Өлең, жыр, ақындар

А.Байтұрсынов "Аққу, шортан һәм шаян"

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
№24 жалпы орта білім беретін мектебі
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Кульмагамбетова Назира Советовна

Қазақ әдебиеті                                                                    6 сынып

Сабақтың тақырыбы: А.Байтұрсынұлы «Аққу, шортан һәм шаян»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларды қазақ халқының ақыны А.Байтұрсынұлы шығармаларымен таныстыру; әдебиеттің мысал жанры жөнінде сөз қозғап, мысал өлеңнің ерекшелігін айқындау;

ә) дамытушылық: мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын байыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету; қазақ тілінде сөйлеу біліктіліктерін жетілдіру.

б) тәрбиелік: адамгершілікке, ғылым, білімге бейімдеу; бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары

Сабақтың көрнекіліктері: А.Байтұрсыновтың портреті, тақырыпқа байланысты суреттер, тірек сызбалар, семантикалық карта.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  Оқушылармен амандасу, сабаққа даярлығын тексеру.

  • Қазір қай сабақ?
  • Бүгінгі ауа-райы қандай?
  • Сендерге де бүгінгі күндей жақсы көңіл-күй тілеймін.
  1. Үй тапсырмасын тексеру
  1. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айту.
  2. Топтастыру /Абай өлеңінде атап көрсеткен бес асыл іс пен бес дұшпанды негізге ала отырып, өз ойыңды топтастыр.

а)   Бес асыл іс:

     Бес дұшпан:                                

3. Сандар сөйлейді /тірек-сызбаны толтырыңдар/

1945 ж

1904 ж

10 жасында

8 мыңдай

ІІІ.  Сабақтың мақсатымен таныстыру. 1 минут

  • Балалар, біз бүгінгі сабақта қазақтың біртума ұлы А.Байтұрсынұлы шығармаларымен танысамыз. Әдебиеттің мысал жанры жөнінде сөз қозғап, мысал өлеңнің ерекшелігін айқындаймыз. Сондай – ақ қазақ тілінде сөйлеу біліктілігімізді жетілдіреміз.

ІV. Жаңа материалды түсіндіру.  5 минут.

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
  • Бүгінгі сабақтың айдары: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл». – «Легка груз который поднят сообща».
  • Бұл мақалды қалай түсінесіздер?(1 оқушы айтады)
  • Сендер де жұмыла, бірге жұмыс жасау арқылы сабақтың мақсатына жетесіңдер.
  • Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтпек.

 І топ және ІІ топ .

      Сайыс – «Бәйге» ойыны. Қай топ мына кедергілерден жаңылмай өтіп, мәреге жетсе,  бәйгеге тігілген туды алады. Ендеше, іске сәт.

  • Ойынды бастамас бұрын жаңа сабақты түсіндіріп кетейін. Кедергілер сол тақырыпқа байланысты. Ақын аудармашы әрі ғалым  А.Байтұрсынов 1873 ж 28 қаңтарда Торғай облысы, Сарытүбек жерінде туған.                                                                                                            А.Байтұрсынов – қазақ әдебиетінің реформаторы. Қазақ тілінің «Тіл құралы» деген оқулығын жазған ғалым. 1913 жылы «Қазақ» газетін шығарып, редактор болып қызмет істейді. Ақынның өлеңдер жинағы «Маса» деген атпен кітап болып шығады. Ал «Қырық мысал» («Сорок  басен») кітабына ақынның аударма мысалдары енген. Кітап 1909 жылы Санкт –Петербургте шығады. Мысал жанрын ең алғаш қазақ әдебиетіне енгізген ақын – Абай. Ахмет те Абай Құнанбаев сияқты орыс ақындарының мысалдарын қазақ тіліне аударған. Сол арқылы адалдыққа, адамгершілікке, еңбеңқорлыққа тәрбиелеуді көздеген.

                                               Авторы                                            аллегория

                                                                                Мысал                    аллегориялық образдар
                                           Түйінді ойы

                                            (мораль)                                        тәрбиелік мәні 

2. 1 – кедергі. «Бәйге» сұрақтары. 25 минут

- Мысал орысша қалай аталады?

- Мысал жанрын қазақ әдебиетіне алғаш енгізген ақын?

- А. Байтұрсыновтың мысалдар жинағы қалай аталады?

- Кітап қай қалада басылып шықты?

- А. Байтұрсынов кім? (жеңген топ алға жылжиды)

3.  Оқулықпен жұмыс. «Аққу, шортан һәм шаян» Крыловтан аударған аударма мысалымен танысамыз.

а) Сөздік жұмысы:

- Жаңа сөздерді мұғалімнің оқуы;

- оқушыларға оқыту.

     ә) Өлеңді оқу (сурет арқылы көрсете отырып оқу)

4. 2 – кедергі.

- Ал, балалар, іске сәт! 5 минут уақыт беремін, қай топ дұрыс аударар екен.

І топ – І, ІІ шумақ, ІІ топ – ІІІ, IV шумақты оқып, аударады.

- Сонымен, мысал жолдары  бізге түсінікті болды. Ендеше И.А.Крылов мысалының түпнұсқасын тыңдалық (үнтаспа)

- Екі ақынның айтар ойы бірдей ме? Ол қандай ой – (халықты бірлікке, ынтымаққа шақырады). (Топтар алға жылжиды)

5. 3 – кедергі. Өлеңнің тақырыптық – идеялық мазмұнын ашу үшін екі топ семантикалық картаны толтырады.

Тақырыбы

авторы

Жанры

Аллегориялық образдар

Түйінді ой

Тәрбиелік мәні, идеясы

«Аққу, шортан

һәм шаян»

А.Байтұрсынов-

тың Крыловтан аудармасы

Мысал

Аққу, шортан, шаян

Істеген ынтымақсыз ісің оңбас

Татулыққа, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелейді

6. 4 – кедергі.

    - Яғни, ақын бізді осы мысалы арқылы жақсылыққа тәрбиелейді. Сендер де ғалым аталарыңа еліктеп, бірлесе көп жұмыстар атқардыңдар. Еліміздің ертеңі – сендерсіңдер. Ендеше қоғамға қандай адамдар қажет? Сендер қалай ойлайсыңдар?

                                Қоғамға қандай адамдар қажет?

   
   
   

- Мына қасиеттерді оқып, қажеттісін ұяшыққа орналастырыңдар.белгілеңдер. 

Қасиеттері:

  • Еңбекқор – трудолюбивый
  • Әдепсіз – невоспитанный
  • Мейірімді – ласковый
  • Ақылсыз – безумный
  • Надан – безграмотный
  • Дарынды – талантливый
  • Залым –злой
  • Өз Отанын сүйетін патриот
  • Еріншек – лентяй
  • Сауатты – грамотный
  • Білімді – образованный

    - Сендерден де осы қасиеттерді   көремін деп ойлаймын. (жеңіске жеткен топты анықтау, бәйге туын беру)

7. 5 – кедергі. Мақал – мәтелдер

V. Бағалау.

VІ.  Қорытындылау.

Пікір ағашын толтыру. (4 минут)

 - Бүгінгі сабақтан не алдық, не білдік?

VІІ. Үйге тапсырма: А.Байтұрсынов (түсініп оқу)

Мысалдағы түйінді ойды жаттау

Жаңа сөздерді дәптерге жазып, жаттау

Ынтымақ, бірлік, татулық туралы мақал – мәтел жазып кел


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз