Өлең, жыр, ақындар

Де Бройль толқындары

ШҚО, Абай ауданы
М.Әуезов атындағы орта мектеп
Физика-информатика пәнінің мұғалімі: Ләйлә Мухатова

11 сынып                        

Сабақтың тақырыбы: Де Бройль толқындары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Де Бройль толқындарымен таныстырып солар туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А)теориялық білімдерін тексеру. Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру. Б) есептерін тексеру.

ІІІ. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою. 

Бүгінгі негізгі мақсатымыз Сутегі атомының Бор жасаған моделінің ұқсастығымен танысамыз.

1. Стационар орбита үшін қандай шарт орындалады.
2. Сутек тектес атом деп нені айтамыз?
3. Бор теориясы атомдық газдардың сызықтық спектрлерін қалай түсіндіреді?

ІV. Жаңа материалды меңгерту:

Де Бройль толқындарының кеңістіктің қандай да бір жеріндегі интенсивтігі бөлшекті осы жерден табу ықтималдығына пропорционал. Де Бройль толқынын осылайша түсіндіру бөлшектің құрылымына қатысы жоқ, ол бүтін күйінде қалады.

V. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

§7.6 дайындық сұрақтарын талдау.

1. Де Бройль толқынының ұзындығы неге тең?
2. Бөлшектердің толқындық қасиеттері қалай анықтылады?
3. Жеке электронның толқындық қасиеттері қандай тәжірибеде байқалады?
4. Де Бройль толқындарының «классикалық толқыннан» қандай айырмашылығы бар?

VІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

Есептер шығарту. 7.6.1-7.6.3.

VІІ.  Бағалау.

VIІI. Үй тапсырмасын беру: §7.6. Есептер шығарту. 7.6.4-7.6.5.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз