Өлең, жыр, ақындар

Құрылыс материалдары өнеркәсібі

"№18 кешкі мектебі" КММ
тарих және география пәні мұғалім
Сейткожинова Арайлым Болатбековна


Сабақтың тақырыбы: Құрылыс материалдары өнеркәсібі
Сабақтың мақсаты: 
Білімділігі: Оқушыларға Қазақстанның құрылыс материалдары өнеркәсібі жайлы түсінік беру
Дамытушылығы: Сұрақтар мен тапсырмалар бере отырып, өз бетімен білім алу белсенділігін арттыру
Тәрбиелігі: Оқушыларды білімділікке, іздемпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: Білім мен дағдыны жетілдіру
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндірме, кесте толтыру, әңгімелеу, тест, картамен жұмыс, эссе жазу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, электрондық оқулық, атлас.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Б) оқулықтарын тексеру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Сұрақ-жауап:
1. Елімізде ағаш өнеркәсібі саласы жете дамыған ба?
2. Елімізде ағаш дайындау өнеркәсібінің орналасу ерекшелігі?
3. Ағаш өңдеу өнеркәсібі қандай өнімдер шығарады?
4. Қазақстанда жиһаз компаниялары қай қалада орналасқан?
5. Бүгінгі таңда елімізде жиһаз өндірісін дамыту үшін қандай мүмкіндіктер жасалып отыр?

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Электрондық оқулықпен

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту
Картамен жұмыс

Өндіру Орталықтары
Мәрмәр
Алебастр 
әктас 
Ұлутас 
Гипс 
Ақ саз
Кварц құмы
Гранит
Талшықтас 
Керамзит 
асфальт

Оқулықпен жұмыс
Цемент, бетон және темір-бетон, кірпіш, пенобетон, шыны, т.б. құрылыс материалдарын өнеркәсібінің негізгі орталықтарын атлас картадан анықтап, оған сипаттама беру 

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
Тест
1. Жоғары сапалы аққұм өндірілетін облыс:
А) Атырау В) Ақмола С) Қарағанды 

2. Шифер зауыты орналасқан қала:
А) Тараз В) Ақтөбе С)Қостанай

3. Шыны зауыты орналасқан облыс:
А) Ақтөбе В) Батыс Қазақстан С) Атырау

4. Цемент зауыты орналасқан қала:
А) Көкшетау В) Астана С) Шымкент

5. Кварц құмы өндіретін облыс:
А) Қызылорда В) Павлодар С) Қарағанды

6. Құрылыстағы байланыстырушы материал:
А) Цемент В) Әктас С) Ағаш

7. Құрылыс материалдарының негізгісі
А) Бетон, темір-бетон В) Құрылыс қоспалары  С) Асбест

8. Ірі цемент зауыттарының Шымкент пен Семейде орналаласуындағы басты фактор
А) Тұтынушыға жақын  В) Экологиялық таза аймақта  С) Әк тастар мен цементті саз балшықтарға жақын 

ҮІІІ. Сабақты қортындылау
Эссе жазу 
«Қазақстанда құрылыс материалдары өнеркәсібінің орталықтарының даму болашағы... »

Х. Бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз