Шымкент аграрлық колледжінің экономикалық пәндер оқытушысы
Абдрахимова Баян Абамусилимовна
Тақырыбы: Кәсіпкерлік қабілет - экономикалық ресурстардың айрықша бөлігі
Дәрістің мақсаттары:
Білімділік: Білім алушыларға кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелділік шешімін қабылдау, қажетті кәсіпкерлік идея, кәсіпкерлік қасиеттер мен қабілеттіліктер ұғымдары туралы түсініктерді меңгерту.
Дамытушылық: Білім алушылардың ой өрісін, өзіндік ой қорытуын дамыту және кәсіпкерлік қабілет туралы танымдық әрекеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Білім алушыларды кәсіпкерлік іскерлікке, белсенділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дәрістің түрі: Теориялық (жаңа білімді игеру сабағы)
Оқыту әдісі: Түсіндіру, көрнекілік, ой қозғау, пікір алмасу, талдау, сұрақ-жауап.
Әдістемелік қамтамасыз етілуі:
Көрнекіліктер: Таратпалы материалдар, слайдтар, плакаттар.
ОТҚ: Интерактивті тақта
Пән аралық байланыс: Экономика негіздері, математика.
Дәрістің құрылымы мен мазмұны:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
II. Өткен білімдерге сүйене отырып, оқу әрекетін дамыту.
Жаңа тақырып алдыңғы сабақта өткен «Экономикалық ресурстардың құрамы, пайдаланылуы» деген тақырыппен тығыз байланысты болғандықтан осы тақырыпқа шолу жасалады.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру жоспары:
1. Кәсіпкерлік қызметті бастауға қажетті тәуекелділік шешімін қабылдау ұғымы.
2. Кәсіпкерлік идея және оны жүзеге асыра білудің маңыздылығы.
3. Нәтижелі кәсіпкерлікке қажетті қабілеттіліктердің атқаратын ролі.
Сабақтың негізгі бөлімі бойынша берілген сұрақтардың мән-мағынасын ашу керек.Ол үшін білім алушылар ең алдымен кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызметті бастауға қажетті тәуекелділік шешімі, оны қабылдай білу ұғымдары туралы мағлұматтарды меңгеруі тиіс.
1. Кәсіпкерлік қызметті бастауға қажетті тәуекелділік шешімін қабылдау ұғымы.
Кәсіпкер-өз ісін құра отырып, тәуекелге бас тігуге және эксперимент жасауға әзір, өз өмірін өзгерткісі келетін әрі қажырлы түрде көп еңбек етуге даяр адам.
Ол үшін белгілі бір білімі мен дағдылары болып жеке тұлғалық сипаттамалар мен жоғары мотивацияға ие болу қажет, алайда кәсіпкер үшін ең маңыздысы-мотивация. Өз өмірін өзгерткісі келу, өз ісімен айналысқысы келу, өз күші мен мүмкішіліктеріне деген ішкі сенімі. Сіз тәуелсіз болуды қалайсыз, сіз ақша табуды қалайсыз, сіз отбасыңызбен жақындарыңызды осыған сендіре аласыз. Сіз өзіңіздің табысқа жететініңізге шын сенімдісіз. Бизнесті жүргізу адамды білімін арттырып, жетіліп және дамып отыруға міндеттейді. Кәсіпкердің негізгі қасиеттерінің біріне өз-өзіне және өз күшіне деген сенім жатады.
Кәсіпкерлік әзірлік пен қабілеттіліктерді тереңірек түсіну үшін білім алушыларға бірнеше тұжырымдамалар ұсынуға болады.
1. Менің ойымша, менің өмірімде барлығы ең алдымен менің өзіме байланысты.
2. Сәтсіздіккке қол жеткізу үшін мен тіпті аз мүмкіндікке ие болумен тәуекелге бара аламын.
3. Менің талаптарымның деңгейі өзгелердікінен әрдайым жоғары тұрады.
4. Мен үшін үдеріс емес, істің ақырғы нәтижесі маңызды.
5. Мені өзгелердің пікіріне қарағанда өз пікіріме сүйеніп отыруды артық көремін
6. Мен қиындықтардан қорықпаймын.
7. Менің өз идеяларым бар
8. Менің еңбек етуге қабілетім бар және еңбекқормын.
9. Мен адамдармен тіл табыса аламын.
10. Мен өз мақсатыма жетуде қажырлық пен қайсарлцық таныта білемін.
Әрбір «иә» деген жауаптары үшін өзіңізге 1 балдан қосып отырыңыз. Егер сіз 8 және одан көп балл жинасаңыз - Сіз дайын кәсіпкерсіз!
Осы берілген тұжырымдамалардан кейін білім алушылар мына төмендегі сұрақтардың жауаптары бойынша талдау жүргізеді.
Тәуекелге бармастан бұрын мына сұрақтарға жауап қайтарыңыз......
• Қойған мақсатыңыз тәуекелден өтуді қажет етеді ме?
• Тәуекелге барар алдында қандай ақпарат алынуы қажет?
• Қандай адамдар және басқа да ресурстар тәуекелді төмендетіп, қойылған мақсаттарға көмектеседі?
• Бұл тәуекел неліктен соншалықты маңызды?
• Тәуекелді өзіңізге алғанда неліктен қауіптенесіз?
• Қойылған мақсатқа жету үшін барлық мүмкінді шараларды қолдануға дайынсыз ба?
• Тәуекелді өзіңізге алу нәтижесінде неге жетесіз?
• Тәуекелді өзіңізге алар алдында қандай дайындықтан өтуіңіз қажет?
• Мақсатыңызға жеткеніңізді (сандық көрсеткіштерде) қалай білесіз?
• Мақсатқа жету жолындағы тосқауылдар немен белгіленеді?
2. Кәсіпкерлік идея мен оны жүзеге асыра білудің маңыздылығы.
Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкерлік идеядан басталады. Жақсы кәсіпкерлік идея өзінен-өзі туындамайды. Ол қажырлы еңбекті, көп күш салуды, көп ізденуді талап етеді. Кәсіпкердің қандай да бір іспен айналысу менің қолымнан келеді-ау деп, өз мүмкіндігін шамалау, кәсіпкердің келешек бизнесінің картинасын елестету керек.
Ал кәсіпкерлік қызметтегі шығармашылық – кәсіпкердің бойындағы жаңа нысан беру қабілетін, бір нәрсені әдеттегідей емес, белгілі тәсілдерден тыс әдістерін орындау арқылы жүзеге асады.
Шығармашылық концепциясы туралы берілген ақпараттан кейін жақсы кәсіпкерлік идеясын жүзеге асыру үшін, шығармашылықтың маңыздылығын жете меңгеру үшін білім алушыларға «Тоғыз нүкте» деп аталатын жаттығу беріледі.
Орындау керек:
1. Тоғыз нүктені төрт үзіліссіз тік сызықпен біріктіріңіз.
2. Шешімі соңғы нүктелерді біріктіретін төртбұрыштың сыртында болады.
Осы жаттығуды орындау барысында білім алушылар бизнестегі пайдалы кәсіпкерлік идеялардың өзінен-өзі пайда болмайтындығына, керісінше, көп ізденудің, кәсіпкерлік идеяшыл, шығармашыл тұлға болуының нәтижесінде ғана қол жеткізетіндігіне көздері жететін болады
3. Нәтижелі кәсіпкерлікке қажетті қабілеттіліктердің атқаратын рөлі.
Кәсіпкер үшін қандай қасиеттер маңызды болып табылады?
Кәсіпкер болғысы келген адамдардың ие болуға тиісті белгілі бір қасиеттері болуы керек. Егер кәсіпкерлерді әртүрлі жеке мінез құлықтар мен дағдылар негізінде басқа бір топтағы адамдармен салыстыратын болсақ, онда алдындағылардың мінез-құлқында бірқатар ерекшеліктердің байқалуымен айрықшаланады. Кәсіпкерлерге тән мінез-құлықтарды білу арқылы білім алушылар өркендеген кәсіпті игеруге талпынады.
Ол үшін білім алушылар кәсіпкерлікке қатысты жеке қасиеттерді талдайды.
• Белсенділігі мен қуаты
• Денсаулығы
• Оптимизмі
• Қисынды тәуекелге бейімдігі
• Жеке жауапкершілігі
• Күресуге және жеңуге талпыну
• Қоғамның қолдауын, құрметпен қарауын қажетсінуі
• Өзгені түсіне білуі
• Өзіндік көзқарасы
• Өз ісіндегі кәсіби шеберлігі
• Елестету қабілеті, қиялдауы
• Түйсігі
• Шығармашылық қабілеті
• Тәуелсіз болуға талпынуы
• Жігерлігі мен қайсарлығы
• Кез-келген жұмысты орындауға әзір болуы
• Проблемаларды шеуге әзір болуы
• Өзіне, өз күшіне сенімді болуы
Талқылау сұрақтарынан кейін білім алушылар міндетті түрде нәтижелі кәсіпкерлікке тән қабілеттіліктерді білулері қажет.
Бұл тізімдегі ең қарапайым нарсе-білім, оны өмір сүру мен еңбек ету барысында әдебиеттерден, оқуылықтардан және өзге де ақпарат көздерінен алуға болалы. Білімнің көлемін арттырып отыруға болады және арттырып отыру қажет те.
Дағдылар - бұл алған біліміңді практикада қолдана білу. Сіз қайсы бір іспен неғұрлым жиі айналысып отыратын болсаңыз сол істі барған сайын жақсы атқара беретін боласыз. Дағдылар практикалық қызмет барысында қалыптасады.
Жеке тұлғалық сипаттамалар - бұл адамаға индивидуум ретінде тән болып келетін, оны өзге адамнан ерекше етіп тұратын қасиеттер. Бұл бізге бизнесте себін тигізіп немесе керісінше табысты болуға кедергі болатын нарсе.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту:
«Менің кәсіпкер болғым келеді.....» деген алдын ала берілген тапсырма негізінде білім алушылар өз ойларымен бөліседі.
ІҮ. Сабақты қорытындылау және бағалау
Ү. Үйге тапсырма беру:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі