Павлодар облысы
Ертіс ауданы, Ынтымақ ауылы
Ынтымақ негізгі жалпы білім беру мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Айтмаганбетова Айнагуль Торшановна
Ескендір дастаны
9-сынып
Мақсаты:
1. Білімділік: Ақын шығармашылығындағы поэманың рөлін анықтау, поэманың сюжеті шығыстық болғанымен, мән-мағынасы Абайдағы өзекті ойдан келіп шыққанын меңгерту;
2. Дамытушылық. Әр оқушыны сын тұрғысынан ойлап қорыта білуге және өз ойын қорғай білуге қол жеткізу;
3. Тәрбиелік. Абай поэмасының тәрбиелік жақтарын терең түсініп, өзіндік ой түюге үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақ көрнекілігі: Электронды оқулық, флипчарттар, оқулық, үлестірмелі карточкалар.
Сабақ әдісі: түсіндіру, талдау, СТО стратегиялары
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, Түстер арқылы топқа бөлу. Назарын сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау:
1. Флипчарттан «Абайдың қара сөздерінің жанрлық және стильдік ерекшеліктері» деген торды толтыру.
2. Оқушыларға кесте таратылады. Қара сөздерге байланысты тиісті жауабын беріп, бір-бірімен алмасып бірін-бірі тексеру.
3. Электронды оқулықтағы тапсырмалар бойынша №7, №4-ті толтыру (қара сөздегі сөздердің орнын табу)
ІІІ Жаңа сабақ :
1. Қызығушылығын ояту: «Нені білеміз?»
2. Мағынаны тану: «Нені білгіміз келеді?»
3. Ой қозғау: «Нені білдік?»
ІҮ Мағынаны тану (INSERT картасы тақтада тұрады)
«Нені білеміз?» |
«Нені білгіміз келеді?» |
«Нені білдік?» |
Мұғалімнің сөзі: Абай атамыз он сегізінші қара сөзінде «...Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!» деген екен. Неге мен Абайдың дәл осы сөзін алды деп ойлайсыңдар. (оқушыларға үйден «Ескендір» поэмасын оқып келуге тапсырма берілген болатын) Оқушылардың жауабы.
Абай «Ескендір» поэмасының сюжетін неміс әдебиетінің көрнекті ғалымы француз Альберт фон Шамиссо Тальмудтан алады. Бұл нәзирагөйлік дәстүрмен жазылған шығарма, аударма емес. Фирдоуси, Низами нұсқаларымен салыстырып айту.
Поэмаға негіз болған оқиғалар шығыс сюжетінен алынған, орта ғасыр тарихымен байланысты. Ескендір – Зұлқұрнайын – Александр Македонский – белгілі қолбасшы болған.
Ү Сергіту сәті. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдау, бейнебаянын көру.
ҮІ Проблемаға шығу. Поэманы үйден оқып келгендіктен, талдау сатысына шығамыз.
- Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не?
(Негізгі тақырыбы Ескендір. Әділдік пен жауыздық арасындағы тартыс)
ҮІІ Оқушыны іздендіру.
1. “FIFA “ кестесін толтыруға нұсқау беру.
F |
І |
F |
А |
|
|
|
|
І топ: Поэмадағы нақты мәліметтерді теріп жазып, сұрақтар құрастыру
ІІ топ: Поэманың идеясын ашып, мазмұнын баяндайды.
ІІІ топ: Ескендір мен Аристотельді Венн диаграммасы арқылы салыстырады.
2 Ескендірдің психологиялық жай-күйін ақын қалай берген? Тауып оқы. (Кітаппен жұмыс) Бұл туралы ойлағанда көз алдыңа не елестейді. (ойталғау, сурет) Ақынға хат жазып көр.
ҮІІ Бекіту. Сұрақ:
1. Абайдың ойынша халықты қандай адамдар басқару керек?
2. Осы поэмадан қандай қорытынды шығаруға болады?
3. Бүгінгі күннің өзекті мәселелерімен байланыстыруға болады ма?
Сабақ соңын поэманың соңында айтылған Абайдың өз сөзімен аяқтағым келеді.
Ақылсыз өзін мақтап былжырайды.
Бойыңа өлшеп сөйлесең, нең құрайды?
Жақсы болсаң жарықты кім көрмейді?
Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?
Балалар сабақ басында сендерге Абайдың он бесінші сөзін мысалға келтіріп, сабақтың не жайында екенін сұрап едім, бүгінгі сабақта сол сұраққа жауап алдық деп ойлайсыңдар ма?
INSERT картасын толтыру
ҮІІІ Бағалау. Бағалау парағын толтыру.
ІХ Үй жұмысы. «Қанағат қарын тойғызар» тақырыбына шағын шығарма жазу
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі