СҚО, Тимирязев ауданы
Мичурин орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Мусин Бахыт Алпысбайұлы
Ашық сабақ
Пән: қазақ тілі
Сынып: 7
Мұғалім: Мусин Бахыт Алпысбайұлы
Сабақтың тақырыбы: «Қазақ тілін үйренейік»
Сабақтың мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілді білу парыз екенін ұғындыру. Алдыңғы сабақтарда алған білімдерін бүгінгі сабақпен ұштастыру. Өз сыныптастарымен топтық, жұптық, жекеше жұмыс жасау арқылы білімдерін толықтыру.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемтсіздер ме!
- Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?
- Айдың қай күні?
- Аптаның қай күні?
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Сөздікті тексеру. Мұғалім орысша оқиды, оқушылар бір папраққа қазақша жазады
ІІІ Жаңа сабақ:
- Сабақты бастамас бұрын оқушылармен психологиялық тренинг жүргізу. Оқушыларды өздерінің күштеріне, ақылдарына сендіру.
Мынау менің жүрегім бәрі осыдан басталған,
Мынау басым ақылды, бәрін өзі басқарған.
Мынау менің оң қолым, мынау менің сол қолым, барлық істі атқарған.
1, 2, 3 деп санайық,
Бәріміз дос болайық. (Тақтаға жазып қойамыз)
1 тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Түсінгендерінді постерға түсіріп, әңгімелеңдер.
Тілден артық қазына жоқ
Тіл әрбір адамға өмір бойы керек. Жер бетінде халық та, тіл де көп. Ғалымдар дүние жүзінде бес мыңдай тіл бар деп есептейді.
Қазіргі уақытта көп тіл білу – өмір талабы. Көп тіл білетін адамды полиглот деп атайды.
Қазақтар: «Өнер алды - қызыл тіл», дейді. Өз ойын шешен тілмен жеткізе білгендерді ерекше бағалайды.
Тілінен айырылған халық ұлттық қасиетінен айырылады. Ол халық ретінде жоғалады.
Біздің республикамыздың мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі – өте бай, көркем тіл.
Тіл үйренуші шәкірттер! Г.Гегельдің мына сөзін есте сақтай жүріңдер: «Білімділіктің ең басты факторы ана тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады». Өз ана тілінді қадыр тұтпасаң, ата-анаңды, еліңді сүйе алмайсың.
2 тапсырма. Мәтінге сұрақ құраңдар.
3 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер. (Сұрақтар түйенің қоржынында болады)
1. Біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл?
2. Сенің ана тілің қай тіл?
3. Қандай шетел тілдерің білесің?
4. Қай тілде көп кітаптар оқисың?
5. Сенің мектебіңде қандай тілдер оқытылады?
6. Ағылшын тілін сіздерге кім үйретеді?
7. Орыс тілін сіздерге кім үйретеді?
8. Қазақ тілін кім үйретеді?
4 тапсырма. Тілге байланысты қанатты (нақыл) сөздердің авторларын анықтаңдар.
«Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ» |
Ш. Айтматов |
«Тіл аспап сияқты, оны жақсы білу керек, оны жақсы меңгеру керек» |
М. Горький |
«Тіл дегеніміз – қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертенгі де тағдыры» |
Б. Момышұлы |
«Игі істің басы – тіл, тәрбие басы – тіл» |
М. Қашқари |
«Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ» |
Н. Назарбаев |
«Ана тілің –арың бұл, |
Қ.Мырза Әли |
«Сүйемін туған тілді – анам тілін, |
С. Торайғыров |
«Қазақ тілі – әрі бай, әрі көркем тіл» |
М. Әуезов |
Сергіту сәті
5 тапсырма. Досыңмен бөліс. (Станада қағаз ілулі тұрды, онда бір ақынның өлеңі немесе шығармасы болады)
- Шығарманың атын, авторын тауып алулары қажет.
- Қысқаша автор жайлы айтулары қажет
Ы. Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық!» (1841 ж. 20 қазан Қостанай обл. 1889 ж. қайтыс болады) Кел, балалар, оқылық Кел, балалар, оқылық, Кел, балалар, оқылық, Кел, балалар, оқылық, |
А. Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба» (1845 ж. 10тамыз Семей обл. 1904 ж. қайтыс болды)
Ғылым таппай мақтанба Ғылым таппай мақтанба, Бес нәрседен қашық бол, Оған қайғы жесеңіз. Талап, еңбек, терең ой,
|
6 тапсырма. «Кір жуу жібі». Оқушылар өлеңді қатар–қатарымен жіпке ілулері тиіс.
7 тапсырма. Сөзжұмбақты шешіңдер.
Көлденен: |
Тігінен:
|
ІV Қорытынды
V Бағалау: оқушыларды білім деңгейлеріне, сабаққа қатысуларына байланысты бағалау.
VI Үй тапсырмасы: Қазақ тілін үйренуге қатысты 7 ұсыныстарыңызды жазыңыздар
Сабақ аяқталды (оқушылар орнынан міндетті түрде тұру керек!!!)
Сау болыңыздар!
1 тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Плакатқа қысқаша мәтінді түсіріп, әңгімелеңдер.
Тілден артық қазына жоқ
Тіл әрбір адамға өмір бойы керек. Жер бетінде халық та, тіл де көп. Ғалымдар дүние жүзінде бес мыңдай тіл бар деп есептейді.
Қазіргі уақытта көп тіл білу – өмір талабы. Көп тіл білетін адамды полиглот деп атайды.
Қазақтар: «Өнер алды - қызыл тіл», дейді. Өз ойын шешен тілмен жеткізе білгендерді ерекше бағалайды.
Тілінен айырылған халық ұлттық қасиетінен айырылады. Ол халық ретінде жоғалады.
Біздің республикамыздың мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі – өте бай, көркем тіл.
Тіл үйренуші шәкірттер! Г.Гегельдің мына сөзін есте сақтай жүріңдер: «Білімділіктің ең басты факторы ана тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады». Өз ана тілінді қадыр тұтпасаң, ата-анаңды, еліңді сүйе алмайсың.
2 тапсырма. Мәтінге сұрақ құраңдар.
Біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл?
Сенің ана тілің қай тіл?
Қандай шетел тілдерің білесің?
Қай тілде көп кітаптар оқисың?
Сенің мектебіңде қандай тілдер оқытылады?
Ағылшын тілін сіздерге кім үйретеді?
Орыс тілін сіздерге кім үйретеді?
Қазақ тілін сіздерге кім үйретеді?
Сергіту сәті
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
- Шоқан Уәлиханов
- Рәбиға Сыздықова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі