Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы
Шыңғырлау ауылы
Шыңғырлау ауданы білім бөлімінің
"Бөбек" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Тәрбиеші: Сатбаева Сания Беркиновна
Спорттық ойын–сауық
Тақырыбы: «Қыс күшті, епті, батылдар үшін»
Мақсаты: балалардың денсаулықтарын нығайту, шынықтыру, салауатты өмір сүруге қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, төзімділікке, күштілікке тәрбиелеу. Көтеріңкі, қызықты көңіл орнату.
Қажетті құралдар: шаналар, жалаушалар.
Барысы: Спорт алаңына екі топтың балалары қарама–қарсы тізіліп тұрады.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе балалар! Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар –Қыс
Жүргізуші: Ендеше бүгінгі «Қыс күшті, епті, батылдар үшін»- атты спорттық сауығымызды бастайық.
1-команда «Ақ көгершін»
Ұраны: Ұш биікте қалықта
Қалықтаудан еш уақытта жалықпа
2-команда «Балапандар»
Ұраны:Намысы бар балапандар қайдасын
Білген дұрыс бұл спорттын пайдасын.
Жүргізуші : Жарысымыз 4 бөлімнен тұрады.
І – бөлім: «Кім шапшаң»
Шарты: Жалауды қай команда бір жақтан екінші жаққа жылдам тасиды. Сол жеңімпаз.
ІІ – бөлім: «Шанамен жарысу»
Шарты: Шанамен бір – бірін сүйреп жарысады.
ІІІ – бөлім: «Қар кесегін домалақтау»
Шарты: Қар кесегін қай команда көп домалақтайды.
IV – бөлім: Ойын: «Екі Аяз»
Шарты: Екі командадан екі аяз таңдалады:Аяздар қосылып:
Біз Аязбыз, аязбыз
Балалармен аразбыз
І Аяз – Мен қызыл шоқ тұмсықпын
ІІ Аяз – Мен қырсық көк тұмсықпын
Екі Аяз бірге: Жүрексінбей, нық басып
Батыл болсаң сыртқа шық!
Балалар: Аяз бізге сөз емес, қорқатығын біз емес.
Балалар жүгіреді, кімге аяздың қолы тиып кетеді, сол қатып тұрып қалады. Көп баланы қатырған аяз жеңімпаз атанады.
Жүргізуші: Денсаулық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіндер?
Балалар:
Шынықсан - шымыр боларсың.
Денсаулық зор байлық.
Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.
Тазалық денсаулық негізі.
Жүргізуші: Көңіл күйлерің қалай ойын жарыстар ұнадыма?
Балалар: Иә
(Әр бөлімнің қортындысы есептеліп жеіңімпаз команда анықталады)
Жеңілпаз команда марапатталады.
Жүргізуші: Балалар спортпен шұғылданыңыз, денелеріңді шынықтырыңыз, көңіл күйлерің жақсы болсын!
Ендеше саппен топқа қайтайық.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі