Байкенова Айна Серікқызы
Экономика және менеджмент пәндерінің оқытушысы
БҚО, Орал қаласы, Орал гуманитарлық колледжі
Тобы: 521(11)А, 531А
Пәні: Менеджмент негіздері
Сабақтың түрі: машық
Мақсаты:
Білімділігі: экономикалық сауаттылық арқылы оқушылардың дүниетанымдылық көзқарасын кеңейту. Менеджмент туралы түсінік бере отырып, ұйымның құрылымы, бизнес жоспарын жасау, басқару, жарнамалау жолдарын үйрету;
Дамытушылығы: маңызды шешімдерді қабылдай алатын, жетістікке жететін,белсенді азамат болуға танымдылық қызығушылығын дамыту;
Тәрбиелігі: жеке бас құндылықтары, мінез-құлықтың дамуы және іскерлік әдеп, ұйымдастырушылық, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі: слайд, кітаптар, тапсырмалар жинағы.
Жоспары:
1. Мұғалімнің бастау сөздері
2. «Экономикалық санау»
3. «Өз бизнесімізді бастаймыз»
4. «Бизнес – жоспар»
5. Ұйымдастыру жоспары және менеджмент
6. Менеджердің жақсы және жаман жақтары
7. Қорытындылау
8. Үйге тарсырма
1. Мұғалімнің бастау сөздері: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар. Бүгінгі «ХХІ ғасыр идеалдық менеджері» іскерлік ойынымызға қош келдініздер. Қазақстанға әлемдегі дамыған елу елдің қатарына кіру міндеті жүктеліп отыр. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жаңа заманға сай келетін салық жүйесін, банк секторын, құнды қағаздар нарығын дамыту, қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру және де кәсіпкерлік негіздерін жоғары дәрежеде дамыту керектігі мәселесі көтерілді. Менеджмент анықтамасына келсек: Менеджмент(ағылшынша мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру, ) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. Менеджмент басқарудың мақсатына адамдардың еңбек белсенділігін ынта-ықыласы арқылы көтеріп, олардың тиімді жұмысының негізінде жетуді ұйғарады. Менеджер (ағылшынша manager – басқарушы) – жалдамалы басқарушы, өндірісті ұйымдастырушы маман. Ол негізінен кәсіпорындағы немесе фирмадағы барлық жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру, басқару мәселелерімен айналысады, ұйым алдындағы міндеттердің орындалуына тікелей жауап береді. Осындай мақсатпен бүгін оқушыларымызға іскерлік саясатын үйретуге тырысамыз. Оқушылар өздерінің менеджерлік мүмкіндіктерін сынап көрсін. Сондықтан да құрметті оқушылар, өз мемлекетіміздің болашағын көтеру, біздің жастардың қолында!
2. «Білім аукционы»
Енді іскерлік ойынымызды бастайық. Әр топқа сұрақтар қойылады. Сұрақтарға жауап беру арқылы топтар ұпай жинайды.
1-топқа:
1. Менеджмент сөзінің мағынасы
2. Басқарудың қандай әдістерін білесіз?
3. Менеджменттегі қандай басқару әдістерін білесіз?
4. Менеджердің мәдени көрінісі
5. Қызметкерлерді таңдауда орындалатын процесс
2-топқа:
1. Ұйымды басқару дегеніміз
2. Менеджменттегі деңгейлер атауы
3. Басқарудың экономикалық әдістері
4. Жұмысшылардың басшылыққа араласуы қалай аталады?
5. Менеджердің қызметі қандай еңбек түріне жатады?
3-топқа:
1. Менеджмент қандай жүйені зерттейді
2. Ұйымның құрылымдардың түрлері
3. Басшылық стилінің түрі
4. Менеджердің 80% -тен астам уақыты қандай жағдайға жұмсалады?
5. Ұйымның мақсаты дегеніміз не?
3. «Өз бизнесімізді бастаймыз» 1 кезеңде көп ұпай жинаған топ өзінің бизнесін бастайды. Яғни 2 кезең Өз бизнесімізді бастаймыз. Әр топ алдын ала өздері қандай кәсіпкерлік түрімен айналысатынан таныстырып өтеді. Өз жобасын ұсынады - «Қазақстанның сувенирлері», «Гүл Бизнесті», «Туристік бизнес» жобаларын ұйымдастырады. Соның ішінде менеджердің қызметі жөнінде толығырақ баяндалады.
Барлық менеджерлер үшін, олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады:
Біріншіден, менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Екіншіден, менеджер ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп, бөледі, қажетті ұйымдық құрылымды құрады, басшы жұмыскерлердің тиісті құрамын іріктейді т.б.
Үшіншіден, менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етіп, адамдармен тығыз байланыс орнатады. Ол ұжымды (коллективті) өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын адамдармен құрады: бұл үшін қолда бар барлық мүмкіндікті-сыйлық беру, наградтау, жоғары қызметке тағайындау шараларын пайдаланады. Менеджер ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тұрақты байланыс орнатады.
Төртіншіден, менеджер ұйымның іс-әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын бағалайды.
Бесіншіден, менеджер адамдардың қызмет жағынан кемелденіп, жоғарылауын қамтамасыз етеді. Адамдардың мамандығының жетілдірілуі де, қызмет жағынан жоғарылап, не төмендеуі де, ұжым бірлігінің нығаюы, не берекесізденуі де менеджер жұмысына байланысты.
Менеджер алдында тұрған барлық проблемаларды біле бермейді, сондықтанда ол «бесаспап данышпан» болуы да мүмкін емес. Оның арнайы еңбек құралы, атап айтқанда ақпараты (информациясы) болады. Менеджер адамдарды жұмысқа ынталандырады, бағыттайды, ұйымдастырады. Оның бірден-бір құралы-жазбаша немесе ауызша сөзі; немесе цифр тілі. Менеджердің жұмысы техникаға, есептеу операцияларына немесе өнім сатуға қатысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиімділігі тыңдау және оқу, айту және жазу қабілеттеріне байланысты. Ол өз ойын басқа біреулердің санасына жеткізе білуі, сондай-ақ басқа адамдардың да пікірін айқындай алуы тиіс.
Менеджерлік шеберліктің маңызды жақтарының бірі-келіссөз жүргізе білуі-әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре білетін өнері болуы тиіс. Мұның өзі әсіресе қарамағындағы адамдарға әкімшілік билік жүргізе алмайтын басшылар үшін де, сондай-ақ сырттан шикізат жеткізушілермен қарым-қатынас орнату үшін де аса қажетті жағдай. Келесі онжылдықтарда нағыз компаниялар көп жағдайда маклерлік фирмаға ұқсайтын болады.
4. «Бизнес – жоспар». Келесі кезеңімізде әр топ өз кәсіпорындарының бизнес – жоспарларын таныстырып өтсін. Қорғауға 5 минут беріледі.
5. Ұйымдастыру жоспары және менеджмент.
Ұйымдастыру жоспары және менеджмент тарауы бизнес-жоспардың негізгі бөлімі болып есептеледі, ол мыналардан тұрады:
• фирманың ұйымдық құрылымы;
• басқару жүйесі;
• еңбек ресурстарын басқару.
6. Рефлексия. Менеджердің +, - жақтарын айтып шығу. Қандай керекті мағлұматтарға ие болдыңыз? Болашақта менеджер боламын деген оқушылар бар ма?
7. Қорытынды шығару.
Еңбегіне қарай-өнбегі «Үздік менеджер», «Тапқыр менеджер», «Дамыған менеджер» номинациясымен топтарды марапаттаймыз.
Үйге тапсырма:
1.4. Ұйым орталығы және әлеуметтік жауапкершілік.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі