Шымкент аграрлық колледжінің экономика пәнінің оқытушысы
Махатова Жанна Сағатқызы
Ашық сабақ жоспары
Пән: Экономика негіздері.
Оқытушы: Махатова Жанна Сағатқызы
Дәрістің түрі: Теориялық сабақ (аралас сабақ).
Оқыту әдісі: Баяндау,сұрақтар-жауап, сөздік.
Дәрістің тақырыбы: Кәсіпорындарды басқару негіздері.
Дәрістің мақсаты:
Білімділік: Білім алушыларға кәсіпорындарды басқару негіздері туралы, басқарудың маңыздылығын және білім-білік ерекшеліктерін түсіндіріп, меңгерту.
Дамытушылық: Білім алушылардың кәсіпорындарды басқару негіздері жөнінде логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Білім алушыларды экономикалық сауаттылыққа, мейірімділікке, жан-жақтылыққа, жауапкершілікке, басқаруға, кәсіпкерлікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Қазіргі заман экономикасы, Менеджмент негіздері, Маркетинг неіздері, Кәсіпкерлік негіздері.
Дәріске қолданылатын құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, оқулық, плакат.
Дәріс барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: Білім алушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Бизнестің табысты болуы үшін, нарықтық мүмкіндіктерді талдау.
Сұрақтар:
1. Табысты кәсіпкерлер қандай қасиеттері арқылы ерекшеленеді?
- Олардың күнделікті көздейтін мақсаты бар;
- Олардың өнімдеріне немесе қызмет түрлеріне деген сенімі шексіз;
- Олар әрдайым бір нәрсе жасауға талпынып отырады;
- Олар өнертапқыштар;
- Олар қайсар және табанды;
- Олар пайда табуды көздейді;
- Алдын-ала бірнеше жылға арнап жоспар құрады;
- Олар өздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін өзгелерден жақсы біледі.
- Барлығын қайта бастаудан қорықпайды.
- Олар өсуді қалайды т.б.
2. Кәсіптің табысты болуына не ықпал етеді?
1. Сәттілік немесе жолы болу;
2. Сынап көру және қажеттіліктер жасау;
3. Білікті есеп және оңтайлы нұсқаны таңдау.
4. Өз ресурстарын пайдалану: білімі, шеберлігі, дағдылары,жеке қасиеттері;
5. Ынтаның жоғары болуы.
3. Келіссөздер сәтті болу үшін не істеу керек?
1. Келіссөздің астарында пайда жатады;
2. Эмоция;
3. Атмосфера;
4. Қимыл, ым-ишара, сөз.
4. Тауардың қанша қасиеті бар?
1. Адамның сұранысын қанағаттандырады.
2. Басқа затқа айырбастау мүмкіндігі бар.
5. Бизнестегі меншік түрлері?
Шаруашылық серіктестіктер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, жеке иеліктер, жеке қожалықтар т.б.
6. Ақпаратты қалай жинауға болады?
Ақпарат дегеніміз нақты жағдайдағы кәсіпкерді қызықтыратын мәлімет. Ақпаратты барлық жерден көруге болады - суреттер, дыбыстар, телебағдарламалар мен фильмдер, сөздер мен бет әлпеті, кітаптар, сандар, сезім және т.б.
1. Бастапқы ақпарат;
2. Бақылау;
3. Сұрау.
7. Тұтынушылардың тауарды сатып алудағы әрекеттерін айқындау үшін сізге қай жағдайларды білу керек?
1. Адамдар қалай сатып алады?
2. Қай жерден сатып алады?
3. Ақпаратты қайдан алады?
4. Таңдауға не әсер етеді?
5. Қалай төлейді?
6. Кім үшін сатып алады?
7. Кім, қалай, қайда және қандай жағдайда сатып алған тауарлардан босатылады?
8. Тұтынушы сізге өз ақшасымен келгенде өзін қалай сезінеді?
9. Тұтынушы сізге келгенде нені көреді, ол қайтіп келгісі келе ме?
10. Ол қайтіп келген күнде , оның үміті ақтала ма? т.б.
8. Өндірісті ұйымдастыру дегеніміз не?
Өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру – өндірістің үйлесімді дамуын, жаңа өнімнің тез енгізіліп, игерілуін, еңбек ресурстары мен материалдық ресурстардың, қолданыстағы техниканың неғұрлым толық пайдаланылуын қамтамасыз ететін шаралар жүйесі.
9. Тауарлы шаруашылық дегеніміз не?
Тауарлы деп – өнімдер сату үшін өндіріледі.
Тауарлы өндірістің шығу себебі, жеке меншік шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір-бірінен оқшаулануы.
10. Натуралды шаруашылық дегеніміз не?
Адамдар өнімді айырбасқа, нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірді.
11. Тауар дегеніміз не?
Сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім.
12. Бизнес жоспар деген не?
Бизнес-жоспар деген ол сіздің келешек кәсібіңізді жан-жақты толық сипаттау.
Бизнес-жоспарда бизнестің идеясы туралы әңгімелеп, қаржылық талдау жүргізіп, маркетингтік жоспар мен қызметкерлер жоспарын құру қажет.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру жоспары:
1. Бизнестегі менеджмент түсінігі?
2. Басқару функциялары?
3. Бизнесті басқарудағы коммуникациялар мен шешім қабылдау?
4. Қызметкерді мотивациялау?
1. Бизнестегі менеджмент түсінігі.
Менеджмент (management) – бұл басқа адамдардың еңбегін, интеллектісін, әрекетін пайдалана отырып алға қойылған мақсаттарға жете білу.
Бизнестегі менеджмент (business management) — бұл коммерциялық және шаруашылық ұйымдарды басқару.
Менеджер қандай болу керек?
Менеджер әйел (бизнес-леди, business lady) қалай киіну керек?
Дресс-код (dress coat)
Менеджер ер адам қалай киіну керек?
2. Басқару функциялары:
• Басқару процесі төрт өзара байланысқан функциялардан құралады: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау.
• Жоспарлау - ұйым мақсаты қандай болу керек және сол мақсатқа жету үшін ұйым мүшелері не істеу қажет туралы шешімді анықтайды.
• Ұйымдастыру — яғни белгілі-бір құрылымды құру деген сөз.
• Мотивация - бұл ұйым мақсатына жетуге бағытталған қандай да бір жеке тұлғаны немесе адамдар тобын қызметке ынталандыру процесі.
• Бақылау — бұл ұйым шын мәнісінде өз мақсатына жетуін қамтамасыз ететін процесс.
3. Бизнесті басқарудағы коммуникациялар мен шешім қабылдау
• Шешім – бұл альтернативалар ішінен біреуін таңдау. Сәйкесінше, шешім қабылдау - бұл қалай және не жоспарлап, ұйымдастырып, ынталандырып және бақылау қажеттігін таңдау.
• Коммуникация — бұл екі немесе одан да көп тұлғалар арасындағы мағыналы тұрғыда ақпарат алмасу.
4. Қызметкерді мотивациялау
Адамдарды мотивациялау дегеніміз – оларды жұмысты бұрынғысынан да жақсы және сапалы орындауға ынталандырып отыру.
Қарым-қатынас өнерін жетілдіру:
1. ӨЗ ИДЕЯЛАРЫҢЫЗДЫ АЙТПАС БҰРЫН НАҚТЫЛАЙ ТҮСІҢІЗ.
2. НАҚТЫ СЕМАНТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕРЕГЕ ЗЕРЕК БОЛЫҢЫЗ.
3. ДЕНЕ ПІШІНІҢІЗДІ, ҚИМЫЛЫҢЫЗДЫ, ДАУЫС ЫРҒАҒЫҢЫЗДЫ ҮНЕМІ БАҚЫЛАҢЫЗ.
4. СИМПАТИЯ МЕН ЭМПАТИЯ БОЛСЫН. Эмпатия — басқа адамдардың сезіміне көңіл бөлу, өзін солардың орнына қоя білу.
5. КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТУҒА ТЫРЫСЫҢЫЗ.
Профессор Кит Дэвис тиімді тыңдаудың 10 өсиетін айтқан:
1. Сөйлеуді доғарыңыз. Сөйлеп отырған адам тыңдай алмайды. Полоний (Гамлетке): «Өз есту қабілетіңізді барлығына беріңіз, бірақ өз дауысыңызды ешкімге бермеңіз».
2. Сөйлеушіге еркін жағдай жасаңыз. Адамға еркін сезінуге жағдай жасаңыз.
3. Сөйлеушіге тыңдауға дайын екеніңізді көрсетіңіз. Қызығып мүдделі екеніңізді көрсетіңіз. Басыңызды изеп отырыңыз.
4. Кері әсер ететін жайттардан аулақ болыңыз. Сурет салмаңыз, ұялы телефоныңызды шұқыламаңыз. Мүмкін сыртқы есікті жапқан дұрыс шығар?
5. Сөйлеушімен бірге болыңыз. Өзіңізді сөйлеушінің орнына қойып көріңіз.
6. Шыдамдылық танытыңыз. Уақытты үнемдемеңіз. Сөйлеушіні бөлмеңіз. Есік жаққа қарай қадам жасап бет алмаңыз.
7. Ұстамды болыңыз. Ашу тұрған жерде ақыл тұрмайды
8. Дауласпаңыз және сынамаңыз. Сөйлеуші қорғанысқа өтіп, сөйлемей немесе ашулануы мүмкін. Дауды жеңе отырып , сіз керекті ақпараттан ұтылуыңыз мүмкін.
9. Сұрақтар қойыңыз. Бұл сөйлеушіні ынталандырып қызықтырады.
10. Сөйлеуді доғарыңыз! Бұл өсиет бірінші де, соңғы да болуы мүмкін, себебі барлығы да осыған байланысты. Сөйлеп отырсаңыз тиімді тыңдай алмайсыз.
Билік пен ықпалдың бес формасы бар:
• 1. МӘЖБҮР ЕТУГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН БИЛІК – ҮРЕЙЛЕНУ АРҚЫЛЫ ЫҚПАЛ ЕТУ. Бұл қарамағындағыларына жазалау, сөгіс жариялау, айыппұл, қызметін төмендету, жұмыстан шығару секілді ықпал етуді білдіреді.
• 2. МАРАПАТТАУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН БИЛІК – ОҢ ӘСЕР АРҚЫЛЫ ЫҚПАЛ ЕТУ. Басшыдан күтілетін компенсация деңгейіне байланысты мақтау, марапаттау, сыйақы, қызметін жоғарлату, демалыс уақытын беру және т.с.с. басшыдан алу арқылы бағынышты адам жұмысты орындау үшін қандай да бір күш-жігер жұмсайды.
• 3. ЭКСПЕРТТІ БИЛІК – СЕНІМ АРҚЫЛЫ ЫҚПАЛ ЕТУ. Бұл қарамағындағыларына басшының өз жеке білімі мен біліктігі, қабілеті мен тәжірибесі арқылы ықпал етуді білдіреді.
• 4. ЭТАЛОНДЫҚ БИЛІК - ХАРИЗМА АРҚЫЛЫ ЫҚПАЛ ЕТУ.
Харизма — бұл лидердің жеке қабілеті мен сапасына, тартымдылығы мен келбетіне байланысты қоршаған адамдарға әсер ете алуын айтамыз. Әсер етушінің жеке сипаттамалары мен қабілеті орындаушыға тартымды болғандықтан, ол оған ұқсағысы келіп айтқанын орындайды.
• 5. ЗАҢДЫ БИЛІК - ДӘСТҮРЛЕР АРҚЫЛЫ ЫҚПАЛ ЕТУ. Заңды билік ресми басқаруға негізделген. Менеджердің өз лауазымы шеңберінде белгілі-бір билік, өкілеттілік, құқықтары мен жауапкершілігі болады. Қарамағындағы адамдар заң мен оның шектеулі өкілеттігі шеңберінде бұйрықтарын орындауы тиіс.
Команда дегеніміз не?
Командалық жұмыс – жалпы ереже негізінде ортақ тапсырмаларды 2-8 маманның шешуі
Персоналдарды басқару
ІҮ. Жаңа материалды бекіту: Ойын «Командалық жекпе-жек».
1. Менеджмент дегеніміз не?
1. Менеджмент – бұл басқа адамдардың еңбегін, интеллектісін, әрекетін пайдалана отырып алға қойылған мақсаттарға жете білу.
2. Бизнестегі менеджмент (business management) — бұл коммерциялық және шаруашылық ұйымдарды басқару.
2. Бизнесмен және менеджердің айырмашылығы?
Бизнесмен — ол «ақша жасайтын», ақша айналымынан пайда көретін капитал иесі.
Менеджер - ол міндетті түрде тұрақты лауазымы бар, қарамағында міндетті түрде адамдары бар қызметкер.
3. Менеджер ер адам қалай киіну керек?
• Костюм – қара – көк түсті, сұр, қоңыр;
• Фасон- пиджак; қалтасында беторамал
• Шалбар – костюммен бірдей түстес
• Туфли- теріден жасалған, қара – қоңыр түсті;
• Шұлық– қара түсті;
• Ремень - теріден жасалған, қара – қоңыр түсті;
• Галстук – қызыл, көк, қара түсті;
• Қолында – Смартфон, борсетка, сумка ноутбукпен
Менеджер әйел (бизнес-леди) қалай киіну керек?
Дресс-код
Қарым-қатынас өнерін қалай жетілдіру керек?
1. Өз идеяларыңызды айтпас бұрын нақтылай түсіңіз.
2. Нақты семантикалық мәселелерге зерек болу керек.
3. Дене пішінді, қимылды, дауыс ырғағын үнемі бақылау керек.
4. Симпатия мен эмпатия болу керек. Эмпатия — басқа адамдардың сезіміне көңіл бөлу, өзін солардың орнына қоя білу.
5. Кері байланыс орнатуға тырысыңыз.
Ү. Қорытындылау, бағалау:
Тақырыпты түсіндіру барысында білім алушылар жүйелей алмаған сұрақтарды пысықтау. Білім алушылардың берген жауаптарын қорытындылап, бағалау.
ҮІ. Үй тапсырмасын беру: Өтілген тақырып бойынша эссе жазып келу.
Н. Әліпбеков, Бизнесті ұйымдастыру. Астана: Фолиант-2008 ж. п.
ҮІІ. 247-280 беттер, бақылау сұрақтарға жауап беру.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі