Өлең, жыр, ақындар

Мектептегі спорттық іс-шаралар

Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
Казанка орта мектебінің
қазақ тілі  мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Альжанова Гульнар Сериковна

Сабақтың тақырыбы: «Мектептегі спорттық іс-шаралар»

Сабақ мақсаты:

Білімділік: оқушыларды тақырып бойынша алған білімдерін жүйелендіру, тыңдау әрекеттеріне дағдылдандыру.

Дамытушылық: өз пікірлерін, ойларын анық, еркін жеткізуе білуге үйрету, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.

Тәрбиелік:  ұйымдастырушылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, тұлғалық қабілеттерін арттыру, өзін-өзі жетілдіруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес(сайыс сабақ, ойын, диалог)

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, жағдаят ойын түрі, қайталау, көрнекілік, топпен жұмыс, жұппен жұмыс, өзін-өзі оқыту, бейне таспа.

Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Сөздіктер, жұмыс дәптерлері, мектеп тактасы, кесте, үлестірмелі кеспе қағаздар, АҚТ

Пән аралық байланыс: дене шынықтыру, әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушыларды түгендеу

2. Тілдік жаттықтыру

Психологиялық ахуал: ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Тілек арнау»

Жаңа сабақ 

Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін бізге ашық сабаққа қонақтар келіп отыр, келген қонақтармен амандасайық. Бүгін бізде ерекше сабақ.  Біз бүгін  баспалдақпен көтеріліп, спорт түрлеріне саяхат жасаймыз. Әр баспалдақ бойынша спортшылар сендерге әр түрлі деңгейде тапсырмалар дайындап қойыпты, сендер Қазақстан республикасының әйгілі спортшыларының тапсырмаларын мұхият тыңдап, орындауға тырысыңдар

Ал қанеки, ортаға шығайық, саяхатқа жиналайық, бір- бірімізге жақсы тілек арнайық. Енді топқа бөлінейік сапқа тұрындар, 1-2-ге саналындар, топ ұрандарымен таныстырындар

1 топ асықшылар тобы 

Ұшақтанда ұшқырмыз,
Желден озған жүйрікпіз.
Жарысуға сендермен
Келіп тұрған мықтымыз.

2-топ шахматшылар тобы 

Қажарлы батыл боламыз.
Шыңдарға биік шығамыз.
Әрқашанда жеңіс деп
Алдыңғы қатарда тұрамыз.

Саяхатқа жиналамыз деп, 1 сатыға қалай жеткенімізді де білмей қалыппыз ғой. Айтпақшы бүгін сыныпта кім кезекші?

 Волеболшы Ермек Сырлыбаевты тыңдайық: «Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендерге үй тапсырмасына спорт жайында мақал–мәтел берілген болатын, волебол ойыны арқылы үй жұмысын айтындар. Үй жұмысын орындасандар сендердің қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Гүлнар Серікқызы сендерге бағалау билетін таратады, билет арқылы сендер баспалдақтардан көтерілесіңдер, сабақтың сонында бағалау билеті бойынша өздерінді бағалайсыңдар. Сендерге сәттілік тілеймін»

Жақсы балалар, үй жұмысын орындадындар, бағалау билеттерінді алындар, саты бойынша өздерінді бағалап отыруға ұмытпандар

 2-ші баспалдаққа көтерілдіндер енді бүгінгі сабақ не жайында болатынын білу үшін,  Қазақстан Республикасының президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтың  қанатты сөзіне назар аударайық.

«Мен сендерді Интернет алмастыра алмайтын белсенді түрде жан-жақты дамуға, спортпен, өнермен айналысуға, шет тілдерді үйренуге, отандық және әлемдік әдебиеттің терең мұраларын танып-білуге шақырамын»

Балалар біздің президент  Н. Ә. Назарбаев  нені танып білуге шақырады 

Балалар, сабақтың тақырыбын нақты ашу үшін, менің қойған сұрағыма жауап беріндер. 5-ші қараша күні  біздің мектепте балаларға  арналған қандай спорттық іс –шара өтілді. Сонымен сабақтың тақырыбы қандай болып шықты кім айтады? Дұрыс айтасындар

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді және тақырыпты жазындар

Мектептегі спорттық іс –шаралар

3-ші баспалдаққа да жеттік. Мұрат  Әбенов асық ойнау федерациясының презедентінің сөзіне құлақ салайық.  

«Балалар, 4-ші баспалдаққа өту үшін, сендер кітапта берілген жаңа сөздерді оқып, сөз тіркесін немесе бір сөйлем құруларын керек, сонымен қатар, әр топқа кеспе бойынша қосымша тапсырма беріледі.»

 1 топ сөйлемдерді дұрыс құрыңдар

1) Өтеді, жарыстар, мектепте,сайыстар, спорттық.

2) Сақтау, керек,  денсаулықты.

3) Мектепте, спорттық, біздің, жарыс, өтті.

4) мұғалімдер, іс-шараларға, спортық, қатысады.

 

1) Мектепте спорттық жарыстар, сайыстар өтеді

2) Денсаулықты сақтау керек

3) Біздің мектепте спорттық жарыс өтті

4) Мұғалімдер спорттық іс-шараларға қатысады

2-ші топ Берілген анықтамаларды спорт түрлерімен сәйкестіріңдер.

1) Негізгі құралы доп болып саналатын спорт түрі - шаңғы тебу.

2) Мұз бетінде арнайы дайындалған құралмен сырғанау түрі - күрес

3) Қысқы спорт түрі - футбол.

4) Екі адамның жекпе-жегі түріндегі спорт түрі - коньки тебу. 

 

1) Негізгі құралы доп болып саналатын спорт түрі - футбол.

2) Мұз бетінде арнайы дайындалған құралмен сырғанау түрі - коньки тебу. 

3) Қысқы спорт түрі - шаңғы тебу.

4) Екі адамның жекпе-жегі түріндегі спорт түрі - күрес.

4 тапсырма Қазақстан Республикасының әйгілі күресшісі: Бейбіт Ыстыбаевтың бізге қандай тапсырма дайындап қойыпты тыңдайық Балалар, жарайсындар, 4-ші баспалдаққа да жетіп қалыпсындар, сендерге келесі тапсырма оқулықтағы мәтінмен  жұмыс мәтінді оқу, аудару Алға басындар!

Мектептегі сыныптан тыс спорт

1. Біздің мектепте денешынықтыру сабағынан басқа сыныптан тыс жұмыстары ұйымдастырылды. Олар: спорт түрлерінен өткізілетін жаттығулар (үйірмелер), спорт түрлерінен өтетін жарыстар, президенттік сынама нормаларын тапсыру шаралары, жазғы және қысқы сайыстар, туристік жорықтар, саяхаттар, денсаулықты жақсарту топтары, спорт мерекелері, т.б. 1т Оларға тек оқушылар ғана емес, мұғалімдер де белсенді қатысып, денсаулықтарын нығайтады.

В нашей школе кроме физической культуры организовывается внеурочные мероприятия. Это: спортивные кружки, соревнования по видам спорта, президентские тесты, зимние и летние соревнования, путешествия, оздоровительная группа, туристические походы, спортивне мероприятия. В них участвуют не только дети, но и учителя укрепляют здоровье.

Балалар, бізге Қазақстан Республикасының ауыр атлетика жеңімпазы Илья Ильиннан және жеңіл атлетика женіпазы Ольга     Шешигинадан хат келді.

Хатта не жазылған екен оқиық.  

Қайырлы күн балалар және келген қонақтар! Сіздер ашық сабақтың куәгерлері болып отырсыздар. Біз де сабақ бойы балалар тапсырмаларды жақсы орындап келе жатқандары туралы әріптестерімізден естідік. Сол себептен оқушылар жақсы бағамен бағаланатындарына біз сенеміз Балалардың  дем алу да уақыты келді. Сергіту ретінде 1 топ жеңіл атлетиканы, ал 2-ші топ ауыр атлетиканы ажыратып алып, коллаж жасасын.

Сау болыңыздар!  Жақсылықпен кездесейік!

Бесінші баспалдақта бізді Қазақстанның  жас шахматшысы: Жансая Әбдімәлікқызы күтіп отыр. Жансаяға ресми түрде халықаралық гроссмейстер атағы берілді. Жансаяның тапсырмасын  тыңдайық: «Сәлем менің, құрдастарым, саты бойынша тапсырмаларды жақсы орындап келе жатырсыңдар. Енді менімен бірге шахмат ойнап, сұрақтарға жауап беріп, 6-шы сатыға көтерілулеріне тілектеспін» 

6-шы баспалдақта  жүзу спортсмены Дмитрий Баландинді тыңдайық. 

«6-шы сынып оқушылары сендер мені өз білімдерімен таңқалдырдыңдар, қазақ тілінен тапсырмаларды жақсы орындадындар,  баспалдақтың  жоғары сатысына  бір-ақ қадам қалды. Енді осы  қадамнан өту  үшін, мен сендерге  деңгейлік тапсырмаларды   дайындап қойдым. Балықты аулау арқылы әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындандар» 

Сөз құрамына талдау:

Спорттық, сыныптан тыс, Қазақстан, мұғалімдер,президенттік, түрлерінен

Спорт сөзін септеу, шахматшы сөзін  жіктеу, жарыс сөзін тәуелдеу спорт туралы сөйлем құру. Фонетикалық  талдау: Мектеп  Морфологиялық талдау: Жазғы

7 –ші сатыда тұрған кім? біздің  Жамбыл ауданының Казанка ауылының спортсмені Крайс Андрейді тыңдайық  «Балалар мен сендер үшін өте қуаныштымын. Сендер сатының биік шынына жеттіңдер, осылай тек биіктен ғана көрініндер. Сыйлық ретінде Казанка орта мектебінің спорт түрлерін тамашалаңдар.

Бекіту:
- Балалар, осымен саты бойынша саяхатымыз аяқталды.

- бағалау билеттеріне қандай баға қойдындар
- Саяхат сендерге ұнады ма?
- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды кезеңіне де, келіп жеттік. Сабағымызды қорытындылау үшін, тақтадағы алма ағашына өз тілектерінді жазындар

Балалар маған да бүгінгі сабақта сендердің жемісті еңбек еткендерін өте ұнады. Сендерге сыйлық ретінде медаль арнаймын  болашақта Қазақстан Республикасының танымал спортсмені болатындарына сенемін.
Үй тапсырмасы: Спорттық іс-шаралар туралы диалог құру, жаңа сөздерді жаттау. 

 


Пікірлер (2)

улту

-өте керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз