шеңбері.
Қайырлы таң, көздерім!
Қайырлы таң, құлақтарым!
Қайырл таң, қолдарым!
Қайырлы таң, аяқтарым!
Сендер ояндыңдар ма?!
Көздер көреді,
Құлақтар тыңдайды,
Қолдар шапалақтайды,
Аяқтар топылдатады.
«Ояндық», - дейді.
Күн сәуле шашқаның үшін рахмет!
Бұлт жаңбыр сепкенің үшін рахмет!
Аспан таза ауаң үшін рахмет!
Ағаш көлеңкең үшін рахмет!
ІІ Негізгі бөлім:
- Балалар, сендер саяхатқа шығып көрдіңдер ме?
- Ендеше, бүгін біз қызықты бір сапарға аттануымыз керек, сол үшін өздерімізді аздап дайындап алайық. Саяхатқа жол салмас бұрын, үн таспаны тыңдайық, дыбыстарға мән берейік (ормандағы дыбыстарды үн таспадан тыңдату)
- Бұл не өзі? Біз қайдамыз? Бұл ненің дыбыстары? Біз қайда тап болдық?
- Бұл орман ғой, мұнда әр түрлі құстар, жануарлар тіршілік етеді. Бұл солардың дыбыстары.
- Дұрыс айтасыңдар, бұл орманды тоғай, әр түрлі жануарлар, құстар, жәндіктер тіршілік етеді. Бұл солардың дыбыстары.
Қане, дайынсыңдар ма? Дайын болсаңдар жолға шығайық.
Ойын: Жаңбыр
Психолог: Балалар сендер шыныққан сайын таңғажайып әлеміне жан біте бастады.
1. Жылы жаңбыр да жауды (екі қол артта, кезек - кезек алдыға созу).
2. Жаңбырдан соң әдемі кемпірқосақ та көрінеді (екі қолды қанатша екі жақта ұстап, иіліп бір қолды бір қолға жеткізу).
3. Жылы жаңбырға жуынып, өсімдіктер де жапырақтарын күнге жая бастады. (Аяқты артқа созып қолды жоғары көтеріп, денені жоғары созу).
4. Ал құстар қанаттарын қағып, ұшуға дайындалып жатыр. (Қолды қанатша қағып, отырып - тұру).
5. Жан - жануарлар да оянабастады. (Жергетізементұрыпаяқтарынсозу).
6. Көбелектер де ұшуғадайындалыпжатыр. (Лотос қимылы)
- Балалар қараңдаршы. Орманның да бізге дайындап қойған өз тапсырмалары бар екен. Мына қарылғаштардың аузындағы хаттарды бір-бірлеп алып, тапсырмаларды орындайық.
1. Қиық суреттерді құрастыр.
2. Жамауын тап.
3. Ретімен орналастыр.
«Көпірден өту» жаттығуы
- Тыңдаңдаршы, балалар, ненің дыбысы естіліп тұр?
- Ағып жатқан судың дыбысы.
- Жарайсыңдар!
- Міне, өзенге де жеттік,
- Жаңа естілген дыбыс осы өзеннің ағысының дыбысы екен. Біз осы өзеннің арғы жағалауына көпір арқылы өтеміз. Көпірден асықпай, абайлап өтіп, өзеннен балық ауласақ, қалай қарайсындар балалар?!
«Балықшылар» ойыны
Саяхатқа шыққан 2 бала балық аулайды. Қай бала көп балық ауласа, сол жеңімпаз болып есептеледі.
- Міне, өзеннен де өттік. Орманға да жақындадық.
- Жолдан шаршадыңдар ма балалар?
Релаксациясы
Балалар, көздерімізді жұмамыз, бір сәт тыныштық әлеміне еніп, өзімізді еркін сезінеміз, яғни демаламыз (музыка). Балалар, демалып болсақ, көзімізді ашып, орнымыздан тұрамыз.
«Гүл тереміз» ойыны
Балалар екі топқа бөлініп, гүлдер теріп жарысады. Жинаған гүлдерді санап, көп жинаған топ жеңімпаз болып есептеледі. Терген гүлдерін себетке жапсырады.
ІІІ Сергіту сәті:
Құстарға біз ұқсайық,
Қане қанат жазайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Құм терапиясы
Боялған құмдармен сурет салу.
- Балалар алдымыздағы суреттерді мына тұрған түрлі-түсті болған құммен бояймыз. Ол үшін суретке желімді жағып алып, ұнаған түстермен себелеп бояймыз.
ІV Қорытындылау, бағалау.
Балалар, осымен орманға саяхатымыз аяқталды. Сендер керемет саяхатшылар екенсіңдер. Қош, сау болындар!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі