Өлең, жыр, ақындар

Киіз үй. Жапсырмалау

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы
№9 Некрасов атындағы мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Татенова Молдир Толеуовна

Сабақтың тақырыбы: Киіз үй. Жапсырмалау                                                                   
Cабақтың мақсаты: Киіз үй туралы мағлұматты алу. Құрылысымен таныстыру.
Оқыту нәтижесі: Киіз үйдің тарихымен танысады. Жапсырмалау техналогиясын үйренеді.
Түйінді идея: Сабақ барысында оқушылардың ойлау қабілетіне қозғау салатын тапсырмалар беру, шығармашылық қабілетін дамыту, көздеген мақсатқа жету.
Әдіс-тәсілдер: «Ыстық орындық», «ТВ-шоу»әдісі, «Суреттер сөйлейді», интерактивті тақта.                            

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дереккөздер мен ресурстар, құралдар

2 мин

   Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Мен үшін қымбат» деген сөзді айтамын.Сол сөзді естігенде оқушылар ойына не келетінін сұраймын.

Ата-анам,

Отаным, жерім, үйім, бауырларым,

әжем, сүйікті ісім, досым, үйім деп әртүрлі жауап береді.

 

                                                                                3 мин

 

«Ыстық орындық» әдісін пайдаланып өткен сабақты қайталау

Ортада ыстық орындыққа бір оқушы отырады. Өткен сабақ бойынша сұрақтар қойылады. Оқушы жауабын білмесе, орнына басқа оқушы отырады.

 

2 мин

 

 

Үш топқа бөлемін.         

   1. Шаңырақ
   2. Кереге
   3. Уық

Таңдап алынған атаулар бойынша топтасады.

Қалта, Буклет суреттер

 

 

10 мин

 

 

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы «ТВ-шоу» әдісін қолданып, жаңа сабақтан мағлұмат беремін. Интерактивті тақтадан киіз үйдің суретін, оның түрлерін, жабдықтарын көрсету арқылы

Оқушылар өздері сұрақ қойып,өздері жауап береді. Әр топ суретке қарап сұрақтар және оған жауаптар жазады. Бір топтың оқушысы жүргізуші, қалған екі топтың оқушысы бағдарлама қонағы болады. Осылайша жаңа сабақтың тақырыбын өздері ашады. Сұрақтар тізімі:                

   1. Киіз үй туралы не білесің?

   2. Киіз үйдің тарихы жайлы не білесің? 

   3. Халық қалай дәріптеген?

   4. Киіз үйдің негізгі бөліктері?

Интерактивті тақта, Киіз үй түрлері және негізгі бөліктері

5 мин

Жаңа сабақ.                     

Киіз үйдің негізгі бөліктері.

Киіз үй көлемі жағынан:

   1. Алты қанатты

   2. Он екі қанатты

   3. Отыз қанатты

Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын сыни ойлау арқылы сұрақтарға жауап беріп, өздері ашады.

Оқулық, журнал,  тақта, фотосурет

 

3 мин

 

«Суреттер сөйлейді».

Оқушылар суреттер арқылы толық мағлұмат беруі керек.

Киіз үйдің түрлерін және құрылысын біліп, қазақ халқы үшін киіз үйдің маңызын, оның қара шаңырақ атануының себебін түсіндіріп дәлелдейді.

Интерактивті тақта

 

 

10 мин

 

 

Топтық жұмыс ұсыну

Киіз үйді тігу. Алдымен керегені жаяды. Кереге бірнеше қанаттан тұрады. Одан киін шаңырақ көтеріп, уықты байлап, баумен бекітеді. Сосын оның ішкі жабдықтары: кілем, түс киіз, сырмақ, сандық, шымылдық тағы басқа айтылады. Міне осылай әр топ өз киіз үйінің схемасын, эскизін жасап қорғайды.

Қима қағаздар,

Қайшы,

Клей,

Ақ қағаз,

5 мин

 

Сабақты қорыту:

«Кім жылдам ойыны» Сөзжұмбақ шешу:

   1. Кілт сөз «Ата өнері балаға мұра»

   2. Киіз үйдің құрылысын ата

   3. «Шаңырақ» сөзінің мәні

   4. Мақал-мәтелдер айту

 

5 мин

 

   Бағалау

   Үйге тапсырма:

   «Киелі шаңырақ», «Қара шаңырақ» шығарма жазып келу

Топ мүшелері бір-бірін бағалайды

Смайликтер


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз