Өлең, жыр, ақындар

Кестелік қосу және азайту

Тараз қаласы
№46 орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Оралова Қаламқас Көбеевна

2 сынып
Математика                       Сабақ  №
Мұғалім:        

Сабақтың тақырыбы: Кестелік қосу және азайту. 4-ті қосу және азайту. (74 бет)

Сабақтың мақсаты:   

Білімділік: Ондықтан аттайтын жағдайда 4-ті қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру; 4-ті қосу және азайтудың кестелік жағдайларын екі  амалдан тұратын өрнектермен, теңдеулермен, есептеулермен байланысты әр алуан іс-әрекет барысында қолдануға машықтандыру;

Дамытушылық: Екі амалмен шығарылатын есепті шығару тәсілін меңгеру, ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін қарастыру дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс.

Көрнекілік: Үлестірмелі дидактикалық материал, қосу және азайту кестесі.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.  

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:   

Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.

Санға үшті қосу кестесін және оған сәйкес азайтуды еске түсіру. Үшті қосу кестесін құру.  

1)   +3, әйнекше орнына 3, 4, 5, 6, 7, 8 сандарын қою және нәтижені жатқа айту.

2) Осы теңдіктерді пайдаланып азайтудың сәйкес жағдайларын құру.

3+3             6-3

4+3             7-3         7-4

5+3             8-3         8-5   т.с.с.

Дидактикалық ойын. «Жұбын тап»

 

Жаңа сабақ.

Санға төртті қосу кестесін және оған сәйкес азайтуды еске түсіру. Төртті қосу кестесін құру.  

1) +4, әйнекше орнына 4, 5, 6  сандарын қою және нәтижені жатқа айту.

2) Осы  еңдіктерді пайдаланып азайтудың сәйкес жағдайларын құру.

4+4         8-4

5+4         9-4         9-5

6+4         10-4      10-6

1-тапсырма. Түсіндірме мәтінмен жұмыс. 

7+4        7+4=?                                      11-4=?

              (7+3) + 1=11                            (11-1)-3=8

Осы үлгіде 8+4  және 9+4-ті түсіндіру

Пысықтау.

  

2-тапсырма Түсіндіре отырып шығару. Теңдіктер құрастыру.

7+4                11-4              4+7                  11-7

3-тапсырма. Математикалық диктант түрінде орындау.

(8+2)+2                                           (12-2)-2

(9+1)+3                                           (13-3)-1

4-тапсырма 

Есепті оқу және есепте сипатталатын екі өзгерісті (1-өзгеріс – түсті,  2-өзгеріс – мінді) ерекше көрсету. 

Бар  еді – 26  ж.

Түсті  – 6 ж.                 ?  жолаушы  болды

Мінді – 4 ж.

(26-6)+4= 24  (ж)  - болды

Жауабы: 24 жолаушы болды.

6-тапсырма орындалады. Барлық мүмкін жағдайлар қарастырылады.

Шығармашылық тапсырма

Үшбұрыш санын анықтау. (үшбұрыш саны 12-ге дейін барады)                                                                  

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: 5–тапсырма және шығ.тап-ны толықтыру.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз