Өлең, жыр, ақындар

Адамның құнды қасиеттері

Жаңаөзен қаласы,  №12 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Джанжигитова Райса

Тақырыбы: Адамның құнды қасиеттері

Мақсаты:

1. Достық, сыйластық туралы пікірлесе отырып оқушылар арасында сезім қалыптастыру. Адамның бойында болатын құнды қасиеттерді   қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу. Адам бойындағы моральдік, этикалық, мінез–құлық ерекшеліктерін ажырата білуге дағдыландыру;

2. Оқушы өз бойындағы қасиеттерді танып білуге, жетілдіруге, өзін-өзі тануға ұмтылу.

3. Адамгершілікке, адал достықты жалған достықтан, әділеттілік пен әділеттсіздікті айыра білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбалар, түрлі түсті қағаз,
Сабақ барысы:  Ұйымдастыру.

 І. «Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы

Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі ...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.

1. Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма?
2. Көршіңіз «Мен сізді көруге қуаныштымын» деген сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдыңыз?

Әдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз құндылықтарымызға назар аудара бермейміз - жан-дүниеміздің құндылықтарына. 

Ойланып көріңізші, сіздің қандай құндылықтарыңыз бар? Сіз өзіңізді ақылды, инабатты, тәрбиелі, парасатты, адамгершілігі, түсінігі мол және т.б. керемет қасиеттерге ие адаммын деп ойлауыңыз мүмкін. Бұның бәрі құнды қасиеттерге жатады.

ІІ. Оқушы аудиториясы не дейді?
Тақырыпты ашу сұрақтары.

Адамның құнды қасиеттеріне не айтар едіңдер?
1) "Дос деген кім?" сауалына сызба арқылы жауап беру. Мен кіммін?

2) Достық дегенді қалай түсінеміз? ( жауапты сурет арқылы бер. Әрбір оқушы өздері салған сурет бойынша түсіндіреді.)

- Менің достарым көп болуы үшін не істеуім керек?
- Мен жақсы, әлде жаман адаммын ба?
- Мен қандай болуым керек?

ІІІ. «Мен жақсы, әлде жаман адаммын ба?» ситуациялық жағдаяттар.

1 – жағдай:

- Сіз үйіңізден маңызды кездесуге бет алғаныңызда, кенеттен телефон шылдырлайды. Телефон шалып тұрған сіздің ең жақын досыңыз, өзінің сәтсіздікке душар болғанын хабарлайды. Сіз не істемексіз, досыңызға көмек беруге ұмтыласыз ба, әлде өз шаруаңызға бет аласыз ба?

2 – жағдай:

- Сізді достарыңыз кешке шақырды. Оған сіздің барғыңыз келіп тұр. Бірақ, ата-анңыз біліп қалса, сіздің пікіріңізді қоштамайтынын анық білесіз. Сонда не істемексіз?

3 – жағдай:

- Сен құраққа дайын емессің, бірақ оның белгілі себептері бар. Мұғалім саған жаман баға қойды. Әділ екеніңді өз тарапыңнан қалай дәлелдер едің?

4 – жағдай (көрініс)

ІҮ. «Адамды әділетті деуге бола ма, егер .......?»

Тексеру тестін жүргізу.

- Сынптағы балалардың бәрі бір балаға жабылып, ызаландырып тиіссе, ........
- Басқалар туралы ешқашан жаман пікір айтпаса, ..........
- Ненің жаман, ненің жақсы екенін айыра білетін болса, ...........
- Әлсізді біреу ренжітіп жатқанда, оған ара түспессе, ..........
- Әрқашан өзінде барды тең бөліссе, ..........
- Жіберген қателігіне лайықты жаза алуға дайын болса, ...........

(Сұрақтарға оқушылар «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді).

Ү. Сергіту.

Үш топтан  бір оқушы шығарып, мақал–мәтел жарысын ұйымдастыру.
1. Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақылын айтар.
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар.

2. Дұшпан біреу болса да көптік етер,
Досың мың болса да аздық етер.

3. Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең.

4. Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.

5. Дос адам артық сұрамайды. Махмұт Қашқари.

6. Дос достың кемшілігін кешіре береді. Жүсіп Баласағұн.

7. Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас. Абай.

8. Екі ердің достығы асулардан асырар.
Екі елдің достығы ғасырлардан асырар. Мұзафар Әлімбаев.

9. Қоссыз қазақ болса да,
Доссыз қазақ болмаған.
 

ҮІ. Бекіту

А) Өз бойымдағы кемшілік қасиеттер. (Параққа жазып, оқып, қоқысқа лақтыру.)

Ә) Досым саған арнаймын… (Бес жол өлең құрастыру)

Б) Тақтадан слайдтан оқу.

Әдеп сақтап әманда,
Әрбір адал адамға
Жасасаң бір жақсылық,
Қайтарады сағанда.
Ынтымаққа қосыл да,
Ықылас қой досыңа.
Ар мақсатың нақ болсын,
Ақылыңнан тосылма.
Жақсы болу өзіңнен,
Мен қандаймын деп ойла
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жамандық көрсең біреуден,
Жаман болу өзіңнен.
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла..

Қорытынды.
Ән: Достарым менің (хормен)


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз