Өлең, жыр, ақындар

Реттік сан есім

Сабақтың тақырыбы: Реттік сан есім 
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың сан есімдер туралы білімін кеңейту, реттік сан есімнің жасауы туралы түсінік беру; 
Дамытушылық: сан есімдерге байланысты қызықты граммматикалық тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың ойын дамыту; 
Тәрбиелік: сан есімдерге қатысты халықтық тұрғыдан тәрбие беру. 
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту .
Сабақтың өтілу әдісі: топтау, тірек сызба, топтық жұмыс,ыстық орындық әдісі,
Көрнекілігі: Слайд, кеспе қағаздары, плакаттар, сурет.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика.

ІІ.Үй  тапсырмасын сұрау

133 –жаттығу. Газет-журнал мақалаларынан  есептік сан есім  түрлеріне (дара, күрделі) он мысалдан теріп жазыңдар.

Бағалау

1. Есептік сан есімнің ережесін білуі;

2. Мысалдар келтіре алуы;

3. Ізденуі мен қызығушылығы. 

«Стоп кадр» әдісі

1. Суреттегі қателіктерді тап?

2. Сен бұл жағдайда не істер едің?

3. Осы жіберген қателікті түзету үшін не істеу керек?

ІІІ. Жаңа тақырып

Оқулықпен жұмыс

І топ: 134-жаттығу. Сан есімдерді теріп жазып, реттік сан есімге айналдырыңдар (Арман-ПВ)

ІІ топ: 135-жаттығу. Есептік  сан есімдерден реттік сан есім жасаңдар. (Арман-ПВ)

ІІІ топ:  111-жаттығу. Берілген есептік сан есімдерден  реттік сан есім жасап, оларды сөзбен жаз.

7, 10, 1, 3, 100, 28, 37, 695, 470, 259, 627, 1992, 187, 396, 26

Бағалау

1. Реттік сан есімнің ережесін білуі;

2. Сөйлемдерді құрауда реттік сан есімдерді дұрыс қолдана алуы;

3. Реттік сан есімдердің маңыздылығын дәлелдеуі;


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз